Интернетте жұмыс істеу дегеніміз – шындығына келгенде толығымен алғандағы интернетте емес, тек оның көптеген қызмет түрлерінің біреуіне жұмыс атқару.
Қарапайым тілмен айтсақ, қызмет түрі деген қандай да бір ережелерге сай өзара қарым–қатынаста болатын хаттама деп аталатын бағдарлама жолы. Осы жұп бағдарламасының біреуі сервер, екіншісі –клиент деп аталады.
Әрбір қызмет түрінің әр алуан хаттамалары бар. Интернеттің қызмет түрлерінің хаттамалары қолданбалы хаттамалар деп аталады. Мысалы, Интернетке файлды жіберу үшін арнайы ҒТР қолданбалы хаттамасы пайдаланылады. Сәйкесінше, Интернеттен файл алу үшін мынадай іс-әрекеттер жасау қажет:
компьютерде ҒТР клиенті болып табылатын бағдарлама орнату;
ҒТР қызметін ұсынушы сервермен байланыс орнату;
Интернетте жұмыс істеу үшін:
компьютерді Бүкіләлемдік желінің бір торабына жалғау;
IP-адресті алу/Интернетке қосылған адамның тораптық адресі /;
таңдап алынған Интернет қызмет түрінің бағдарлама-клиентін орнату және баптау қажет.
Интернет жүйесіне қатынасу технологиялары. DSL, ISDN технологиялары. Өз торабына қосып және жеке адрес тағайындап берумен айналысатын мекемелер Интернет қызметін қоюшылар немесе сервис-провайдерлер деп аталады. Жоғарыда айтылған қызметті келісім-шарт бойынша провайдерлер атқарады.
DSL-технологиялары Қарапайым телефон тек төменгі жиіліктегі желілерді қолданады. Егер ”телефонды” жіңішке жолының орнына кеңірек жолды қолданса, телефон сымы едәуір көп ақпарат жібере алады. Өткізу жолы немесе өткізу жолының ені - өткізу каналы жиіліктерінің диапазонындағы ең жоғары жиілік пен ең төменгі жиіліктің арасындағы айырымы. Телефон желісі арқылы сигналды жіберудің аналогты түрі 300 Гц-тен 3,4 кГц-ке дейінгі диапазонды алады. Цифрлы сигнал үлкендеу диапазонды талап етеді. Жіберу жылдамдығы өскен сайын, жиіліктер диапазоны да өсу керек. Сондықтан, «өткізу жолы» терминімен компьютер желісімен мәліметтерді жіберу жылдамдығының жоғары шекарасы белгіленеді. «Кеңжолды қатынас» термині арна ақпарат жіберу үшін кеңейтілген жиіліктер жолын береді дегенді білдіреді. Ақпаратты жіберудің жоғары жылдамдығы кең жолды пайдаланған кезде бірнеше сигал бір арнаның бойымен, бірақ әртүрлі жиіліктерде параллельді жіберілу мүмкіндігіне байланысты. Өйткені, уақыт бірлігінде ақпараттың мол көлемі жіберіледі. Арнаны бірнеше бөлікке бөліп, сигналдарды жіберу мультиплексорлау деп аталады. «Таржолды қатынас» терминімен дауысты жіберуге жеткілікті арна түсіндіріледі. Кейде «кеңжолды емес қатынас» термині кездеседі. Ол арнамен мәліметтерді жіберу жылдамдығы 64 Кбит/с-тан кем екендігін білдіреді. Телефон желісін цифрлы мәліметтерді жоғары жылдамдықта жіберу үшін қолдануға мүмкіндік беретін технологиялардың бірі DSL. DSL аббревиатурасы - «Digital Subscriber Line». Бұл технология телефонмен сөйлесуге кедергі жасамай, мәліметтерді жіберуге жоғары жиіліктерді қолдануға мүмкіндік жасайды. DSL-технологиясы көмегімен бір уақытта Интернетпен жұмыс істеу және телефонмен пайдалануға болады. Қарапайым модемге қарағанда, DSL-қосылу жылдамдығы едәуір жоғары. DSL үшін жаңадан сымдар жүргізу керек емес, өйткені телефон желісінің құрылғылары пайдаланылады.
Асимметриялы DSL (ADSL) Интернетпен жұмыс кезінде ақпараттың негізгі ағыны Желіден пайдаланушыға өтеді. Желіге ақпараттың едәуір аз көлемі жіберіледі. Мысалы, сіз Web-беттерді қараған кезде, кішігірім запрос жібересіз, ал желіден мәтін ғана емес, сонымен қатар суреттерді де қабылдайсыз. Яғни, ақпарат алмасу ассиметриялы болып келеді. Бұндай трафикті жіберу үшін ассиметриялы арна керек.
ADSL (Asymmetrical Digital Subscriber Line) немесе ассиметриялы DSL пайдаланушыға мәліметтерді жоғары жылдамдықпен жіберуге мүмкіндік береді, сондай- ақ пайдаланушыдан Желіге келген сигнал Желіден пайдаланушыға келген сигналға қарағанда төменгі жиіліктерде жіберіледі. Ең жаңа технологияларды пайдалануға байланысты ADSL бойынша ақпаратты жіберу жылдамдығы басқа қатынас түрлерімен салыстырғанда өте жоғары: 8 Мбит/с абонентке бағытталғанда, 1 Мбит/с абоненттен желіге бағытталғанда. Жоғары жылдамдық Web-сайттармен, мультимедиа-ақпаратпен ыңғайлы жұмыс істеуге, үлкен файлдарды жылдам тасымалдауға және интерактивті қосымшаларды толық пайдалануға мүмкіндік жасайды. ADSL артықшылығы болып орнатылуының жеңілдігі табылады: пайдаланушы мен телефон компаниясын бірімен-бірін қосатын бұрыннан бар телефон кабелінің сымдары қолданылады. ADSL Интернетке үнемі қатынасты қамтамасыз еткеннің өзінде ADSL пайдаланушылары өткізу жолын басқа абоненттермен бөліспейді. Бірақ ADSL кемшіліктері де бар, ең алдыңғысы – алыстықтың шектелуі.
ADSL-технологиясын қолданған кезде кері бағытта ақпаратты жіберу жылдамдығы ара қашықтыққа байланысты болады. Егер абонентке бағытталған ақпаратты 3 км қашықтықта 8 Мбит/с жылдамдықпен алуға болса, 5 км қашықтықта – тек 1,5 Мбит/с. Пайдаланушы ДК-і ADSL-модемге қосылады. ADSL-модемі жұмысының принципі 24 кГц-тен 1100 кГц-ке дейінгі жиіліктер диапазоны әрқайсысына виртуалды модем бекітілетін 4000-герцтік жолдарға бөлінетіндігіне негізделген. Соған байланысты виртуалды модемдердің әрқайсысы өз жиідіктер диапазонымен жұмыс істейді. ADSL-модемі жиілікті айырымға қосылады. Жиілікті айырым (немесе сплиттер) кәдімгі телефон байланысының төменгіжиілікті сигналы мен жоғарыжиілікті ADSL- сигналын айыратын төменгі жиіліктердің фильтрі болып табылады.Жиілікті айырым үш ұяшыққа ие блок түрінде жұмыс істейді: біреуі - ADSL-модем қосылуы үшін, екіншісі – телефон құрылғылары қосылуы үшін, үшіншісі – ADSL желісінің қосылуы үшін. Жиілікті айырым бір желіге телефонды да, компьютерді де қосуға мүмкінік береді. Телефон станциясындағы дәл сондай жиілікті айырым абоненттік сымның басқа жағында жоғары және төменгіжиілікті сигналдарды бөледі. Дыбысты сигнал телефонды желіге, ал цифрлы сигнал DSLAM (Digital Subscriber Line Access Multiplexer) қатынас мультиплексоріне бағытталады. Бұдан провайдер желісі арқылы Интернетке өтеді. Қатынас мультиплексоры – барлық DSL-абоненттерін бір жоғарыжылдамдықты желіге қосатын, телефон компаниясының ғимаратында орнатылған механизм.
ADSL – экономды технология. Қарапайым жағдайда аналогты өткізу қабілеті бар бөлінген арнаға қарағанда, желі пайдаланушығ арзан түседі. ISDN-технологиясы Бөлінген телефонды желі – екі абонентті үнемі қосатын телефонды байланыс желісі. Бөлінген желінің едәуір таралған технологиясы болып ISDN (Integrated Services Digital Network) табылады. ISDN – ақпаратты жіберудің цифрлы түрінің стандарты. ISDN- желісінің негізгі компоненті - 64 Кбит/с өткізу қабілеттілігі бар бірбағытталған bearer- арнасы немесе В-арна. Бұл арнамен цифрлы ақпарат жіберіле алады. Өткізу жолын кеңейту үшін В-арналар екі-екіден топтасады да, арналар тобына ақпарат алмасуды басқаратын D-арнасы (16 Кбит/с) қосылады. Ақпарат алмасу кәдімгі мыс сымның көмегімен атқарылады.
Модемнің орнына ISDN-адаптерді орнатқан пайдаланушылар 128 Кбит/с дейін баратын жылдамдықтағы Интернетке қол жеткізе алады. ISDN-адаптерлерін кейде ISDN-модемдері деп атайды. Бұл терминді дұрыс деуге болмайды, өйткені ISDN-адаптерлер модуляция және демодуляция функцияларын атқармайды, ISDN-желісі алдынан-ақ цифрлы болып табылған. ISDN-арнасын телефон компаниясы береді. ISDN-желісімен телефонмен сөйлесу және сол уақытта Интернетке ақпарт жіберуге болады. Төменде әртүрлі технологиялар бойынша Интернетке қатынасудың максималды жылдамдықтары келтірілген. Қатынасу технологиясы Максималды жылдамдық Коммутируемая телефонная линия 56 Кбит/с ISDN 128 Кбит/с Кабельді телевидение 36 Мбит/с ADSL 2 1 Мбит/с (запрос), 10 Мбит/с (ответ) 2,4 ГГц диапзонындағы радиоарна До 54 Мбит/с Серікті қатынас Жүйеге байланысты бірнеше Мбит/с Т1 1,544 Мбит/с ТЗ 44,74 Мбит/с GSM-data 9,6 Кбит/с GPRS 160 Кбит/с (теоретикалық максимум) UMTS 2,048 Мбит/с
Интернетке кіру рұқсат етуді регистрациядан өткізу уақытында ISP қолданушыға пошталық жәшікке дискінің белгілі-бір көлемін, пошталық жәшіктің адресін (E-mail Account Address), қолданушының атын (E-mail Account Login Name) және поштаға заңсыз кірудің рұқсатынан арылу үшін парольді (E-mail Account Password) бөліп береді. Электрондық пошта адресі: қолданушының_аты@домен_аты форматында болады, мысалы, Sanat@ntu.almaty.kz. «@» таңбасының сол жағындағы бөлік – бұл сервердегі пошталық жәшіккің аты (Account Namе), мұнан бұл адрестің иесі хаттардың алады (берілген мысалда Sanat). Ережедегідей, қолданушының аты пошталық жәшіктің атымен сәйкес келеді. «@» таңбасының оң жағындағы бөлік домен деп аталады және осы пошталық жәшіктің орналасқан жеріне көрсетеді. Электрондық поштаның адресін пайдаланушы жеткізудің ақырғы бекеті, яғни поштаны көріп жатқан компьютер болып саналмайтынын ескере кету жөн. Әр қолданушы бірнеше адрестерді әртүрлі пошталық серверлерде регистрациядан өткізе алады. Бүгінгі таңда электрондық поштаның қызметін ақысыз көрсететін жүздеген серверлер бар, сондықтан да кез келген Интернет қолданушы әлемнің әр бөліктерінде пошталық жәшіктерін емін-еркін регистрациялауы мүмкін. Сондықтан электрондық пошта адресін сіздің үйіңіздегі компьютердің адресі айқындамайды, ал Сіз пошта алатын сервердің адресі беріледі. Белгілі бір қолданушыда екі адрес регистрацияланған деп ойлайық: sasha@nyserver.com және sasha@almaty-server.ru. Ол әр жәшігінен өзінің компьютеріне хаттар алады, бірақ біреуін ол Нью-Йорктегі серверден, ал екіншісін – Алматыдағы серверден көшіреді. Осыған байланысты электрондық поштаның көрсеткіштік адресациясы жеткізу маршрутын адрес анықтайтыны туралы айтады. Екі сервис – екі протокол Электрондық пошта клиент-серверлік архитектураның принципімен құрастырылған. Қолданушы клиенттік программамен араласады, ол программа өз қатарымен пошталық сервермен араласады.
Поштаны жіберу және алу процедурасы әр түрлі дәрежеде жеке адамның анықталуын (идентификация личности) сұрайтыны айқын, осыдан мұнда кәдімгі поштадағыдай толық ұқсастық (аналогия) көрінеді: сізге өзіңіздің пошталық жәшіктің ішінен хатты алу үшін кілт керек. Бұл жағдайда кілт сіздің поштаны алу құқығы бар екендігін растайтын автоматизация құралы болып табылады. Хатты жіберу кезінде авторизация міндетті емес.
Жіберу және алу әр түрлі дәрежеде жеке адамның анықталуын сұрайтынына байланысты екі түрлі – хатты жіберуге және алуға арналған протоколдар бар. Хатты жберу кезінде авторизация міндетті еместігіне қарамастан, бүгінгі таңда провайдерлердің көпшілігі қауіпсіздік және спаммен күресу ойымен оны енгізу жоғары қойылады. Хаттарды жөнелту үшін SMTP протоколы (Simple Mail Transfer Protocol – поштаға сілтеме қарапайым протоколы) және оған сәйкес SMTP-серверлері қолданылады. Көбінесе поштаны жіберу сіздің пошталық серверіңіздің интернет-провайдерінде болады, бірақта бұл онша міндетті емсе. Әдетте SMTP-серверлер идентификацияны талап етпейді, сондықтан сіз хатты басқа да осындай серверден жіберсеңіз де болады.
Пошталық хабарламаны алу үшін қазірі уақытта тек нақты қолданушының поштасын серверден алып тұратын және сондықтан жәшікке кіруге рұқсат ететін құқықтық авторизацияны сұрайтын POP3 протоколы (Post Office Protocol – пошталық офис протоколы) көп қолданылады. Пошталық клиенттің негізгі функциялары Барлық пошталық клиенттердің негізгі функциялары – хабарламларды алу, оларды автономды режимде көруді ұйымдастыру, хабарламаларды сорттау, жауап хабарламларын дайындауды автоматизациялау және адрестік кітапшаны қолдау. Пошта қалай жұмыс істейді Хатты жіберу және жеткізу Интернетке қосылғаннан кейін, клиенттік программа пошталық сервермен байланысып, оған жіберушінің пошталық адресін және хабарламаның мәтінінің өзін жібереді. Поштаны жіберу кезінде клиенттік программа шығыс поштаның серверімен, яғни SMTP-сервермен 25 нөмірлі портқа SMTP протоколы арқылы қосылып, ара қатынасқа түседі. Пошта жіберілетін SMTP-серверінің аты клиенттік пошталық программаға оны күйге келтіру кезінде алдын-ала енізілу керек. Осы процессті мұқият қарастырайық.
Хат жіберушінің серверіне жеткізілгеннен кейін, жіберушінің SMTP- сервері алушының серверімен байланысу керек. Бұл үшін оған алушының SMTP- серверінің IP-адресін білу қажет. Осы адресті білу үшін, ол DNS-серверге алушының SMTP-серверінің IP-адресін білуге сұраныс тастайды. Егер де қайсы-бір себеппен жіберушінің SMTP-сервері алушының SMTP-серверімен байланысқа түсе алмаса, онда жіберілім жеткізілу үшін кезекке тұрады. Әдетте әр 15 минута сайын кезектегі хатты қайта жөнелту әрекеті өндіріледі. Шамамен 4 сағаттан кейін жіберушіге проблема туралы хабарлама жіберіледі, ал 5 күн өткен соң серверлердің көпшілігі әрекеттерін тоқтатып, жіберушіге жіберілменген поштаны қайтарады, сондықтан хат із-түссіз жоғалып кете алмайды. Егер пошталық клиент пен SMTP-сервердің қатынас протоколына қарасақ, оның жетерліктей қарапайым екендігіне көз жеткізуге болады. Мұнда интуитивті түсінікті командалар қолданылады: мысалы HELO (таныстырыламын), MAIL FROM (жіберушіні анықтаймын), RCPT TO (алушыны анықтаймын) және т.с.с.
Жіберушінің SMTP-сервері алушының SMTP-серверімен байланысқа түскен сәтте- ақ, ол жіберілімді жөнелтеді. Алушының сервері адресте көрсетілген атты қолданушының бар екендігін анықтайды және оның жәшігіне жіберілім жөнелтеді. Пошта серверде орналасқаннан кейін, алушы оны сол жерден көшіріп алуға мүмкіндік алады. Пошталық жәшіктен жиналған поштаны алу кезінде, клиенттік программа POP3-сервермен POP3 протоколы арқылы байланысады. Интернетке кірген кезде өзіңіздің пароль мен логинді көрсеткендіктен, әдетте поштаны алу кезінде осы мәліметтерді қайта енгізу керек емес. Сіздің пошталық клиентіңіз POP3-сервермен байланысып, локальді машинаға электронық пошта жіберілімдерінің копияларының жөнелтуін анықтайтын бұйрықтарды жібереді. Әдетте, пошта алынғаннан кейін пошталық клиентте керісінше көрсетілмесе, сервердегі хабарламалар өшіріледі. SMTP-сервер секілді, POP3-сервер алушының пошталық клиентпен «сөйлесу» кезінде интуитивті түсінікті командалар жиынтығын қолданады: USER (қолданушының ID енгізіңіз), PASS (пароль енгізіңіз), QUIT (POP3- серверден шығыңыз), DELE (хабарламаны өшіріңіз). Егер SMTP-протокол қарапайым және тек қана серверге алушының адресі бар хаттардың мазмұнын жіберетін болса, онда POP3-сервермен жұмыс әлдеқайда күрделірек болатынын ескеру жөн, ол хаттарды бөлектеліп көшіруді іске асырады, үлкен хаттардан бас тартуға жол береді және т.б.
Бақылау сұрақтары:
E-mail клиентін ISP регистрациясы қалай өткізіледі?
Электрондық поштаның жіберу және жеткізу механизмі қандай?
E-mail сервисінде қандай протоколдар қолданылады?
Арнаулы таңбаларды және толтырма хабарламаларды жөнелтудің ерекшеліктері?
DSL – технологиясымен ақпаратты жіберудің ерекшелігі неде?
ISDN– технологиясымен ақпаратты жіберудің ерекшелігі неде?
ADSL – технологиясымен ақпаратты жіберудің ерекшелігі неде?
ISDN және DSL технологияларын қолдану үшін қандай құрылғы қажет?