Дәріс тезистері 1-тақырып. Сауат ашу әдістемесінің теориялық негіздері


Сауат ашу әдістемесінің қалыптасуы мен дамуы



бет2/23
Дата02.11.2022
өлшемі327,5 Kb.
#156305
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   23
Байланысты:
Д ріс тезистері 1-та ырып. Сауат ашу дістемесіні теориялы нег

Сауат ашу әдістемесінің қалыптасуы мен дамуы
Сауат ашу әдістемесі – кештеу қолға алынып, кенжелеу дамыған ғылымның бірі. Оның ғылым ретіндегі қалыптасуының негізі А.Байтұрсынұлының есімімен байланысты. Сауат ашу әдістемесін арнайы зерттемесе де, Т.Шонанұлы, Ж.Аймауытов, М.Жұмабаев еңбектерінің де жас ғылымның бұғанасының қатаюына үлес қосқаны даусыз.
Кейінірек қазақ тілін оқыту әдістемесін зерттеушілер Қ.Жұбанов, Ғ.Бегалиев, С.Жиенбаев, Ш.Сарыбаев, И.Ұйықбаев өз еңбектерінде бұл мәселеге тоқталып, үлкен мән бергенін атау орынды.
Қазақ бастауыш мектебіндегі сауат ашу әдістемесін алғаш жазған ғалым – М.Қ.Жұбанова. Оған ғалымның 1965 жылы «Мектепте сауат ашудың методикасы» деген тақырыпта кандидаттық диссертация қорғауы дәлел. Ғалым С.Рахметова «Қазақ тілін оқыту методикасы», «Қазақ тілін оқыту әдістемесі», «Қазақ тілі әдістемесінің теориясы мен технологиясы»оқу құралдарында сауат ашу әдістемесін арнайы бөлім ретінде қарастырады. Сауат ашу әдістемесі бүгінгі күндері жаңа бағыттағы еңбектермен (Жұмабаева Ә.Е., Молдабекова Н.) толыға түсуде.
Ендеше сауат ашу әдістемесінің даму кезеңдерін 1912-1940 жылдар, 1940-1965 жылдар, 1965-1997 жылдар және қазіргі кезге дейін деп бөліп қарастыруға болады.
Сауат ашу әдістемесінің лингвистикалық, педагогикалық және психофизиологиялық негіздері
Сауат ашу әдістемесінің ғылыми негіздерінің бірі лингвистика (тіл білімі) болып табылады. Соның ішінде, әсіресе, фонетиканың рөлі ерекше. Өйткені тіл дыбыстары – әрбір тілдің өмір сүруінің тәсілі. Егер сөздер – дыбыстардың тіркесі ретінде айтылмаса, онда тілдің өзі: 1) қатынас құралы, 2) пікір алысу құралы, 3) танымдық құрал, 4) ойлау құралы болмас еді [4, 15].
Сауат ашу кезеңінде оқушылардың лингвистикалық түсініктерді білу талап етілмейтіні белгілі. Бұл кезде барлық назар балаларға дыбыстарды танытуды, оқуға және жазуға үйретіп, олардың ауызекі және жазу тілін дамытуға аударылады. Сондықтан бала «дыбыс», «әріп», «буын», «сөз тіркесі», «сөйлем», «мәтін» деген сияқты лингвистикалық ұғымдардың мәнін ұғынуға мәжбүр болады.
Бұл аталған тілдік единицалар туралы, алдымен, мұғалімнің толық мағлұматы болуы керек. Сөйлем туралы айтпас бұрын, сөйлеу туралы айқтан жөн.
«Адам сөйлегенде, біреумен сөйлескенде, тыңдаушыға белгілі ойды білдіру үшін я бір нәрсе туралы білу үшін сөйлейді: сондықтан сөйлеу айналадағы заттар, құбылыстар, адам өміріндегі әрекет, тіршілік, өндіріс туралы болады», - деді профессор Н.Сауранбаев. шынында да, заттарды, жаратылыстағы, қоғам өміріндегі құбылыстарды, адам өміріндегі әрекет, тіршілік т.б. білу, білдіру туралы айтылған ой, яғни өзара байланысты сөйлемдер тобы сөлеу болады сөйлеу бірнеше сөйлемнен тұрады, өйткені сөйлеуші бірдеме туралы сөйлегенде, ол жайындағы айтылатын ойлардың жігін ажыратып саралап айтады. Мысалы, Қыс түсті. Күн суытты. Жерде қар жатыр. Өзенде су қатты. Балалар шанамен сырғанап жүр. Бұл сөйлеуде бірнеше сөйлем бар екені іс жүзілік тұрғыдан танытылады. Ол үшін бұл сөйлемдердің әрқайсысы айрықша дауыс ырғағымен бөлініп айтылады да, олардың қандай ойды білдіретіндігі түсіндіріледі.
Адамның психикасы ақыл, сезім және ерік қызметтерінің түрліше формаларынан көрінетіндіктен, оны психофизиологиялық процесс деп атайды. Дүние тануға қажет ақыл-ой қызметі үшін түйсік пен қабылдау, ес пен ойлау, сезім мен қиял, зейін мен еріктің үлкен мәні бар. баланың қуануы, шаттануы, қиялдануы, ренжуі, ашулануы, жылауы, сөйлеуі – осылардың бәрі баланың әлеуметтік өмір тіршілігіне байланысты ішкі дүниесін, психикасын сипаттайды. Баланың нәзік, өскелең табиғатына жарасымды әдептілік, адамгершілік, естілік сияқты қасиеттер оның өсетін ортасындағы тәлім-тәрбиенің арқасында және қайшылықтарды жеңу үстінде қалыптасады, өйткені психикалық дамудың өзі баланың ұмтылуы мен оған жету жолындағы мүмкіндіктерінің арасындағы қайшылықтардың салдарынан туады (мысалы, ми қабығында болатын қозу мен тежелу, механикалық ес пен логикалық ес, ескі білім мен жаңа білім т.б.).
Мектеп табалдырығын жаңа аттаған баланың зейіні тұрақсыз болатыны белгілі. Қабылдауға қиын нәрседен, ұзақ сонар әңгімеден немесе жұмыстан бала зейіні тез шаршайды. Оны шаршатпай, баланың сабақтағы тапсырмаға зейінін ұзағырақ аударуға бірте-бірте тәрбиелеу – сауат ашу кезеңіндегі қиын міндеттерінің бірі. Сондықтан оқудың алғашқы күнінен бастап-ақ балаларды тыңдай білуге, оңай тапсырмаларды дәл орындап жүруге үйрету керек. Бұлардың зейіндері заттарды бақылай білу, олармен жұмыс жасау арқылы тәрбиеленеді. Балалар суреттерді көргенде, әңгіме, ертегі тыңдағанда зейіннің тұрақтылығы арта түседі. Сабақтарда пайдаланылатын ойын элементтерін, іс-әрекеттің нәтижелі түрлерін, іс-әрекет формаларын жиі өзгерту балалар зейінін шаршатпай, бірте-бірте тұрақтылыққа тәрбиелеуге көмектеседі.
Сауат ашу барысында оқу-тәрбие жұмыстарын ұйымдастыру тұсында ескеруге тиіс тағы бір психологиялық міндет – оқушылардың есте сақтау қабілетін дамыту. Естің адам өмірінде алатын орнын, балалардың таным процесінде атқаратын рөлін психолог ғалымдардың бәрі ерекше атап өткен.
Сауат ашу барысында тіл дамыту жұмыстарына қатысты үшінші психологиялық ерекшелік – балалар психикасындағы ойлау машығын дамыту болып табылады. Оқушылар енді тек өздері бұрын көрген немесе бірнеше рет қайталанған үйреншікті ұғымдарды сөз түрінде қабылдап қоймай, өздері бұрын көрмеген дүниелер мен қимылдардың атауларын, сапаларын т.б. білдіретін сөздерді оқуды және жазуды меңгеріп, естерінде сақтауға мәжбүр болады, әрі мұндай сөздер әр сабақ сайын кездеседі.
Тағы бір психологиялық ерекшелік – балалар қиялының қуатын пайдалану. Кіші жастағы балалардың қиялы бай болатыны белгілі.
Психикалық даму дегеніміз – жалпы алғанда, адамның қалыптасуындағы сапалық және сандық өзгерістер, ал жекелеп алғанда, анатомиялық-физиологиялық есею, нерв жүйесінің жетілуі, білімнің артуы, сезім мен моральдық ұғымдардың пайда болуы, психикалық процестердің қайта құрылуы, дүниеге көзқарастың қалыптасуы, белсенділік пен өзінше әрекет етудің көрінісі, белгілі бір мінез-құлыққа дағдылану.
Адамның психикалық қабілеті сезім мүшелеріне сыртқы дүниенің ықпал етуі арқылы, сезім мүшелерін жаттықтыру арқылы дамиды. Мектепке алғаш келген бала ежелеп оқиды, оның көру аумағында бір ғана әріп тұрады, көбінесе қайта-қайта бұрын оқыған әрпіне көз жүгіртіп отырады, әрбір әріпке жекелеп көз тоқтатады, «оқу айсағы» тар болады. Осының салдарынан олардың оқығанды түсіну дәрежесі де төмен. Ал әріпті тану дағдысының қалыптасып жетілуімен қабат баланың «көру, оқу аймағы» кеңейіп, ол бірте-бірте буындап оқуға, онан әрі тұтас сөзді оқуға дағдылана бастайды. Мұндай дағдыға ие болу балаға оп-оңайға түспейді, ол көп күш-жігерін жұмсайды, мұнда әсіресе зейін мен еркі үлкен рөл атқарады. Осының барысында зейін мен еріктің төзімділік қасиеті жаттыға түседі.
Сауат ашу кезінде бала бар зейінін жеке әріптерді, буындарды қосып оқуғы жұмсайды да, сөздердің арасындағы байланыстарға зер салмайды. Сол себепті олардың түсініп оқудан гөрі механикалық оқуы басым болады.
Балаға қойылатын талап пен сол талапты орындай алу мүмкіншілігі арасында да көптеген қиындықтар, кедергілер мен қайшылықтар кездесетіні белгілі. Бала өзін ересек адам етіп көрсетуге тырысады, олардың көпшілігі өзін асыра бағалайды, бірақ оның ақыл-ой өрісі, білімі немесе тәжірибесінің аздығы оған кедергі болады. Сонымен қатар бала ішкі қиыншылықтардан басқа сыртқы қиыншылықтарға да кездеседі. Мысалы, әлеуметтік орта баладан мәдениетті, әдепті, сыпайы мінез-құлықты талап етеді, ал олар мұндай мінез-құлыққа дағдыланып жетпеген. Осы қайшылықтарды жеңу жолында да оған көптеген қиындықтар кездеседі.




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   23




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет