Дәрістер дәріс №1 Тақырыбы



Pdf көрінісі
бет37/66
Дата05.12.2022
өлшемі0,88 Mb.
#161396
1   ...   33   34   35   36   37   38   39   40   ...   66
Байланысты:
Бастауыш мектеп педагогикасы лекция 2

оқыту теориясы
тез қанат жайды. Д.Дьюидың 
теориясы бойынша оқыту процесі оқушының қабілетіне, қызығушылық 
ынтасына, қажеттілігіне үйлестіре құрылуы керек деген идеяға бағытталады да, 
бұл ұстаным білімдендірудің негізгі талабына айналды. Оқытудың мақсаты 
балаға әртүрлі білік дағдыларын қалыптастырып, ақыл-ой қабілетін жан-жақты 
дамыту деп қарады. Осы орайдан білім беруде оқушыға тек дайын білімді 
меңгертіп, оны қайталаумен шектелмей оқушының ӛзіндік ізденісіне, ӛзіндік 
әрекеттенуіне бағдар беріп, оны іштей сезіндірсе, кӛңіліне қондыруды 
қалыптастыру кӛзделеді. Бұл жүйедегі оқыту процесінің құрылымдық жолы 
мынау - іс-әрекеттегі қиындық пен күрделілік неде екенін түсіну, шешілуге 
тиісті қандай проблема бар және осы орайдан кездесіп отырған бӛгет пен 
тосқауылдардың мәнін айқындай алу. Оқыту процесінің орындалу кезеңдері 
ғылыми зерттеушілік тұрғыдағы ізденіс негізінде жүзеге асырылады. Әрине, 
мұндай жол адамның таным белсенділігін жігерлендіріп, ойлау қарқыны мен 
деңгейін кӛтеріп, қойылған проблеманы шешу дағдысын ӛркендетеді. 
Қазіргі дидактикалық жүйе. Мұғалім оқушының білім жолындағы таным-
түсінікті меңгеруін, іс-әрекетін басқарып, оны тиімді ұйымдастыруға 
жетекшілік ете отырып, оларды ӛздігінен әрекеттенуге ынталандырып, қазіргі 
замандағы білімдендірудің жаңа технология жетістіктерін пайдалана білуге 
дағдыландырады. Сонымен қатар дәстүрлі дидактиканың және зерттеуге 
бағытталған ізденушілікке ынталандыратын әдіс-тәсілдердің тиімді жолдарын 
қолданып, білімдену құрғақ жаттау емес, ой-толғаныссыз қайталау емес, 
саналылыққа негізделген терең түсінікті меңгеру екендігі ескеріледі. Екінші 
сӛзбен айтқанда, тек репродуктивті әдіспен шектеліп қалмай, әрбір тұлғаның 
ӛздігінен іздене білуге, шығармашылыққа машықтана білуге жіне оның тиімді 
жолдарын табуға баулитын бағдар беру басты шарттқа айналды. Уақыт 
талабына сай компьютерлік жүйе қосылып, ізденістің жаңа жолдарын ӛрістету 
кеңінен орын алды. 
Ілім - танымдық үрдісті дамытатын қозғаушы күш. Оқушының алған 
ілімдік білімі оның дүниетанымдық кӛзқарасын, нанымын, сенімін 
қалыптастырады. Ал ғылыми кӛзқарас, дүниетаным тұлғаның ӛзін қоршаған 
ӛмірді, құбылыстарды тануға, оған объективтік баға бере білуге мүмкіндік 
жасайды. Тұлғаның дүниетанымы тиісті түсінікті игеруге бағыттап, айқындап, 
бағдарлаудың кӛрсеткіші негіздеріндегі идеялық, ғылыми және имандылық, 
адамгершілік, эстетикалық дамуын қалыптастыратын ынта-ықыласына, 


мұратына жол-жосық сілтейтін құбылысқа айналады. Мұның сапалық 
кӛрсеткіші оқушының болашақ тағдырына жалғасып, оның ӛмірге, қоғамға, 
табиғатқа, қоршаған ортасына, адамдарға деген ӛмірлік позициясын, сенімін, 
мұратын, іс-әрекетін айқындауға ықпал етеді. Ал ғылыми дүниетанымнын 
құрылымдық компоненті - ғылыми зерттеудін нәтижелік кӛрсеткішіне, 
былайша айтқанда, ғылыми білім жүйесіне, сеніміне, тұлғаның мұраты мен 
дүниетаның түсінігіне тәулді деп білсек, оның объективтік негізін бейнелейтін 
адамнын тәжірибесі, нақты әрекеті болып табылады. Тұлға білім арқылы адам 
табиғатын, қоғамдық құбылыстарды, ондағы объективтік заңдылықтарды 
зерттейді, түсінеді, ұғынады, қабылдайды, кӛзқарастық сенім қалыптастырады 
да сол түсінігі негізінде қарым-қатынасқа келіп, әрекет етеді, пайымдау 
жасайды, танымдық тұжырымға келеді. Ғылыми білімді қабылдау тұлғаның 
сенімін бекітіп, тиянақты ой қорытындысын жинақтап, шындықты терең тануға 
жол ашады. Түсінігінің кемелді, мұратының мақсатты, әрекетінің нәтижелі 
болуына бағдар береді, мақсатқа қол жеткізуіне мүмкіндік туғызады. 
Әрине, дүниетанымның қалыптасуы ұзақ және күрделі процесс. Әрбір 
тұлғаның кӛзқарасы, сенімдік жүйесінің қальштасуы және сапалық деңгейі 
оның ӛмірлік тәжірибесіне, ғылыми әзірлігіне т.б. факторларға байланысты. 
Мұның 
бәрінің 
философиялық 
негізі 

оқушыны 
енбеккерлікке 
жауапкершілікке, ӛздігінен әрекеттене білуге баулып, ізденісі мен атқарған 
ісіне сын кӛзбен қарап, баға беріп, тұжырым жасай білумен сабақтас екендігін 
мойындата алумен шарттас. 
Педагогика 
саласындағы 
оқулықтар 
мен 
оқу 
құралдарында 
«педагогикалық үрдіс» - «процесс» деген латын сӛзінен бастау алған термин 
арқылы жазылып келеді. Терминнің дәл мағынасы - ілгерілеу (продвижение), 
әрекеттің нәтижеге жетуі болса, мұның жүзеге асуына жетекшілік ететін 
бастаушы мұғалім екені белгілі. Осы орайдан мақсатқа жетіп ілгерілеудегі 
педагогикалық үрдістің іс-әрекетке айналудағы заңдылықтарға мұғалімнің 
мұқият қарауына және оның белсенділігі мен бейілділігіне байланысты. 
Психологиялық тұрғыдан алғанда оқыту үрдісі - оқушынын оқу 
жүйесіндегі іс-әрекеті. Оқыту үрдісінін логикалық құрылымын айқындайтын 
танымдық іс-әрекет. Былайша айтқанда, танымдық ойды түсіну, қабылдау, 
ұғыну, білімдік дағдыны меңгеріп, сананы жетілдіріп және оны практикада 
қолдана білу. Сондай-ақ білімдік түсінік пен іскерлікті талдап, тексеріп, бағалау 
және қабылдаған, ұғынған таным-түсініктерін ӛз бетінше қайталап дамытуға 
машықтану. 
Оқыту үрдісіндегі негізгі зандылық: нақты аңғарудан абстракты ойлауға 
және одан практикаға кӛшу - ақиқатты танудың объективтік реалдықты білудің 
диалектикалық жолы екендігін мойындауда. Олай болса, оқыту үрдісі білім 
жүйесіндегі мотивке де байланысты. Ӛйткені себепсіз салдар болмайды ғой. 
Ендеше мотив - адамның объективті қажеттігін, мұқтаждығын және ынтасьш 
бейімдейтін әрекеті, іштей талпынысы мен талабы. Мұны сезіну оқуға, білуге 
деген ықыласты кӛтереді. Мотив оқушының білім алуға деген қызығушылығын 
және перспективтік үміт талабын демеп, ілгері іздене түсуге құлықтандырады. 
Әрине, мотив оқушының жас ерекшелігіне, білім деңгейінің дамуына 


байланысты ӛзгеріп отыратын және бағдарланып басқарылатын үрдіс. Демек, 
ілімді игерудін мәні - іс-әрекетпен шарттас деп қалсақ одан туындайтын үрдіс 
білімді ұғынумен қатар оны әлеуметгік тәжірибеде қолдануға да, меңгеруге де 
байланысты. 
Оқытудың жүйесі мен оның түрлері
.
Дидактикада окытудың теориялық 
негіздеріне байланысты үрдісті зерттеуші ғалымдар әр түрлі мәнде түсіндіреді 
және оның құрылымдық жүйесі жӛнінде де бірыңғай, біртекті ұғым 
қалыптаспаған. Ал оқытудың түрлерін белгілеу окытудағы іс-әрекет пен оның 
сипатына негізделеді. Мұндағы оқытудын мазмұны, әдістемесі, құралына 
байланысты басты түрлері мынау: а) түсіндірмелі-иллюстративтік оқыту; ә) 
проблемалық оқыту; б) бағдарлап оқыту т.б. 
Оқу орындары арқылы білім беру тарихында ұзақ уақыттан пайдаланып 
келе жатқан және оқытудағы дәстүрлі жол -түсіндірмелі-иллюстративтік оқыту. 
Мұның басты сииаты оқушыға жаңа білімді таныстырып, жаңа ұғымдар мен 
теориялар, заңдар туралы түсінік береді. Оқушылар дайын білімді қабылдап
жаттанды түрде меңгереді де, олардың ӛздігінен ойлануына кӛңіл бӛлінбейді, 
басқаша айтқанда тұлғаның дербестігі мен ішкі мүмкіншіліктері ашылмай тек 
айтқанды орындау шеңберінде қалып қояды. 
Проблемалық оқытуда мұғалім оқушыны білім жүйесін ұқтыру мен 
іскерлік 
дағдысын 
қалыптастырумен 
қатар 
шәкірттің 
танымдық, 
шығармашылық бағдарда болуына жол нұсқайды. Тиісті тақырып бойынша 
проблемалық сұрақтарды шешудің варианттарын қарастырып, оны шешу 
шәкірттің үлесіне тиеді. Жаңа білімді игеру барысында оқушының ӛздігінен 
ізденіп және оны практикада қолдана алу бағдарында еңбектенеді. 
Проблемалық оқытуда оқушының ғылым негіздерін меңгерудегі дербестігін, 
қабілетін дамыту кӛзделеді. Оқушыны ойланту, іс-әрекеттегі ізденісі үшін 
репродуктивтік, продуктивтік және шығармашылық жолдар сәйкестіріле 
пайдаланылады. Репродуктивтік жолды ұстанғанда атқарылатын іс-әрекет үлгі, 
алгоритм бойынша орындалса, продуктиктік жолда оқушы ситуацияны ӛзінше 
шешуге әрекеттеніп, жаңаша ізденуге мән береді. Ал шығармашылықта 
эвристикалық іс-әрекетке кӛшіп, проблеманы шешуде кенеттен келген ойларын 
ұсынып, жұмысты ӛзінше орындайды. Оқытудың бұл түрінің жетістіктері мен 
жеке олқылықтары тӛменде кӛрсетілген. 
Бағдарлы оқытуды ұйымдастыру мақсатында 1962 жылы Париж қаласында 
ӛткен ғалымдардың халықаралық конференциясындағы пікірлесу нәтижесінде 
ЮНЕСКО мақұлдаған келісім бағдарлы оқыту жүйесін ӛрістетті. Мұндағы 
басты ерекшелік - оқыту үрдісін басқару жолы жетілдірілген, оқушы ӛзін-ӛзі 
тексереді және бағдарлы оқытуға арналған оқулық, оқу құралдары мен 
құжаттарда берілген мағлұматтарды шәкірттің қаншалық меңгергендігін 
тексеруде машина қолданылады. Сондай-ақ материалы логикалық жағынан 
жеке бӛлшектерге бӛлінеді. Әрбір бӛлімді меңгерген соң оқушы алған білімі 
бойынша сұрақтарға жауап беріп, тестілік сауалдаманы орындайды. Жауаптары 
дұрыс болса, келесі бӛлімге ӛтеді, ал жауаптарында қате кетсе, қайталап оқып 
толық меңгермейінше жаңа бӛлімге ӛтуіне болмайды. Белгіленген тәртіпті 
сақтау міндет. Тӛменде толық мағлұмат ұсынылған. 




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   33   34   35   36   37   38   39   40   ...   66




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет