Дәріс тезистері 1-тақырып. Сауат ашу әдістемесінің теориялық негіздері


Кезендер Сауат ашу кезеңінде жүргізілетін тіл дамыту жұмыстарының мазмұны



бет15/23
Дата02.11.2022
өлшемі327,5 Kb.
#156305
1   ...   11   12   13   14   15   16   17   18   ...   23
Байланысты:
Д ріс тезистері 1-та ырып. Сауат ашу дістемесіні теориялы нег
4 5838138647336977161, Доклад, Телескоп, Белок жетіспеушілік мәселелелерін шешудің биотехнология лық әдісі, ИКТ-кодтау, Оқытудағы басқару және көшбасшылық
Кезендер



Сауат ашу кезеңінде жүргізілетін тіл дамыту жұмыстарының мазмұны

1. Әліппеге дейінгі кезең

1. Балалардың байланыстырып сөйлеу дағдыларын байқау, бағалау.
2. Оларға сөйлем, сөз, дыбыс туралы алғашқы түсініктер беру.
3. Сөздік қорларын анықтау
4. Сөйлеу мәнеріндегі кемшіліктерді байқап, есепке алу.

2. Әліппе кезеңі

1. Нақтылы дыбыстарды оқытуды және жазуды меңгертуге байланысты күн ұшырасатын жаңа сөздердін мағыналарын түсіндіріп, олардың белсенді сөздік қорларына енуін қадағалау «сөздік жұмысы»
2. Тілдегі омонимдік, антонимдік, көп мағыналылық құбылыстар туралы алғашқы түсінік беру, олардың қолдану дағдыларын қалыптастыру
3. Оқушылардың жазба тілінің негізін қалыптастыру.
4. Ауызекі байланыстырып сөйлеу дағдыларын жетілдіру.
5. Оқушылардың сөйлеу дағдыларындағы кемшіліктерді (сөйлеу мәнеріндегі, сөз қолданыстарындағы т.б.) бірте-бірте жою бағытында жұмыстар жүргізілу т.б.

3. Әліппеден кейінгі кезең

1. Оқушылардың оқуға және жазуға үйрену барысында алған білімдеріне сүйеніп, олардың ауызекі және байланыстырып сөйлеу дағдыларын жетілдіру.
2. Жазба тілін дамытуға баса назар аудару. Шағын сөйлемдерден құралған мазмұндама, шығарма жаза білуге қол жеткізу.
3. Оқушылардың сөздік қорларының байып, сөздерді орынды қолдана білу дағдыларының қалыптасуын қадағалау.
4. Сөйлеу мәдениеті мен мәнерін жетілдіруге бағытталған жұмыстар т.б.

Көріп отырғанымыздай, сауат ашу кезеңінде оқушылардың тілін дамытуға бағытталып жүргізілетін тіл дамыту жұмыстарының жүйесі мен құрылымы өте күрделі. Бірақ балалардың философиялық және психологиялық қабылдау мүмкіндіктеріне лайық оңтайлы әдіс-тәсілдерді тиіімді қолдана білсек, бұл жұмыстарды жемісті атқарып шығуға болады.






Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   11   12   13   14   15   16   17   18   ...   23




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет