Дәрістер дәріс №1 Тақырыбы



Pdf көрінісі
бет35/66
Дата05.12.2022
өлшемі0,88 Mb.
#161396
1   ...   31   32   33   34   35   36   37   38   ...   66
Байланысты:
Бастауыш мектеп педагогикасы лекция 2

Жақын перспективаға
жарыс, саяхат, жексенбілік, серуен, цирк, музей 
және кӛрмеге бару, үйірмелердегі қызықты жұмыстар т.б. жатады. 
Орта перспективаға – 
орта перспективаға балалар лагеріне бару, жыл 
сайын ӛткізілген ән, сурет сайыстарына қатысу, әдебиет, эстетикалық 
тақырыптарға пікірталас ӛткізу т.б. жатады. Мұндай алда тұрған оқиға 
оқушылар үшін ӛте қуанышты болады.
Қашық перспектива
- бұл ұжымның немесе жеке адамның бір істі ұзақ 
мерзімде орындауға талаптану мақсаты. Қашық перспективаға келешек 
мамандықты таңдау, білім алу, мектеп бітіргеннен кейін халық 
шаруашылығында жұмыс істеуге тілек білдіру немесе орта және жоғары оқу 
орындарына түсу жатады. 
Қоғам адамдары қашық перспектива арқылы мүмкіндігінше ұжымға, 
Отанға пайда келтіруі тиіс. Бұл преспектива жақын және орта 
перспективалармен мызғымас байланыста іске асырылады. 
Осы перспективаларды оқу және тәрбие барысында тиімді пайдалануда 
әрбір мұғалімнің міндеттері: біріншіден, перспективаны баланың, сыныптың, 
мектептің пайдасы үшін таңдап ала білу; екіншіден, оқушылардың жас 
ерекшеліктерін және жалпы дайындық дәрежесін еске алу. 
Ұжым ӛмірінде дәстүрдің үлкен тәрбиелік маңызы зор. А.С.Макаренконың 
сӛзімен айтқанда, дәстүр ұжымды бекітеді. 
Дәстүр ұжымды нығайтады, оның ӛмірін толық, тұрақты, ықпалды және 
тартымды етеді. Ұжымның жалпы ӛмірінде дәстүрдің кӛптеген түрлерін 
байқауға болады, мысалы, мектеп мерекесі, сайыстар, олимпиадалар, соңғы 
қоңырау, артта қалған оқушыларға кӛмектесу т.б. барлық дәстүрлер үшін 
жалпы мәселе ұжым ӛмірін байыту, аға ұрпақтың мұрасын ұқыптылықпен 
күтуге үйрену, ұжым абыройы үшін күресу. 


Дәстүр- бұл тарихи қалыптасқан, бір буыннан екінші буынға беріліп 
отыратын қоғамдық ӛмірдегі, ұжымдағы адамдардың қатынастарын кӛрсететін 
нормалар мен принциптер.
Тәрбие үдерісінде тұлғаны қалыптастыру 
Жеке тұлғаның жан-жақты дамуын қалыптастыру дегеніміз: 
- отанына берілгендігі, оның бостандығы мен тәуелсіздігін қорғауға 
дайындығын, бейбітшілік үшін, халықтардың достығы мен ынтымағы үшін, 
еңбекшілердің бақыты үшін арнаулы даярлықта тәрбиелеу
- ғылым, мәдениет, техника саласындағы білімдер жүйесін және ӛндірісті 
ұйымдастырудың даму жағдайларын игере білуін тәрбиелеу; 
- адамгершілік қасиеттерді барынша құрметтеушілік, адамдарға деген 
қамқорлық жасау және оларға ілтипатпен қараушылық, жолдастық пен 
адалдық, шыншылдық, жауапкершілік сезімдерге тәрбиелеу; 
- еңбекте адал қарым- қатынасын, қоғам игілігі үшін материалдық ӛндіріс 
саласында еңбек етуге даяр болуы, еңбек ету қажеттілігін түсінуге, еңбек 
адамын құрмет етуге тәрбиелеу; 
- әсемдікті барынша сезіне білуді, шын кӛріктілікті жасандылықтан 
ажырата білуді, музыкаға, ӛнерге, әдебиетке ынтасын үнемі жетілдіруге 
талпынысын, құштарлығын, табиғатты сүюге тәрбиешілерді тәрбиелеу; 
- денсаулығы мықты және дене құрылысы жақсы дамыған, дене 
шынықтырумен /спортпен/ үнемі шұғылданатын адамды тәрбиелеу; 
- табиғатты қорғау, оның байлығын кӛздің қарашығындай сақтау, адам 
ӛмірінің бастауы – жер, су, ауа, аң, ӛсімдіктерді бағалау, қастерлеу, сақтау 
рухында тәрбиелеу, т.с.с. 
Әрбір мектеп мұғалімінің алдында, міне осындай оқушы тұлғасын 
тәрбиелеп шығару міндеттері тұр. Бұл міндеттерді шешу әсіресе тұлғаның 
балалық, жастық және жасӛспірім шақтарында жүзеге асырудың маңызы 
ерекше. 
Оны жүзеге асырудың қандай 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   31   32   33   34   35   36   37   38   ...   66




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет