Тәрбие құралдары
- дегеніміз арнайы тәрбиелік міндеттерді шешуге
арналған, мақсат кӛзделіп ұйымдастырылған методикалық жолдар.
Ал,
тәрбие тәсілдері
педагогикалық ситуацияға байланысты жеке тәрбие
әдісі, тәрбие тәсілі ретінде қолданылады.
Тәрбие тәсілі
- тәрбие әдісінің жеке бір бӛлігі. Ал нақтылы жағдайда
тәрбие тәсілі, тәрбие әдісінің әрекетін, қажеттілігін, тәрбиелік мәнін
айқындайды.
Педагогикалық процесс барысында тәрбие тәсілі тәрбие әдісіне тәуелді
болады. Мәселен, бірінші сынып оқушысына мұғалім мінез-құлық ережесін,
жолдастарымен қарым-қатынас жасау ережесін, үйде, мектепте, қоғамдық
орындарда ӛзін тәрбиелі ұстау ережесін үйрету керек. Мұғалім бірінші күннен-
ақ мектеп, сынып, парта, кітап, спорт зал т.б. таныстырып, пайдалану, жүру,
шығу, отыру т.б. ережелерді үйрете бастайды. Әр оқушы мұны әртүрлі
орындайды. Нақтылы педагогикалық ситуация болған жағдайда тәрбие әдісі
мен тәсілі бірін-бірі алмастыра да алады.
Кейбір педагогикалық мәселені шешуде тәрбие тәсілін тәрбие әдісі ретінде
қолдануға болады.
Мәселен, әңгіме - ол адамның кӛзқарасы мен сенімін қалыптастыру
әдісінің негізгі бір құрамды бӛлігі болып есептеледі. Сонымен бірге үйрету,
жаттығу, әдістерін жүзеге асырудың кейбір кезеңдерінде әңгіме методикалық
тәсіл ретінде қолданылады.
Тәрбие әдісінің ӛз алдына жеке бір бӛлігіне тәрбие құралдары жатады.
Тәрбие құралдарына әр салалы іс-әрекет түрлері (ойын, оқу, еңбек, ӛнер,
спорт т.б.), сонымен қатар педагогикалық жұмысқа қажетті материалдық және
рухани шығармалар, заттар жиынтығы, (кӛрнекі құралдар, саяси, кӛркем және
кӛпшілікке арналған ғылыми әдебиеттер, бейнелеу ӛнері, музыкалық
шығармалар, кӛпшілік акпарат құралдары т.б.) жатады.
Тәрбие әдісінің тиімді болуы барлық әдістердің, тәсілдердің, құралдардың,
тәрбие процесін ұйымдастыру формаларының ӛзара байланыстылығымен
анықталады. Сонымен бірге мұғалім балалардың жеке-дара типологиялық
ерекшеліктері мен тәрбиелік дәрежесін және баланың қандай нақтылы
педагогикалық ситуацияда болғанын ескеріп, тәрбие әдісін қолдануына
тәрбиенің нәтижелі болуы тікелей байланысты.
Барлық тәрбие әдістері бірін-бірі толықтырып, ықпал етудің толық
мүмкіндігін туғызуы керек.
Қорыта келгенде, қазіргі кездегі педагогикадағы тәрбие әдісінің негізгі
мәні - жеке адамды жан-жақты қалыптастырудағы әлеуметтік міндетті жүзеге
асырудың басты құралы болып табылатын тәрбие әдістерін жетілдіру.
2.
«Классификациялау» ұғымы тәрбие әдістерін топтастыру, жүйелеу,
жіктеу, бӛлу деген мағынаны білдіреді. Әр әдістің ӛзіндік ерекшелігін
кӛрсетеді. Осыған байланысты педагогикада тәрбие әдісінің заңдылығы мен
мәнін ашатын кӛлемді ғылыми қор жинақталған. Тәрбие әдісін жіктеу не үшін
қажет? Ол тәрбие әдісін:
- жалпы және жеке;
- негізгі және кездейсоқ;
- теориялық және педагогикалық ерекшеліктерін айқындауға, бӛліп
қарауға кӛмектеседі;
- мақсатты түрде әрбір тәрбие әдісін тиімді пайдалануға мүмкіндік
жасайды;
- әрбір тәрбие әдісінің ӛзіне тән белгісін және оның ерекшелігін, міндетін,
оның бір-бірімен байланысын айқындай түседі.
Бұл жағдай мұғалімнің ӛз тарапынан ғылыми ойлауын тереңдетіп, оның
педагогикалывқ шығармашылық еңбек етуіне септігін тигізеді.
Педагогика ғылымын зерттеушілердің еңбектерінде тәрбие әдісі түрліше
жіктеледі.
Белгілі орыс педагогтары тәрбие әдістерін жасау үшін 40-жылдардың
соңында 50-жылдардың басында кӛп күш салды. Тәрбие әдістері проблемасын
шешуде зор үлес қосқан педагогтар Н.К.Гончаров, Т.Е.Конникова,
И.Т.Огородников, Н.И.Болдырев, Г.И.Щукина, В.А.Сластенин т.б.
Ғалым педагогтар Н.И.Болдырев, Н.К. Гончаров, Ф.Ф.Королев т.б. тәрбие
әдісін жіктеуде сендіру, жаттығу, мадақтау және жазалау әдістерін жеке бӛліп
қарастырады. Ал, Т.А. Ильина, И.Т.Огородников т.б. тәрбие әдісін
топтастыруда сендіру әдісімен қатар оқушылардың іс-әрекетін ұйымдастыру
әдісін және олардың мінез-құлықтарын ынталандыру әдістерін қоса
қарастырады.
Қазіргі кезде тәрбие әдістерін жіктеудің 11-ден астам түрлері бар.
Олардың ішінде Т.Е.Конникова, Г.И.Щукина және В.С.Сластенин жасаған
тәрбие әдістері жіктеуінде бірізділік байқалады. Бұл жіктеу мектептерде
қолданылып келеді.
Герцен
атындағы
Санк-Петербург
мемлекеттік
педагогикалық
институтының ғалымдары (Т.Е.Конникова, Г.И.Щукина) жасаған тәрбие
әдістерін жіктеу 3 топқа бӛлінеді.
Бірінші
топ
-
тәрбиеленушілердің
іс-әрекеттеріндегі,
қарым-
қатынасындағы, мінез-құлқындағы жағымды тәжірибені қалыптастыру әдістері:
талап, қоғамдық пікір, үйрету, жаттықтыру, арнайы тәрбиелік ситуация.
Екінші топ - жеке адамның санасын қалыптастыру әдістері (ұғым,
пайымдау, пікірін айту, баға беру, сендіру). Бұл топтың әдістері: саяси,
этикалық, әңгіме, пікірталас, лекциялар, ӛнеге.
Үшінші топ - мадақтау және жазалау әдістері. Ӛткізілетін тәрбиелік
шаралардың сапасын және тиімділігін арттыру үшін, кейде, адамгершілік
тәрбиесінің әдістері кӛмектесуді қажет етеді. Бұл жағдайда мадақтау және
жазалау әдістері пайдаланылады.
Мектеп ӛмірінде В.А.Сластенин жасаған тәрбие әдістерінің жіктеуі
ойдағыдай қолданылуда. Бұл жіктеуде тәрбие әдістерінің 4 тобы
қарастырылады.
Достарыңызбен бөлісу: |