және іс - әрекеті, қарым – қатынас, дәстүр сияқты тәрбие проблемалары ұжым
ӛмірінде шығармашылық дамудың негізі болды.
А.С.Макаренко ұжымда жеке адам тәрбиесінің қоғамдық бағыттылығын
ерекше атады. Ұжымда тек жай ғана мейірімді адам болу жеткіліксіз, ол ұжым
мүддесімен ӛмір сүре білу қажет. А.С.Макаренко жеке адам тәрбиесінің
қоғамдық бағыттылығы тұрғысынан ұжымның кейбір сапасын, яғни белгілерін
кӛрсетті.
1. Ұжым тәрбиенің мақсаты және объектісі, жеке адам ұжымнан тыс
дамымайды.
2. Ұжым адамдарды жалпы мақсатқа, еңбекке және еңбекті ұйымдастыруға
біріктіреді.
3. Ұжым барлық ұжымдармен табиғи байланысты қоғамның бӛлігі.
4.
Ұжымның
ӛзін-ӛзі
басқару
органдары
және
ӛкілдері-
ұйымастырушылары болады.
Әрбір ұжым – бұл топ, бірақ әрбір топ ұжым бола алмайды. Ұжым
контактылы және негізгі болып екіге бӛлінеді. Контактылы ұжым – бұл ұжым
белгілері бар бастауыш топ. Негізгі ұжым – бұл контактылы ұжымдардың
бірлестігі. Мысалы, контактылы ұжым – бұл студенттер тобы, негізгі ұжым –
факультет т.б.
Қазіргі кезеңде А.С. Макаренко идеясын дамытуда И.П.Ивановтың
«Коммунар әдісі» игі әсер етуде. Коммунар әдісінің мәні, ұжым ӛмірінің айқын
бейнесін ұйымдастыру. Онда барлығы ӛнегелі принципіне, шығармашылыққа
негізделеді. Ұжымдық шығармашылық біріккен іс-әрекетінің әдісіне ұжымдық
жоспарлау және жүзеге асыру, күнделікті іс-әрекеттері, ұжымдық талқылау,
шешім қабылдау және баға беру кіреді. Бұл мәселелер И.П.Ивановтың
«Коллектившілдерді тәрбиелеу» атты еңбегінде қарастырылған.
Сонымен ұжым- бұл кӛзделген мақсатқа жетудегі ұйымшылдық пен
мақсаттылық, іс-әрекетімен сипатталатын адамдар тобы.
В.А.Сухомлинский балалар ұжымын дамыту теориясына айтарлықтай үлес
қосты. Оның терең ойлары бірсыпыра ғылыми еңбектерінде «Мудрая власть
коллектива», «Коллективтің құдіретті күші» т.б. баяндалды.
В.А.Сухомлинский пікірі бойынша әрбір бала тәрбиесі ұжымда негізгі
тәрбие құралы болды. Балалар мен тәрбиешілер арасындағы рухани қарым-
қатынас ұжымдық қатынастың даму процесі, В.А.Сухомлинскийдің қарым-
қатынас жайындағы идеясы жаңашыл мұғалімдердің идеяларымен ұштасып
жатыр. Демек, ынтымақтастық балалармен қарым-қатынас жасаудың
нәтижесінде туды. Ынтымақтастық идеялары жаңашыл мұғалімдердің
еңбектерінде ғылыми-әдістемелік тұрғыдан қарастырылған.
Біздің елімізде қазіргі қоғамның маңызды ұясы- мектеп ұжымы баланы
дамытуда және қалыптастыруда үлкен роль атқарады. Мектептегі
Достарыңызбен бөлісу: