Дәріс тезистері 1-тақырып. Сауат ашу әдістемесінің теориялық негіздері


Білім алушылардың өзіндік жұмыстарын ұйымдастыру және басқаруға арналған материалдар



бет19/23
Дата02.11.2022
өлшемі327,5 Kb.
#156305
1   ...   15   16   17   18   19   20   21   22   23
Байланысты:
Д ріс тезистері 1-та ырып. Сауат ашу дістемесіні теориялы нег

8 Білім алушылардың өзіндік жұмыстарын ұйымдастыру және басқаруға арналған материалдар
8.1 СОӨЖ-ге арналған тапсырмалар

1 Сауат ашу әдістемесінің теориялық негіздері.


1. Сауат ашу әдістемесінің ғылым ретіндегі негізгі белгілерін айқындау.
2. Оқушылардың жас ерекшеліктеріне қарай сауат ашу сабағына қойылатын психологиялық-педагогикалық талаптарды саралау.
3. Бастауыш мектептегі сауат ашудың білім мазмұнымен танысу, бағдарлама мен оқулықтардың құрылымы мен мазмұнын талдау.
2 Сауат ашу үдерісі.
1. Сауат ашудағы дамыта оқыту сабақтарының құрылымына талдау жасау.
2. Сауат ашу сабағына дайындық және жоспарлау.
3. Сауат ашу сабақтарын ұйымдастыру және оқушылардың өзіндік әрекетіне жетекшілік жасау.
3 Сауат ашу әдісі.
1. Сауат ашу әдістері мен қазіргі технологияларына нақты мысалдар арқылы жан-жақты сипаттама беру.
2. Дыбыстық талдау-жинақтау әдісіне талдау жасау.
3. Бастапқы оқуды қалыптастыру (буындап оқу, тұтас сөзді дауысты дыбысқа бағыттай оқу) әдістемесін көрсету.
4 Жазуға үйрету әдістемесі.
1. Жазуға үйрету әдіс-тәсілдерін талдау.
2. Оқушылардың каллиграфиялық талапқа сай жазу дағдыларын қалыптастыру жайы туралы түсіндіру.
3. Көркем жазуға үйрету әдіс-тәсілдерін талдау.
5 Сауат ашу кезеңінде жүргізілетін тіл дамыту жұмыстары.
1. «Әліппе» оқулығы мен ОӘК-ні тіл дамыту тұрғысынан талдау жасау.
2. Сауат ашудың әр кезеңінде тіл дамыту жұмыстарын жүргізудің ерекшеліктерін айқындау.
3. Оқушылардың тілін дамыту жұмыстарын мысалмен дәлелдеу.



    1. СӨЖ-ге арналған тапсырмалар

1 Сауат ашу әдістемесінің теориялық негіздері.
1. Сауат ашу әдістемесінің зерттелу тарихына шолу жасап, конспектілеу.
2. М.Жұбанова, Ә.Жұмабаева, Н.Молдабековалардың сауат ашу әдістемесіне арналған зерттеу еңбектеріне жазбаша шолу жасау.
2 Сауат ашу үдерісі.
1. Сауат ашу әдістемесінің дамуы, қазіргі проблемалары туралы еңбектерді оқып, конспектілеу.
2. С.Рахметованың «Қазақ тілі әдістемесінің теориясы мен технологиясы» оқу құралынан «Сауат ашу әдістемесі» бөлімінің алғашқы 5 тақырыбын конспектілеу.
3 Сауат ашу әдісі
1. «Сауат ашу технологиясының талаптары» тақырыбына реферат дайындау.
2. «Сауат ашудың» мазмұнын белгілейтін мемлекеттік құжаттарды (стандарт, бағ-дарлама, оқулық) талдап, кестеге түсіру.
3. Сауат ашуды дамыта оқытудың сабақ құрылымы үлгісін құрастырып жазу.
4 Жазуға үйрету әдістемесі
1. «Жазуға үйретудің психологиялық-педа-гогикалық негіздері» тақырыбына реферат дайындау.
2. Әр қайсысы 4 қатардан тұратын 42 әріптің бас және кіші әріптерін, соларға қатысты сөздер мен сөйлемдерді каллиграфияны сақтап бір дәптерге жазып өткізу.
3. Жазу дәптерлеріне сипаттама жазу.
5 Сауат ашу кезеңінде жүргізілетін тіл дамыту жұмыстары
1. Сауат ашу кезеңдері бойынша жүргізілетін тіл дамыту жұмыстары түрлерін кестеге түсіру.
2. Сауат ашу кезеңінде қолданылатын дидактикалық материалдар мен шығармашылық жұмыстарды көрсету.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   15   16   17   18   19   20   21   22   23




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет