Өзiн-өзi тану сабағының жоспары
Мектеп Балтасап НМ Мерзiмі № 11 сабақ
Сабақтың тақырыбы: Менің достарым. Құндылық:дұрыс әрекет
Қасиеттері: түсіністікке, сыйластыққа, адалдыққа
Мұғалімі:Атыгулова Анар Самархановна Сынып 1 Оқушылар саны
Мақсаты: Оқушыларға адам өміріндегі достықтың маңыздылығын ұғындыру арқылы дұрыс әрекет құндылығының мәнін ашу.
Міндеттері:
Білімділік:оқушыларға достық ұғымының мәнін түсіндіре отырып, сыйластық қасиеті туралы түсінік беру.
Дамытушылық:оқушыларды өзара сыйластықпен қарым-қатынас жасауға баулу арқылы түсіністік қасиетін дамыту.
Тәрбиелік:оқушыларды достық жолында өзара түсіністікке, сыйластыққа, адалдыққа тәрбиелеу.
|
Ресурстар:оқулық, дәптер, , ән мәтіні
|
Сабақтың барысы: 1Ұйымдастыру кезеңi.
Оқушылармен амандасып, «Өзін- өзі тану» сабағының ережесін «5-Т» қайталап, сабаққа қатысқандары үшін әр балаға 20 ұпайдан беремін. Оқушылардың оқу құралдарын «5 затты» тексеріп, ұпайларын түгендейміз.
Тыныштық сәтi.
Нұрға бөлелеу
Рахмет.
|
|
2. Дәйексөз « Жақсымен дос болсаң, жетерсін мұратқа» дәйексөзді ұлдар, қыздар жеке оқиды. Сыныппен барлығы бірге оқиды.
1. «Жақсы жолдас» деп қандай адамды айтамыз?
2. Мұратқа жету мағнасын ашу.
|
|
3.Үй тапырмасы бірге оқимыз «Достар»
1.Адамға дос не үшін қажет деп ойлайсыңдар?
2.Қандай адамдар бір-бірімен дос бола алады.?
3.Досыңның бойында қандай қасиеттерді көргің келеді ?
|
|
4.Жақсылық жасайық.
1тапсырма.Сұрақтарға жауап бер.
-Досыңның бойында қандай қасиеттерді көргің келеді?
-Өз бойыңда нағыз досқа тән қандай қасиеттер бар?
2.тапсырма.Жағдаятты шешу.
Дарқан дәулетті, бай адамның баласы. Өзі сондай ақкөңіл.Достары көп. Дарқан достарынан ештене аямайды. Әке- шешесінің берген ақшасына балаларға балмұздақ әпереді,ойыншықтар сыйлайды.Кенеттен Дарқанның ата-анасының жұмыстары қиындыққа ұшырап,олар ақшадан тарлық коріп жүреді.Дарқанда достарын сыйлыққа кенелте алмай жүр.Оның достары біртіндеп алыстай бастады.
Еген сендер Дарханның достарының орнында болсаңдар :
А) Дорханмен досссыңдар, алайда немқұрайлық қарым-қатынас жасайсыңдар.
Ә)Дарханмен дұрыс қарым-қатынасты мүлдем үзесіңдер.
Б)Дарханға көмек қолын созып, бұрынғыша дос бола бересіздер.
|
|
. 5.Топпен ән айту, «Дос болайық бәріміз».Өлеңін жазған Хасенхан Талғаров , сөзін жазған Ибрагим Нүсіпбаев..
|
|
6. Үй тапсырмасы: Құмырысқа. Ертегісін оқып келу.
|
|
7.Соңғы тыныштық сәтi.
Риясыз сүйіспеншілік –асыл құндылық. Сүйіспеншілік адамнан адамға берілетін қуат.Адамның шынайылығыоның ақ ниеті, таза ойы,жылы сөзі және игі ісінен көрінеді.Риясыз сүйіспеншілікпен қызмет ету-әрбір адамның парызы.Риясыз сүйіспеншілік –адамға берілген сый.
|
|
Өзiн-өзi тану сабағының жоспары
Мектеп Балтасап НМ Мерзiмі № 12 сабақ
Сабақтың тақырыбы: Менің достарым. Құндылық:дұрыс әрекет
Қасиеттері: түсіністікке, сыйластыққа, адалдыққа
Мұғалімі:Атыгулова Анар Самархановна Сынып 1 Оқушылар саны
Мақсаты: Оқушыларға адам өміріндегі достықтың маңыздылығын ұғындыру арқылы дұрыс әрекет құндылығының мәнін ашу.
Міндеттері:
Білімділік:оқушыларға достық ұғымының мәнін түсіндіре отырып, сыйластық қасиеті туралы түсінік беру.
Дамытушылық:оқушыларды өзара сыйластықпен қарым-қатынас жасауға баулу арқылы түсіністік қасиетін дамыту.
Тәрбиелік:оқушыларды достық жолында өзара түсіністікке, сыйластыққа, адалдыққа тәрбиелеу.
|
Ресурстар:оқулық, дәптер, , ән мәтіні
|
Сабақтың барысы: 1Ұйымдастыру кезеңi.
Оқушылармен амандасып, «Өзін- өзі тану» сабағының ережесін «5-Т» қайталап, сабаққа қатысқандары үшін әр балаға 20 ұпайдан беремін. Оқушылардың оқу құралдарын «5 затты» тексеріп, ұпайларын түгендейміз.
Тыныштық сәтi.
Нұрға бөлелеу
Рахмет.
|
|
2. Дәйексөз « Жақсымен дос болсаң, жетерсін мұратқа» дәйексөзді ұлдар, қыздар жеке оқиды. Сыныппен барлығы бірге оқиды.
1. «Жақсы жолдас» деп қандай адамды айтамыз?
2. Мұратқа жету мағнасын ашу.
|
|
3.Үй тапырмасы бірге оқимыз «Құмырсқа »
1.Кәрі құмырсқаның айтқанын қалай түсінесіңдер?
2.Ара мен қоңғызды нағыз достар деп айтуға болама? Неліктен?
3.Оларда доқа тән қандай қасиеттер болмады ?
4.Достарың көмек сұраса, өздерің не істер едіңдер?
|
|
Жаңаны білеміз.
Достық сүйіспеншіліктен туындайды.Нағыз достар бір-бірін жақсы түсінеді, сыйлайды.Бір-біріне қолдау көрсетеді, жанашырлық танытады, қөмек қолын созады.Дос болу дегеніміз – адамдардың бір-біріне шынайы тілектестігі, рыясыз сүйіспеншілігі.
|
|
. 5.Топпен ән айту. «Дос болайық бәріміз».Өлеңін жазған Хасенхан Талғаров , сөзін жазған Ибрагим Нүсіпбаев..
|
|
6. Үй тапсырмасы: .Жай бір адам. Василий Сухомлинский оқып келу.
|
|
7.Соңғы тыныштық сәтi.
Риясыз сүйіспеншілік –асыл құндылық. Сүйіспеншілік адамнан адамға берілетін қуат.Адамның шынайылығыоның ақ ниеті, таза ойы,жылы сөзі және игі ісінен көрінеді.Риясыз сүйіспеншілікпен қызмет ету-әрбір адамның парызы.Риясыз сүйіспеншілік –адамға берілген сый.
|
|
Достарыңызбен бөлісу: |