Дәрістер жиынтығЫ «Ақпараттық коммуникациялық технологиялар»


Аралас бұлттар (hybrid cloud)



бет22/31
Дата27.10.2023
өлшемі438,08 Kb.
#188716
1   ...   18   19   20   21   22   23   24   25   ...   31
Байланысты:
ikt darister kazaksha

Аралас бұлттар (hybrid cloud) — екі немесе одан көп бұлт түрлерінің (жеке, ортақ, қоғамдық) аралас комбинациясын атауға болады. Бұлт түрінің осы моделін географиялық түрде әр жерде орналасқан филиалдары бар, немесе көптеген бағдарламалық жүйелері бар ірі компаниялар қолдануы мүмкін.
Сонымен бұлттық есептеулердің не екенін түсіндіріп өттік. Енді бұлттық есептеулерді ұсынушы сервис иелері мен тұтынушылар арасындағы қатынасқа тоқталып өтейік. Тұтынушыларға қызмет көрсету моделі мақсаты мен құрамына байланысты мынадай негізгі үш түрге бөлінеді (IaaS, PaaS, SaaS):
Бағдарламалар сервис ретінде (Software as a Service, қысқаша SaaS) дегеніміз – тұтынушы “бұлттарда орналасқан” бұлт иелерінің меншігіндегі бағдарламалармен жұмыс істеу мүмкіншілігіне ие болатын бизнес-модельдің бір түрі. Тұтынушы кез-келген жерден интернетке қосылған кез-келген компьютерлік құралғымен өз дереккөздерімен жұмыс істей алады. Бағдарламаның үздіксіз жұмыс істеуін қамтамасыз ететін, және оған кететін шығындарды толығымен бұлт иелері өз мойнына алады да, ал тұтынушы (егер сервис ақылы болса) тек сол бұлтты сервисті қолданғаны үшін ғана айлық жарнақы төлеп тұрады. Осылайша, тұтынушы өзіне керекті бағдарламаның лицензиясын сатып алуға бірден көп ақша шығармайды да, ал бағдарлама құрастырушылар өз өнімдерінің заңсыз таралуынан және заңсыз пайдалануынан сақтандырылады.
Тұғырнама сервис ретінде (Platform-as-a-Service, қысқаша PaaS) дегеніміз —тұтынушы өзінің негізгі бағдарламалары мен жаңадан жасалатын, немесе сатып алатын бағдарламаларын бұлттарға қою мүмкіншілігіне ие болатын бизнес-модельдің екінші бір түрі. Мұндай тұғырнамаға көбінесе бағдарлама жасауға, оны сынауға, орындауға арналған құрал-жабдықтар, дерек көздерін басқаратын жүйелер, бағдарлама жазатын орта мен құралғылар кіреді. Қазіргі кезде көптеген бағдарламалар бір ортада жазылып, екінші ортада сынақтан өтіп, үшінші ортада іске қосылып жататыны жасырын емес. PaaS моделінің арқасында жоғарыда аталған құрастыру, сынау, іске қосу операцияларын интеграциаланған бір ортада өткізуге болады. Соның арқасында жаңағы айтылған әрбір ортаға, тұғырнамаға, сервер сатып алуға кететін шығындарды үнемдеуге болады. Осы модельдің жарқын мысалы ретінде уеб-сайттарға арналған хостинг қызметтерін айтуға болады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   18   19   20   21   22   23   24   25   ...   31




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет