Дәріс тезистері 1-тақырып. Сауат ашу әдістемесінің теориялық негіздері


Глоссарий 1.Бастауыш білім берудің мемлекеттік жалпыға міндетті стандарты



бет23/23
Дата02.11.2022
өлшемі327,5 Kb.
#156305
1   ...   15   16   17   18   19   20   21   22   23
Байланысты:
Д ріс тезистері 1-та ырып. Сауат ашу дістемесіні теориялы нег

Глоссарий



1.Бастауыш білім берудің мемлекеттік жалпыға міндетті стандарты – Қазақстан Республикасындағы жалпы білім беретін мектептің бастауыш сатысының барлық типтеріне ортақ оқушылардың алатын міндетті (минимум) білім деңгейін тағайындайтын құжат.
2. Сауат ашу әдістемесінің жүйесі – белгілі бір мақсат көздейтін, мазмұны, ұйымдастырылуы, ұстанымдары, әдістері мен құралдары анықталған педагогикалық үдеріс.
3. Технология – көздеген нәтиженің орындалу кепілі, нақтылы мақсатқа негізделген болашақ оқу үдерісінің жобасы, сатыланған және тәртіптелген іс-әрекет жүйесі, білім беру стандартының негізгі талаптарына жетудің нақты жолы.
4. Сауат ашу әдістемесін жаңаша жүргізу – мақсаттың басты компонент ретінде танылуы, диагностикаға негізделген болжамды мақсаттар жүйесінің белгіленуі, әдіс-тәсілдердің сұрыпталып алынуы, бақылау жүргізілуі, жоспар емес жоба (ехнологиялық карта) талап етілуі, оқушы іс-әрекетінің алдыңғы қатарда тұруы, мұғалімнің оқушымен субъект ретінде қарым-қатынас жасауы, әрбір сабақтың мұғалімнен жеке шығармашылықты талап етуі.
5. Сабақ жоспары – сабақты тиімді өткізудің, мұғалімнің ойын іске асырудың құралы, шығармашылық ізденістің басы.
6. «Сауат ашу» пәнінің базалық мазмұны - мектепте міндетті түрде оқытылуы тиіс және үздіксіз білім берудің келесі сатылары мен деңгейлерінде оқуды жалғастыру үшін жеткілікті болатын оқу пәні мазмұнының құрамы мен құрылымының тізбесі.
7. Дыбыстық талдау-жинақтау – сауат ашудың негізгі әдістерінің бірі.
8. Кеспе әліппе – әріптерден буын, сөз, сөйлем құратып, оларды талдатып, оқып-үйретуге арналған Әліппе оқулығына қосымша көрнекі құрал.
9. Диктант – орфографиялық дағды қалыптастырудың негізгі бір жолы.
10. Интонация – сөйлеу сазы. Ол сөйлеудің ритмі мен үнін, дауыстың бірде жоғарылап, бірде төмендеуін білдіреді.
11. Синтагма – сөйлемді айтқанда я оқығанда оның ішіндегі сөздердің интонация мен мағынасына, айтылу ырғағына қарай өзара топ-топқа бөлінуі.
12. Кідіріс (пауза) – сөйлеуді сөйлемге, сөйлемді синтагмаға, синтагманы сөзге ажыратып, ара жігін көрсету үшін қолданылатын интонация элементі.
13. Жанр түрлері – әңгіме, ертегі, өлең, мысал, мақал-мәтел, шешендік сөз, аңыз.
14. Сабақ- оқушылардың әрекетін ұйымдастыру формасының негізгі түрі.
15. Каллиграфия – таза, көркем жазу.



Ф ҚазҰПУ 703-10-11. Пәннің оқу-әдістемелік кешені. Үшінші басылым.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   15   16   17   18   19   20   21   22   23




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет