Дәріс тезистері №1-дәріс


Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия



Pdf көрінісі
бет34/41
Дата10.09.2023
өлшемі0,93 Mb.
#180608
1   ...   30   31   32   33   34   35   36   37   ...   41
Байланысты:
ДӘРІС (1)

Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия 
ұлттық университеті 
Пәннің оқу-әдістемелік кешені 
Басылым: 
бесінші 
Осы мәселеде термин бір мағыналы болу керек деген талап ерекше орын алады. Ол 
туралы Ш.Құрманбайұлы былай дейді: «
Терминнің бір мағыналылығы. 
Терминнің 
негізінен бір арнаулы сала ішінде ғана бір мағынаны білдіруі, синонимдерінің болмауы. «Бір 
таңбаланушыға – бір таңба, бір таңбаға – бір таңбаланушы» сәйкес келуі керек деген 
қағидаттан туындаған бұл талапты орындауға салалық мамандардың қай-қайсысы да мүдделі. 
Кейде бұл талаптың да орындалмай қалып жататындығын кездестіруге болады» [2. 10-б.]. Оны 
тәжірибе көрсетіп жүр. Тәжірибеде бұл талап көбіне сақталады. 
Талап сақталады деу мүмкін емес. Мәселен, 
құн 
термині экономикада да, заңда да, 
тәжірибеде базарда да қолданылады. Бірақ әр саладағы оның мағынасы әр түрлі. 
Құрылым 
термині энергетика сөздігінде 
структура 
деп аударылса, транспортқа қатысты 
сөздікте 
конструкция 
деп берілген. 
Айналым 
термині тарих сөздігінде 
оборот 
делінсе, 
физкультураға қатысты сөздікте 
циркуляция 
деп, текстильге қатысты сөздікте 
обкат 
деп 
берілген. Сол сияқты 
анықтама 
термині тарих, физкультура сөздіктерінде 
справка 
десе, 
машина жасау философия, математика сөздіктерінде 
определение 
деп берілген. Терминологтар 
анықтама терминін дефиниция мәнінде қолданып жүр. 
Демек, жалпы әдеби тілдегі сөздердің көпмағыналық қасиеті термин сөздерде кездеседі 
және олар әдеби тілдегі көп мағыналы, сөздермен жақтас екені байқалды. 
Синонимия термин үшін қажетсіз саналады. Яғни терминдерде синоним болмау керек 
деген талап бар. Әйтсе де, қазақ терминологиясының терминдерінің де синонимдік қасиеттері 
бар. Термин синонимдердің мағынасында айырмашылық жоқ, термин синонимдер бір 
ұғымды, бір мағынаны білдіреді. 
Термин синонимдердің түрлері мынадай: 1. Қазақ тілінің терминдері мен шетел 
тілдерінің терминдерінің қатар қабаттаса қолдануынан жасалған синонимдер бар. Мысалы, 
Осы санап өткен 
жұрнақтарға 
зер салсақ, барлық сөз табына да қосылып етістік жасайтын 
ортақ 
аффикстер 
бар екені айқындалады [8. 24-б.]. 
Осы мысалдардағы жұрнақ пен аффикс, компонент пен сыңар терминдері синоним 
термин ретінде бірінің орнына бірі қолданылған. 
Қысқарған сөз бен оның толық түрі тілде қатар синоним ретінде қолданылады. Мысалы, 
ЕҚЫҰ – Еуропалық қауіпсіздік және ынтымақтастық ұйымы, ШЫҰ – Шанхай ынтамақтастық 
ұйымы. 
Бұл талдаулар әдеби тіл лексикасындағы семантикалық заңдылықтардың бәрі де 
терминдерге де қатысты екенін дәлелдеді. Өйткені тіл заңдылығы тілдік бірліктерге ортақ. 
Алайда, әр тілдік бірліктің өзіне тән ерекшелігі сақталады. Сондықтан терминдердің өзіне тән 
бірмағыналық қасиеті, толық лексикалық мағынаны білдіруі, терминнің сала мағынасына сай 
келуі, оған мағыналық қайшылықтың терминде болмауы сияқты негізгі талаптар сақталады. 
Көпмағыналық, синонимдік, омонимдік сияқты ерекшеліктер болғанымен, олар негізгі 
мағыналық талапты бұза алмайды. 


ЕҰУ Ф 703-08-15. Пәннің оқу-әдістемелік кешені. Бесінші басылым 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   30   31   32   33   34   35   36   37   ...   41




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет