тобы, клубтар,
секциялар, оқушылардың еңбек бірлестіктері т.б. Бұлардың
барлығын бастауыш ұжымдар деп атайды.
Оқушылар ұжымы балаларды ұжымшылдыққа тәрбиелеудің маңызды
құралы. Ұжымшылдық адам мүддесінің ұжым және қоғам мүддесімен
мызғымас байланыстылығын кӛрсетеді.
Адам ұжымда ӛз күшінің, ӛз қабілетінің керек екенін түсінеді. Сондықтан
оларды үнемі дамытып, жетілдіріп отыру педагогикалық ұжымның оқыту мен
тәрбие жұмысын шығармашылықпен ұйымдастыруына байланысты.
Қорыта
айтқанда ұжым-тәрбиенің маңызды құралы.
2.
Оқушылар ұжымы үш кезеңнен ӛтеді. Ұжымның даму кезеңдерін
айқындаған А.С.Макаренко. Ол балалар ұжымы дамуының мақсатына, іс-
әрекетінің
мазмұнына, тәртібіне, балалардың ара-қатынасы тәуелділігіне
байланысты ажыратты.
Бірінші кезеңде
оқушылар ұжымы жеткіліксіз ұйымдастырылған топ.
Сондықтан мұғалім сынып ӛмірін ұйымдастыру үшін жұмысты талап қоюдан
бастайды.
Талап
іс-әрекетінің барысында орындалуға тиісті нақты міндеттер.
Талап қою балаларды мінез-құлық нормасына үйрету, әлеуметтік тәжірибеге
тарту. Бұл кезеңде балалар ұжымы сирек кездесетін құбылыс. Мұндай жағдай
бастауыш сыныптарда және әр мектептен біріктірілген оқушылардың жоғарғы
сыныптарында болуы мүмкін.
Бұл кезеңде
ұжым іс-әрекетінде белсенді, ынталы оқушыларға сүйену
керек. Ұжым ӛміріне мұндай тәсіл сынып белсенді жұмыс істейтін оқушылар
тобын кӛбейтуге және балалар мен мұғалімдердің жұмысты бірлесіп істеуіне
әсер етуі мүмкін.
Бірінші кезең аяқталу үшін мына мәселелерді еске алған жӛн:
-
ұжымды нығайтуға бағытталған мақсаттарды анықтау;
-
ұжым
іс-әрекетінің дамуы;
-
жеке адам арасындағы қарым-қатынас іскерлік және гуманистік
қатынастардың пайда болуы;
-
барлық ұжым мүшелері қолдайтын белсенділер тобының бӛлінуі.
Бұл кезеңде мұғалімнің негізгі қызметі- оқушылардың ұжымдық іс-
әрекетін
ұйымдастыру, оларды әртүрлі іс-әрекетеріне қатыстыру, ұжымды
балаға педагогикалық ықпал жасайтын құралға айналдыру.
А.С.Макаренко ұжымды нығайту үшін тәрбие
жұмысын барлық ұжымды
тәрбиелеуден бастау қажет дейді.
Достарыңызбен бөлісу: