Дәріс тезистері №1-дәріс


Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия



Pdf көрінісі
бет37/41
Дата10.09.2023
өлшемі0,93 Mb.
#180608
1   ...   33   34   35   36   37   38   39   40   41
Байланысты:
ДӘРІС (1)

Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия 
ұлттық университеті 
Пәннің оқу-әдістемелік кешені 
Басылым: 
бесінші 
Кальканың жасалуына қабылдаушы тілде қажеттілік болуы керек. Кез келген термин 
аударыла бермейді. Мәселен, жоғарыдағы әскери терминдерге елімізде ұлттық армияның 
жасалуы қажеттік туғызды. Сол себепті қазақша жасалған әскери терминдердің мағынасының 
сәйкестігі сақталған. 
Қазақ тілінде Ш.Құрманбайұлы калькалау термин жасау деп, оған мынадай анықтама 
берген: «Калькалау – өзге тілдердің терминдерінің жасалу үлгісі мен мағынасын пайдалана 
отырып, ұлт тілінде термин жасау болып табылады» [5, 162]. 
Калькаларды толық калька, жартылай калька деп бөлу бар. Ол туралы Ш.Құрманбайұлы 
былай дейді: «Егер өзге тілдегі сөз үлгісі жартылай көшірілсе, оны 
жартылай калька
, ал 
тұтастай көшірілсе, онда оны 
толық калька 
дейді» [5, 163]. 
Кальканың бұл түрлеріне мысал келтірейік: жартылай калька: 
атмосфера қабаты, 
атомдық қалдық, бөліну энергиясы, векторлық өріс, газ ағыны, газдық қоспа 
т.б. 
Толық калькаға мысалдар: 
ғалам 
галактика
ғалам айналысы 
вращение галактики
ғарыштық зат 
– космическое вещество, 
қанығу 
насыщение
меншікті жылу 
– узуальная 
теплота, 
өздік жұтылу 
– самопогашение, 
сақталу заңы 
– закон сохранение. 
Калькалау арқылы жасалған терминдер тіліміздегі терминологиялық қордың негізгі бөлігін 
құрайды деуге болатындай. Сондықтан калькалау әдісі терминжасам тәсілдерінде негізгі орын 
алуға тиісті. Бірақ калькаға көбіне жеткілікті көңіл бөлінбейді. 
Тұжырымдар. 
Аудармада қолданылатын терминжасамдық тәсіл – калька. Кальканың 
жасалуына қабылдаушы тілде қажеттілік болуы керек. Кез келген термин аударыла бермейді. 
Калькаларды толық калька, жартылай калька деп бөлу бар. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   33   34   35   36   37   38   39   40   41




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет