Дәрістер дәріс №1 Тақырыбы



Pdf көрінісі
бет36/66
Дата05.12.2022
өлшемі0,88 Mb.
#161396
1   ...   32   33   34   35   36   37   38   39   ...   66
Байланысты:
Бастауыш мектеп педагогикасы лекция 2

жолдары
мен 
шарттары
бар.
Тұлғаны барлық жағынан дамытып тәрбиелеу, жас ұрпақты қоғам 
құрылысына белсене қатысуға әзірлеу міндеттері мектеп арқылы жүзеге 
асырылады. Мектепте білім және тәрбие алу барысында жас түлектердің ақыл – 
ойы дамиды, адамгершілік қасиеттері қалыптасады, ой еңбегіне тӛселеді, 
рухани ӛмір байлығын меңгереді, эстетикалық сезім, талғамы артады... Соған 
сәйкес мектеп тәрбие беру ісін 
бірыңғай
мақсатты, жүйелі түрде 
ұйымдастырылуын қамтамасыз етеді.
(Тәрбие түрлерін толығымен «Тәрбие теориясы мен әдістемесі» 
пәнінде қарастыратын боласыздар). 
 
Бақылау сұрақтары:
1.
Оқушылар ұжымы дегеніміз не, оның негізгі белгілері қандай? 
2.
Ұжымның педагогикалық теориясын дамытуға үлес қосқан 
зертеушілерді атаңыз.
3.
Балалар ұжымы – мектептегі педагогикалық процестің маңызды 
компоненті болып табылу себебін түсіндіріңіз.


4.
Ұжымның 
басты 
белгілерін нақтылаған 

А.С.Макаренко 
тұжырымдарын талдаңыз.
5.
Оқушылар ұжымының негізгі даму кезеңдеріне сипаттама беріңіз. 

Дәріс №8 
Тақырыбы

Дидактика, оқыту үдерісі
Жоспары:
1. Дидактикалық жүйе туралы, оған сипаттама. 
2. Дидактикалық категориялар. 
3. Дидактикалық негізгі тұжырымдамалар. 
4. Оқу үдерісі туралы түсінік 
5. Оқытудың түрлері 
Дидактика - педагогика ғылымының жетекші салаларынын бірі. Дидактика 
оқыту мен білім берудің теориясы болғандықтан оның негіздерін талдайды. 
Дидактиканың 
қарастыратын 
басты 
мәселелері 
мынау: 
оқытудың 
заңдылықтары мен үрдістері (процесі), оның мақсаты, білімдендіру 
мазмұнының ғылыми негіздері, әдістемелері, оқытудың формалары мен 
құралдары. Ал жалпы педагогиканың қарастыратын негізгі мәселелері — 
барлық пәндерге ортақ және оның деңгейіне үйлесімді тәсілдері мен жолдары 
және оқытудың мақсатына қарай нені оқыту мен қалай оқытудың теориялық 
негіздері болып табылады. Сондай-ақ жалпы педагогика жеке пәндерді оқыту 
мен білім беру әдістерін қоса қамтып, яғни бастауыш мектеп, орта оқу 
орындары мен жоғары мектептерде білім беру жолдарын бірлікте зерттейді. 
Жинақтай айтқанда, жалпы педагогика жеке пәндерді оқытудың теориялық 
негіздерін білгізумен қатар, сол жүйеде жүргізілген ғылыми зерттеу 
нәтижелеріне сүйеніп нақты тұжырымдық қорытынды жасайды. Дидактиканың 
негізгі міндеті мынау: біріншіден, оқыту үрдісін (процесін) түсіндіру, сипаттау 
және оны меңгеру мен жүзеге асыру жолдарын кӛрсету, екіншіден, оқыту 
үрдісін ұйымдастырудың тиімді жолдарын, амал-тәсілдерін, ең жаңа жетілген 
технологиялық жүйелерді білгізу. 
Педагогика пәнін терең түсіну үшін оның дидактикалық категорияларын 
ұғыну керек. Ал дидактикалық категорияның бастау бұлағы — педагогикалық 
жүйе болып табылады. Сонда дидактикалық категорияның негізін айқындайтын 
құрылымы мынау: білім беру, оқыту, мақсаты, мазмұны, міндеттері, 
дидактикалық үрдіс (процесс), әдістемелері, құралы, оқыту формасы, окытудың 
заңдылықтары, принциптері және оқытудың нәтижесі. 
Дидактикалық жүйе негізінен теориялық және қолданбалы практикалық 
мәнде болғандықтан педагогика ғылымының аумағы кең, қамтитын деңгейі 
қарқынды сала болып табылады. Ӛйткені дидактика оқыту мен білім беру 
негіздерінің терең де
жан-жақты болуына мән береді. Сондай-ақ оқыту үрдісін 
талдап, оның әрбір кезеңдері мен қарым-қатынас ерекшеліктеріне мән-мағына 
беріп, зерттеп, тұлғаны терең де тиянақты білімдендіру жолдарын нақтылайды. 
Мұнымен қатар оқу үрдісін жобалау, оның нақты мән-мазмұндық сипатын 
анықтау білімдендірудің негіздерін дәлді белгілеу мәселелерін қоса қамтиды. 


Оқыту 
процесі 
педагогикалық-психологиялық 
тұжырымдамаларға 
негізделеді де содан бастау алады, сондықтан да қазіргі кезеңде дидактикалық 
жүйе немесе оқыту моделі деп аталады. Мұндағы басты ерекшелік оқытудың 
принциптерін, мақсатын, мазмұнын, оқыту құралдарын сипаттау. Дидактика 
саласында алуан түрлі жүйелер болған, оны саралай келгенде үш топқа 
топтастырған орынды: 1. Дәстүрлі жүйе. 2. Педоцентристік жүйе. 3. Қазіргі 
дидактикалық жүйе. Бұл жүйелердің әрқайсысының ұстаған бағыт-бағдары бар 
және теориялық ұстанымы оны ӛмірге әкелген ғалымдардың кӛзқарасына, 
кӛрсеткен жол-жобасына байланысты. Сонымен қатар оқыту үрдісі 
дидактикалық тұжырымдамадан туындайтын, содан бастау алатын және жүзеге 
асатын құбылыс. Топтастырылған жүйенің әрқайсысына тән басты сипаттары 
мыналар: 
1. Дәстүрлік жүйеде оқыту, білім беруде мүғалімнің әрекеті шешуші роль 
атқарады. Дидактикалық бұл тұжырымдама педагогика тарихына Я.Коменский,
И.Песталоцци және И.Гербарт арқылы ӛріс алды. 
2. Педоцентристік жүйеде оқып, білім беруде мұғалімнің жетекшілік 
назары шәкірттің іс-әрекетіне бағдарланады. Бұл жүйе негізінен Д.Дьюиден 
басталып, еңбек мектептері саласында Г.Кершенштейнер арқылы, ал XX 
ғасырдың алғашқы кезеңіндегі мектеп реформасына байланысты В.Лаяның 
педагогикалық теориясы бойынша ӛркендеді. 
3. Қазіргі дидактикалық жүйе — оқыту мен білімді меңгеру бірлікте 
қарастырылады. Демек, оқыту үрдісіндегі екі жакты іс-әрекеттің бір арнадан 
тоғысуы дидактикалық пәндік негізіне саналады. Ал қазіргі дидактикалық 
тұжырымдамада бірнеше бағдар бар. Олар мыналар: программалап оқыту, 
проблемалық оқыту, дамыта оқыту — бұл жүйенің бастаушылары П.Гальперин, 
Л.Занков, В.Давыдов т.б. когнитивтік психология (Дж. Брунер); Кеңестік 
жүйеде 80 жылдары етек алған ынтымақтастық педагогикасы мен 
педагогикалық технология. 
Дидактикалық дәстүрлі жүйе. Еуропа елдерінде бұл жүйе неміс ғалымы 
И.Ф.Гербарттың идеяларынан бастау алып, бүгінгі күнге дейін жалғасын 
табуда. Гербарттың ұстанған жолы – оқытудағы басты мақсат – тұлғаны 
қалыптастыратындай теориялық білім, білік беріп, ұғым түсінігін дамыту. 
Сонымен бірге, ол оқыта отырып тәрбиелеу принципін енгізді. Демек, оқытуды 
ұйымдастырудағы негізгі бағдар тұлғаны қалыптастыру болса, әрбір оқушы 
адамгершілік жағынан жетіліп шығады деген ойды қуаттады. Оқыту процесінде 
Гербарт мынадай басқыштық жүйе қолданды: тиісті материалды оқушыға 
түсіндіру, ұғындыру, тұжырымдау, іс-әрекетке келтіру. Ұсынылып отырған бұл 
жүйе міндетті түрде сақталуға тиіс, орындау міндет болғандықтан, оқылатын 
пәннің деңгейіне қарамастын бұл шартты жүзеге асыру заңдылық болып 
саналды. Әрине, бұл теория білім беруді ұйымдастыруда мұғалімнің іс-әрекеті 
негізінде, арнайы түсінік қалыптасып, ұғымды нақтылауда, оқушының тиісті 
материалды түсініп, қойылған міндетті меңгеруіне және жүзеге асыруына 
мүмкіндік береді. Күні бүгінге дейін жаңа сабақты түсіндіру, бекіту, пысықтау, 
қайталау, жаттығу жүйесі сақталып келеді. Сабақтың логикалық жүйесін 
құруда және оны жүзеге асуын орындауда ӛзіндік мәнін жоғалтқан жоқ. 


Солай болғанымен де ХХ ғасырда бұл жүйе қатаң сынға ұшырады. 
Дидактикалық дәстүрлі жүйені сынаушылар мұндағы кемшілік – кітаптағыны 
ауызша қайталап беру, тыңдаушының дербес ерекшелігімен есептеспеу, дайын 
түсініктерді 
меңгерумен 
шектелу 
болғандықтан 
оқушының 
ойлау 
белсенділігіне ықпалы аз, оларды ақыл-қабілетін жетілдіре алмайды деп 
қарады. Сондай-ақ, бұл жүйе әміршілдік бағдарда болғандықтан оқушылардың 
ӛзіндік ойлауы мен ӛзінше ізденуіне деген ынта-ықыласын тежейді деп 
тұжырымдама жасады. 
Дидактикалық педоцентристік жүйе. Батыс Еуропа елдеріндегі, әсіресе, 
АҚШ-тағы мектептерге ықпал еткен американдық педагог Д.Дьюи болды. 
Оның іскерлікке бағытталған 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   32   33   34   35   36   37   38   39   ...   66




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет