Дәріс тезистері № апта Дәріс тақырыбы және тезистер Сағат көлемі 1 Дәріс 1


Оқыту мен бағалаудың өзара байланысы



бет24/28
Дата22.09.2023
өлшемі133,49 Kb.
#181991
1   ...   20   21   22   23   24   25   26   27   28
Байланысты:
Лекция тезистері

Оқыту мен бағалаудың өзара байланысы. Бағалау оқытудың ажырамас бір бөлігі болып табылады, ол оқу бағдарламасындағы мақсаттармен, күтілетін нәтижелермен тікелей байланысты.

  • Шынайылық, сенімділік және валидтілік. Бағалау дәл және сенімді ақпаратты ұсынады. Қолданылатын критерийлердің, құралдардың оқу мақсаттарына жетуге, күтілетін нәтижелерді бағалайтынына сенімділігі болады.

  • Ашықтық және қолжетімділік. Бағалау түсінікті, айқын ақпараттарды ұсынады, сондай-ақ, барлық оқу үдерісіне қатысушылардың қызығушылығын, жауапкершілігін арттырады.

  • Үздіксіздік. Бағалау білім алушылардың оқу жетістігінің ілгерілеуін дер кезінде және жүйелі қадағалап отыруға мүмкіндік беретін үздіксіз үдеріс болып табылады.

  • Дамуға бағыттау. Бағалау нәтижелері білім алушылардың, мұғалімдердің, мектептің, білім беру саласының даму бағытын анықтайды және ынталандырады.

    Қалыптастырушы бағалау оқу үдерісінің ажырамас бір бөлігі болып табылады, тоқсан барысында мұғалім тарапынан жүйелі өткізіліп отырады. Қалыптастырушы бағалауда баға, балл қойылмайды, мұғалім мен білім алушы арасында үздіксіз кері байланыс қамтамасыз етіледі. Қалыптастырушы бағалау кезінде білім алушылардың қателесуге, оны түзетуге құқығы бар. Бұл білім алушылардың мүмкіндігін анықтауға, қиыншылығын табуға, оң нәтижеге қол жеткізуіне көмектесуге, дер кезінде оқу үдерісін түзетуге мүмкіндік береді.
    Жиынтық бағалау мұғалімдерге, білім алушылар мен ата-аналарға ұсыну үшін оқу бағдарламасындағы бөлім/ортақ тақырыптар бойынша балл, баға қою арқылы белгілі бір оқу кезеңі (тоқсан/триместр, оқу жылы, орта білім беру деңгейі) аяқталғанда өткізіледі.
    Бұл белгілі бір кезеңде оқу бағдарламасы мазмұнын меңгеру деңгейін анықтауға, тіркеуге мүмкіндік береді.
    Қалыптастырушы және жиынтық бағалау нәтижелерін мұғалімдер оқу үдерісін жоспарлау, рефлексия жасау (1-қосымша), өзінің оқыту тәжірибесін жетілдіру үшін қолданады.
    Қалыптастырушы бағалауды жоспарлау, ұйымдастыру бойынша дағдыларды жетілдіру үшін мұғалім:

    • тапсырмаларды қолдана отырып, қалыптастырушы бағалауды қолдану тәсілдерінің санын, сапасын арттыруы;

    • кері байланыс берудің тиімді формаларын қолдануы;

    • қалыптастырушы бағалауды қолдану үдерісін көрсететін сабақ жоспарын құруы;

    • тәжірибені жетілдіру мен рефлексия үшін (білім алушылар жұмысының сапасы; бағалау құралдарының сапасы; білім алушылардың, ұжымның кері байланысы; ата-аналармен әңгімелесу және т.б.) сабаққа талдау жүргізу қажет.

    Күнделікті тәжірибеде білім алушылардың ілгерілеуін, меңгеру деңгейін өлшеу үшін қалыптастырушы бағалаудың түрлі әдістерін қолдануға болады: «Екі жұлдыз, бір тілек», «Қолмен белгі беру», «Бағдаршам», «Жинақтау парақшасының индексі», «Бір минуттық эссе», «Сөйлеу үлгілері», «Үш минуттық үзіліс», «Ауызша бағалау», викториналар, сұрақтар және т.б.
    Қалыптастырушы бағалаудың әдістерін оқу әрекеттерін ұйымдастырудың әр кезеңінде, тақырыпты түсіндіру, тапсырма орындау, білім алушыларға кері байланыс беру кезінде қолдануға болады. Қалыптастырушы бағалаудың әдістерін жеке, жұптық және топтық жұмыстарды ұйымдастыру кезінде де қолдануға болады.
    Жеке жұмыс кезіндегі қалыптастырушы бағалау
    Қалыптастырушы бағалау білім алушылардың оқу әрекеттері нәтижелерін ұғынуға бірден-бір мүмкіндік жасайды.
    Қалыптастырушы бағалау нәтижелерінің талдауы
    Қалыптастырушы бағалауды ұйымдастыру кезіндегі маңызды кезеңдердің бірі – білім алушылар жұмыстарының нәтижелеріне талдау жасау. Мұғалімге барлық оқу үдерісінде бағалау/бақылау нәтижелеріне жүйелі талдау жүргізу ұсынылады.
    Қалыптастырушы бағалау нәтижелеріне талдау жасау білім алушыларда кездесетін қиыншылықтар туралы ақпарат алуға, оның алдын алу шаралары туралы шешім қабылдауға мүмкіндік береді. Мысалы, тексерілген жұмыстардың нәтижесіне талдау жасау:

    • белгілі бір тапсырмалар қиындық тудыратын балалар тобын;

    • бөлім, тақырыптар бойынша қиындықтар туындайтын жеке білім алушыларды;

    • білім алушылар үшін аса күрделі, қиын сұрақтар, тапсырмалар, тақырыптарды айқындап береді.

    Нәтижелерге талдау жасау мұғалімдердің тәжірибесіне оң әсер етуі үшін:

    • әрекет ету мен шешімді талап ететін нақты, маңызды, тәжірибелік бағыттағы мәселелерді анықтау;

    • орындалған тапсырмалар мен нақты мақсаттарға жету үшін талдау жүргізу;

    • талдауда дәйектерді, дәлелдерді негізге алу;

    • шешімнің сыни нұсқаларын қарастыру, яғни, мәселені шешудің жоспарлылығын, баламалылығын (альтернативтілігін), жетістігін, кемшілігін, жақсы және нашар жақтарын талдау;

    • мәселені шешу, кемшілікті жою үшін өз тәжірибесін нақты қалай өзгертуге болатыны туралы іс-әрекеттің толық жоспарын құрастыру;

    • талдау нәтижелерін тіркеуде қысқа, түсінікті стильді ұстану (күнделік, портфолио, мақала, таныстырылымдар және т.б.);

    • ұжымда өз әрекеті нәтижелерімен бөлісу;

    • ұжымға көмектесу, білім алушылардың қажеттілігіне бағыттай отырып, сабақтастықты сақтай отырып жүйелі талдау жүргізу ұсынылады.

    Жиынтық бағалау үдерісі. Жиынтық бағалау белгілі бір оқу кезеңінде оқу бағдарламасының мазмұнын меңгеру деңгейін тіркеу, анықтау үшін жүргізіледі. Тіркеу үдерісі кезінде оқу бағдарламасының мазмұнына сәйкес білім алушылардың білімін, дағдысын көрсететін дәлелдерді жинау жүзеге асырылады. Жиынтық бағалау тоқсан барысында (бөлім/ортақ тақырыптар бойынша жиынтық бағалау), тоқсан соңында (тоқсандық жиынтық бағалау) және білім беру деңгейін аяқтағанда (негізгі орта, жалпы орта) жүргізіледі.
    Жиынтық бағалау бойынша балл/деңгей/баға туралы шешімді мұғалім бағалау критерийлеріне сәйкес қолданады. Сонымен бірге мұғалімге әр білім алушының жұмысы бойынша дұрыс шешім қабылдауы үшін дескрипторлар немесе балл қою кестелері көмектеседі.
    Аталған ақпарат қалыптастырушы бағалаудағы сияқты жоспарлау, түзету, оқу үдерісіне талдау жасау үшін қолданылады. Сонымен бірге мұғалімге әр білім алушының жұмысы бойынша дұрыс шешім қабылдауы үшін дескрипторлар немесе балл қою кестелері көмектеседі.
    Аталған ақпарат қалыптастырушы бағалаудағы сияқты жоспарлау, түзету, оқу үдерісіне талдау жасау үшін қолданылады.


    Достарыңызбен бөлісу:
  • 1   ...   20   21   22   23   24   25   26   27   28




    ©engime.org 2024
    әкімшілігінің қараңыз

        Басты бет