Дәрістер дәріс №1 Тақырыбы



Pdf көрінісі
бет32/66
Дата05.12.2022
өлшемі0,88 Mb.
#161396
1   ...   28   29   30   31   32   33   34   35   ...   66
Байланысты:
Бастауыш мектеп педагогикасы лекция 2

Бақылау сұрақтары:
1.
Тәрбиенің тәсілдері, түрлері мен әдістерінің тұтас педагогикалық 
үдерісте алар орны қандай? Оларды неге педагогикалық үдерістің қозғаушы 
күші деп атайды? 
2.
Іс-әрекеттің түрлері (таным, қарым-қатынас, ойын, оқу, еңбек) 
тәрбиелік ықпал етудің амалдары екенін дәлелдеңіз. 
3.
Жіктеу дегеніміз не? Зерттеушілер тәрбие әдістерін неше топқа 
біріктіреді? 
4.
Мадақтау мен жазалау әдістерін қолданудың негізгі шарттарын атаңыз. 
5.
Сананың қалыптасу әдістері. 
6.
Педагогикадағы тәрбие әдістерін таңдау қалай жүзеге асырылады? 
7.
Тәрбие әдістерін оқу-тәрбие процесінде қолданудың мәнін ашыңыз.
8.
Тәрбие формалары
 
 
 
 
 
 
 
 


Дәріс №7 
Тақырыбы
: Тұлға қалыптастыру үдерісінде балалар ұжымы 
 
Жоспары: 
1. Ұжым -тәрбие құралы
2. Ұжымның даму кезеңдері, олардың бір-бірімен сабақтастығы
1.
Оқушылар ұжымы – тәрбиенің шешуші факторы және біздің қоғам 
жағдайында бала ӛмірін ұйымдастырудың негізгі формасы. Жеке тұлғаның 
дамуы үшін ұжымда қолайлы жағдайдың болуы қажет. Тұлға жан-жақты даму 
мүмкіншілігін ұжымынан алатын болғандықтан ұжымда тұлғаның бас 
бостандығы болуы басты шарт болып табылады. Балалар ұжымын 
ұйымдастыру қажеттігі қоғамның ӛзі біртұтас ұжым ретінде ӛмір сүретіндігінен 
туындайды. 
Қоғамда ұжымдарды ортақ іс-әрекеттерінің түрлеріне қарай ажыратады. 
Мысалы, кәсіпшіл ұжымдар (ӛндіріс, шығармашылық, әскери оқу орындары), 
қоғамдық ұйымдар (партиялар, халық конгресі, бірлестіктер, кәсіподақтар), 
ерікті қоғамдар ғылыми, ғылыми насихат, әскери, спорт, ӛз әрекетімен істеуші 
ұжымдар (кӛркемӛнерпаздар, коллекционерлер) және т.б. осы ұжымдарда 
адамдардың шешетін міндеттері еліміздің әлеуметтік-экономикалық дамуын 
тездету, қоғамдық дамуының жаңа деңгейін қайтымсыз процеске айналдыру
халық шаруашылығының барлық салаларында ӛмірді демократия және 
жариялылық принциптерінің негізінде құру.
Осы жағдай талабына сай ұжым балаларды қоғамдық ӛмір мен ӛндіріске 
дайындаудың мүмкін болатын бірден-бір құралына айналады. Оқушылар 
ұжымы баланың ӛмірін, оқуын, еңбегін, жасампаздығын, күш-қуат мәдениетін, 
ойын ұйымдастырудың ең тиімді құралы.
Ұжым проблемасын педагогика ғылымының қайраткерлері және халық 
ағарту органдарының озат ӛкілдері: А.В.Луначарский, Н.К.Крупская, 
А.С.Макаренко, П.П.Блонский, С.Т.Шацкий, В.А.Сухомлинский аса зор кӛңіл 
аударып зерттеді.
А.В. Луначарский жаңа адамды қалыптастырудың негізгі жағдайы ұжым 
болады деді. Оның айтуынша, адамды тәрбиелеу, демек, ол, адам біздің 
заманымызда ұжымшыл, қоғамдық мүддені жеке басының мүддесінен жоғары 
санайтын болуы тиіс. Тұлға ұжым негізінде ғана дамиды. 
Н.К.Крупская тұлғаның дамуы мен қалыптасу ортасы ұжым деп атады. 
Мектептегі қоғамдық ұйымдарға, олардағы балалардың қарым – қатынастарына 
үлкен мән берді. Балаларды ұжымда ӛмір сүре және жұмыс істей алатындай 
етіп тәрбиелеудің қажет екенін ескертті. Ол балалар қозғалысына байланысты 
бірсыпыра мәселелерді атап кӛрсетті. Олар: балалардың ұжымдық іс - 
әрекетінің формалары мен әдістері, ӛзін - ӛзі басқару және оны 
ұйымдастырудың әдістері т.б.
А.С.Макаренко ұжымда жеке адамды тәрбиелеудің бірізді педагогикалық 
теориясын жасады. Оның идеялары осы уақытқа дейін құндылығын сақтауда 


және іс - әрекеті, қарым – қатынас, дәстүр сияқты тәрбие проблемалары ұжым 
ӛмірінде шығармашылық дамудың негізі болды. 
А.С.Макаренко ұжымда жеке адам тәрбиесінің қоғамдық бағыттылығын 
ерекше атады. Ұжымда тек жай ғана мейірімді адам болу жеткіліксіз, ол ұжым 
мүддесімен ӛмір сүре білу қажет. А.С.Макаренко жеке адам тәрбиесінің 
қоғамдық бағыттылығы тұрғысынан ұжымның кейбір сапасын, яғни белгілерін 
кӛрсетті. 
1. Ұжым тәрбиенің мақсаты және объектісі, жеке адам ұжымнан тыс 
дамымайды. 
2. Ұжым адамдарды жалпы мақсатқа, еңбекке және еңбекті ұйымдастыруға 
біріктіреді.
3. Ұжым барлық ұжымдармен табиғи байланысты қоғамның бӛлігі. 
4. 
Ұжымның 
ӛзін-ӛзі 
басқару 
органдары 
және 
ӛкілдері- 
ұйымастырушылары болады. 
Әрбір ұжым – бұл топ, бірақ әрбір топ ұжым бола алмайды. Ұжым 
контактылы және негізгі болып екіге бӛлінеді. Контактылы ұжым – бұл ұжым 
белгілері бар бастауыш топ. Негізгі ұжым – бұл контактылы ұжымдардың 
бірлестігі. Мысалы, контактылы ұжым – бұл студенттер тобы, негізгі ұжым – 
факультет т.б. 
Қазіргі кезеңде А.С. Макаренко идеясын дамытуда И.П.Ивановтың 
«Коммунар әдісі» игі әсер етуде. Коммунар әдісінің мәні, ұжым ӛмірінің айқын 
бейнесін ұйымдастыру. Онда барлығы ӛнегелі принципіне, шығармашылыққа 
негізделеді. Ұжымдық шығармашылық біріккен іс-әрекетінің әдісіне ұжымдық 
жоспарлау және жүзеге асыру, күнделікті іс-әрекеттері, ұжымдық талқылау, 
шешім қабылдау және баға беру кіреді. Бұл мәселелер И.П.Ивановтың 
«Коллектившілдерді тәрбиелеу» атты еңбегінде қарастырылған. 
Сонымен ұжым- бұл кӛзделген мақсатқа жетудегі ұйымшылдық пен 
мақсаттылық, іс-әрекетімен сипатталатын адамдар тобы. 
В.А.Сухомлинский балалар ұжымын дамыту теориясына айтарлықтай үлес 
қосты. Оның терең ойлары бірсыпыра ғылыми еңбектерінде «Мудрая власть 
коллектива», «Коллективтің құдіретті күші» т.б. баяндалды. 
В.А.Сухомлинский пікірі бойынша әрбір бала тәрбиесі ұжымда негізгі 
тәрбие құралы болды. Балалар мен тәрбиешілер арасындағы рухани қарым-
қатынас ұжымдық қатынастың даму процесі, В.А.Сухомлинскийдің қарым-
қатынас жайындағы идеясы жаңашыл мұғалімдердің идеяларымен ұштасып 
жатыр. Демек, ынтымақтастық балалармен қарым-қатынас жасаудың 
нәтижесінде туды. Ынтымақтастық идеялары жаңашыл мұғалімдердің 
еңбектерінде ғылыми-әдістемелік тұрғыдан қарастырылған. 
Біздің елімізде қазіргі қоғамның маңызды ұясы- мектеп ұжымы баланы 
дамытуда және қалыптастыруда үлкен роль атқарады. Мектептегі 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   28   29   30   31   32   33   34   35   ...   66




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет