Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия
ұлттық университеті
Пәннің оқу-әдістемелік кешені
Басылым:
бесінші
1.
Сөзжасамдық калька
2.
Семантикалық калька
3.
Фразеологиялық калька
4.
Синтаксистік калька
Дәріс мәтіні
(тезис)
Калька – әлемдегі тіл білімінен орын алған, әлемдік тіл білімінде танылған тілдік құбылыс.
Калька әлемдік тілдерде бар тәсіл.
І.Кеңесбаев, І.Жанұзақовтың «Тіл білімі терминдерінің орысша-қазақша сөздігінде»
калькаға мынадай анықтама берілген: «Бір тілдегі сөз бен сөз тіркестерін я сөз мағынасын
ауыстыру, көшіру, мыс: есімдік – орыс тілінің местоимения сөзінің калькасы» [3].
Қазақ тілі ғалымдарында осы мәселеде аздап болса да өзіндік ерекшелік бары байқалады.
Ө.Айтбаев аударманы терминжасамның бір тәсілі деп қарап, оның ішінде калька мәселесін
талдаған.
Терминология саласының ірі мамандарының бірі Ш.Құрманбайұлы калькалау тәсіліне
мынадай анықтама берген: «
Калькалау
– өзге тілдердің терминдерінің жасалу үлгісі мен
мағынасын пайдалана отырып ұлт тілінде термин жасау болып табылады» [5, 162].
Ш.Құрманбайұлы калькалаудың 4 түрін көрсеткен: «1)
Сөзжасамдық калька
– шет тілі
сөзін әр морфемасы бойынша дәл аудару; 2)
Семантикалық калька
– шет тілі сөзінің
ауыспалы мағынасын алу; 3)
Фразеологиялық калька
– фразеологизмді сөзбе-сөз аудару; 4)
Синтаксистік калька
– кальканың сөз тіркесі түріндегі, сөйлем түріндегі түрі» [5, 163].
Ал шет тілінің ықпалы негізінен аударма кезінде калька күшті көрініс табады. Сондықтан
кальканың екінші белгісі – аудармамен байланыстылығы деп танылды. Кальканың аудармамен
байланысын Ө.Айтбаев өте жақсы дәлелдеген . Оны басқа ғалымдар да дәлелдеген т.б.
Бұған дәлел ретінде көп сериялы терминологиялық сөздіктерде аударылған терминдерді
келтіруге болады. Мысалы, әскери сөздікте мынадай терминдер аударма арқылы жасалған:
«
Адым бас
» – Шагом марш, «
Алға
» – Вперед, «
Арақашықтықты қысқарт
» – Уменшить
дистанцию, «
Артқа бұрыл
» – Кру-гом, «
Артқа бұрыл да – Бас
» – Кругом – марш, «
Бау-ға
» –
На ремень, «
Бауды – босат
» – Ремень – отпустить, «
Бауды тарт
» – Ремень подтянуть,
«
Баяула
» – Ре-же, «
Бір қатарға – Сапқа тұр
» – В одну шеренгу – Становись, «
Бір қатарға –
Саптан
» – В одну шеренгу – Стройся, «
Жарты айналым оң-Ға
» – Пол оборота напра-Во,
«
Жарты айналым сол-Ға
» – Пол оборота нале-Во, «
Жиі адымда
» – Чаще шагай, «
Иық-қа
» –
На пле-чо, «
Қаруды – арқаға
» – Оружие – за спину, «
Қаруды – аяққа
» – Оружие – к ноге,
«
Қаруды бауға
» – Оружие на – ремень, «
Қаруды – иыққа
» – Оружие на – плечо, «
Қаруды –
кеудеге
» – Оружие на грудь, «
Қаруды – Түзет
» – Поправить – оружие т.б.
ЕҰУ Ф 703-08-15. Пәннің оқу-әдістемелік кешені. Бесінші басылым
Достарыңызбен бөлісу: |