Отбасықақтығысын жою. Екінші кезеңде психотерапевт отбасы мүшелерімен бір жақты кездесуде отбасы қақтығысын анықтау және оның шығуы мен қайнар көзін табады. Психотерапевт пен отбасы мүшелері арасында тепе-теңдік байланыс орнату нәтижесінде, қақтығысқа қатысушылардың эмоционалды деңгейін төмендетуге және жоюға болады. Психотерапевт қақтығысқа қатысушыларға бәріне бірдей түсінікті тілде сөйлеуге үйретеді. Сондай-ақ өзіне делдалдық қызметті алып, қақтығыс туралы бірінен алынған ақпарат көлемін келісу рұқсаты арқылы екіншісіне жеткізіп отырады. Бейвербалды (Бейвербальді қатынас өрісіне ым –ишара, мимика және адамның басқа да қимыл әрекеттері, даусы және дауыс қарқыны, түр, бет - әлпетін сәндеуі жатады) құрамда алынған ақпаратты психотерапевт отбасылық терапияда «робот-манипулятор» тәсілін қолдана қарама-қайшылық туғызатын хабарды ым-ишарада көрсете отырып, сезім мен төзімділік ым-ишарасын да байланыстыра өтеді. Отбасылық терапияның осы кезеңінде психотерапиялық жетекші әдістерге жататындар: директивке (тапсырма) жатпайтын психотерапия, жеке тұлғада қатынасқа байланысты саналы меңгермеген тұстары вербалды түрге мақсатталған, отбасы мүшелерінің бір-біріне өзара әсер етуіне арнайы құрастырылған әдістер жатады.