Тест тапсырмалары және сұрақтар:
1. Биологиялық оптимумды ата:
A Биотикалық факторлардың
B Абиотикалық факторлардың
C +Барлық факторлардың
D Антропогендік факторлардың
E Антропогендік биотикалық факторлардың
2. Белгілі генетикалық шектіктердегі бейімдеуші өзгергіштікті ата.
A Реакция нормасы
B Баламалы өзгергіштік
C Мутация
D +Комбинативті өзгергіштік
E Тұқым қуалаушы өзгергіштік
3. Адамның шығу тегін, тарихи даму кезеңдерін, нәсілдік ерекшеліктерін зерттейтін ғылым саласы.
A +Антропология
B Валеология
C Экология
D Зоология
E Микробиология
4. Антропогенездің биологиялық факторын тап:
A Топтасып тіршілік ету
B Еңбек құралдарын жасау
C +Тіршілік үшін күрес
D Қоғам мүшелеріне қамқорлық
E Табиғи сұрыпталу
5. Жасушада фотосинтез процесіне қатысатын:
A Митохондрия
B Эндоплазмалық тор
C Голдьжи жиынтығы
D + Хлоропластар
E Ядро
Адам мен жануарларда болатын ортақ белгілер
Адамдардың тарихи дамуының кезеңдері
Ертедегі адамдар және олардың ерекшелігі
Кроманьон адамдары кайда табылған
Адамның шығу тегі жайлы эволюциялық теориялар
|
2
|
№13
дәріс
|
Тақырыбы: Ағзалардың ортамен қарым қатынасы
Қарастырылатын сұрақтар (дәріс жоспары):
1.Абиотикалық факторлар әсері
2. Биотикалық факторлар
3. Антропогендік факторлар
Дәрістің қысқаша мазмұны: Экология деген сөзді ғылымға алғаш рет енгізген көрнекті неміс ғалымы Эрнест Геккель (1866). “Экология” сөзі гректің “оіkos” сөзі- нен алынған, қоныс, мекен еткен жер", “тұратын үй” деген мағына- ларды білдіреді. Геккельдің пікірі бойынша экология ғылымы тірі ағзалардын бір-бірімен өзара қарым-қатынасын және олардың айналадағы табиғи орта жағдайларымен байланысын зерттейді. Тірі ағзалардың таралуы негізінен экологиялық жағдайларға тікелей тәуелді болады. Экологиялық факторлардың жеке дара ерекшеліктеріне байланысты олардың үш тобын ажыратады.
|
Достарыңызбен бөлісу: |