Тәрбие үдерісін ғылыми – әдістемелік қамтамасыздандыру
Қарастырылатын сұрақтар (дәріс жоспары):
1. Сынып жетекшісінің өздігінен білім алуы және оның тиімділігінің шарты.
2. Мектептің педагогикалық Кеңесі мен сынып жетекшісінің семинарлары (сынып жетекшілерінің әдістемелік бірлестігі).
Бүгінгі таңдағы қоғам кәсіби білімі жетік, құзіретті, бәсекеге қабілетті мамандарды талап етеді. Білікті ұстаз, білімді маман болу үшін - әрбір мұғалім өз білімін үздіксіз көтеріп отыруы тиіс.
Білімін тұрақты көтеріп отыру – мұғалімдердің құқықтары әрі міндеттері, білім беру жүйесінің тұрақты дамуының кепілі, мемлекеттің дамуының құралы болып табылады.
Мұғалімнің кәсіби шығармашылығы -оның жан-жақты білімінен ұстаздық шеберлігімен, оқытудың жаңа әдістерін меңгеруімен өлшенеді. Мұғалім қаншалықты білімді, шығармашыл болса, оның білім беру аясы да соғұрлым кең болмақ.
Аталған талаптар мұғалімнің шығармашылық іспен айналысуын қажет етеді. Жаңашыл мұғалім – өзін – өзі дамытып отыратын тұлға. Олай болса «өзін – өзі дамыту немесе жетілдіру» деген не?
Өзін – өзі жетілдіру дегеніміз – өздігінен білім алу, өз бетімен оқу, жетілу процесі болып табылады.
Өздігінен білім алудың мақсаты:
1. Оқу және тәрбие әдістерін жетілдіру және кеңейту мақсатында жалпы педагогикалық және психологиялық білімдерін жетілдіріп, кеңейту;
2. Өз пәнінің саласы бойынша терең білім алу;
3. Озық педагогикалық тәжірибелер мен педагогикалық ғылым жетістіктерін меңгеру;
4. Мұғалімнің жалпы біліктілік, білімділік деңгейін жетілдіру,
5. Әдістемелік тақырыбы мұғалімдердің жұмыс жоспарында ашылуы тиіс
Мұғалімнің өзін – өзі жетілдіруге түрткі болатын мәселелермен қажеттіліктері:
Күнделікті ақпаратпен жұмыстануы. Мысалы ата – аналар жиналысын өткізу, сайыстарға, мектепшілік шараларға қатысу үшін мұғалімде ақпарат іздеуге және жаңа ақпаратты талдауға қажеттілік туындайды;
Шығармашылық шабыты;
Ғылымның қарқынды өсуі;
Қоғамда болып жатқан өзгерістер және оның дамуы;
Бәсекелестік (әріптестер арасындағы бәсекелестік);
Қоғамдық көзқарас , айналасындағы адамдардың осы ұстаз туралы пікірлері;
Материалдық стимул.
Аттестаттау комиссиясының пікірі, санаты, өтемақы немесе марапаттаулар;
Қызығушылық;
Мұғалімнің өздігінен білім алуын және оны жетілдіруді қажет ететін
негізгі бағыттар:
Кәсіптік (пәнді оқыту бойынша);
Психологиялық - педагогикалық (оқушыларды және ата-аналарды бағыттау);
Психологиялық (имидж, пікірлесу, көшбасшылық қасиеті);
Әдістемелік (педагогикалық технологиялар, оқытудың әдіс-тәсілдері, формалары);
Құқықтық;
Эстетикалық;
Тарихи ;
Шет тілдері;
Ақпараттық-компьютерлік технологиялар;
Қызығушылықтары, хоббиі;
Өздігінен білім алу көздері:
- семинарлар мен конференциялар
- шебер сынып
- іс-тәжірибе алмасу бойынша іс-шаралар
- біліктілікті жетілдіру курсы
- ашық сабақтарға қатысу
- экскурсиялар, театрлар, мұражайлар, концерттер, газеттер, журналдар
әдебиет (әдістемелік, ғылыми, көркем)
- интернет және т.б.
Достарыңызбен бөлісу: |