ЕҰУ Ф 703-08-15. Пәннің оқу-әдістемелік кешені. Бесінші басылым
Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия
ұлттық университеті
Пәннің оқу-әдістемелік кешені
Басылым:
бесінші
1.
Даниленко В.П. Русская терминология Опыт лингвистического описания. – М., 1977.
2.
Кохлачева В.Н. К соотношению номинативных свойств существительных и образования
терминов. – Терминология и культура речи. М., 1981. – 243 с.
3.
Әлісжанов С. Қазіргі қазақ тіліндегі философия терминдерінің қалыптасу процесі. Филол.
ғыл. канд. .... автореф. – Алматы, 1996. – 24 б.
4.
Искакова С. Қазақ тіліндегі психология терминдері. Филол. ғыл. канд. ... автореф. –
Алматы, 2000. – 25 б.
№9 дәріс
Тақырыбы
: Терминдерге уәждеме болатын сөз таптары
Мақсаты:
Терминжасамдағы
уәждеме мәселесі, терминдерге уәждеме болатын сөз
таптары және қандай дәрежеде атқаратынынын түсіндіру
.
Дәріс жоспары:
1.
Зат есім уәждемелігі
2.Сын есім уәждемелігі
3.Етістік уәждемесі
Дәріс мәтіні
(тезис)
Уәждеме
мәселесі сөзжасам, терминжасамдағы шешілмеген мәселелер тобына
жатады.
Сөзжасам, терминжасамда негізгі бірліктің бірі – лексикалық бірлік уәждеме
қызметін атқарып, туынды сөздің мағынасына негіз болады. Ал
олар белгілі сөз табына
жатады. Осыдан келіп терминжасамға сөз таптарының уәждеме болу мәселесі туындайды.
Тілімізде қай сөз таптарының терминжасамда уәждемелік қызмет атқаратынын және
қандай дәрежеде атқаратынын қарастырайық.
Уәждеме термині соңғы он-он бес жыл маңында ғана қазақ тіл білімінде қолданыла
бастады. Қазақ тіл білімінде
уәждеме мәселесін зерттеп, уәждеме теориясын дамытқан
ғалым Б.Қасым. Туынды сөз жасаудағы уәжділік қатыс теориясын ғалым өзінің «Күрделі
зат атауларының мағыналық құрылымы және сөзжасамдық үлгілері»
деген
монографиясында жасаған [3].
ЕҰУ Ф 703-08-15. Пәннің оқу-әдістемелік кешені. Бесінші басылым
Достарыңызбен бөлісу: