Барлық компьютерлік желілерін қолданудағы негізгі мақсат-олардың ортақ ресурстарға бірлесіп қатынауын қамтамасыз ету.
Ресурстардың үш түрі бар: аппараттық, бағдарламалық және ақпараттық. Ақпараттық ресурстарға барлық компьютерлік құрылғылар, сол құрылғылардың сыйымдылығы және т.б жатады.
Қашықтағы компьютерлерде сақталған мәліметтер ақпараттық ресурстарды құрайды.
Компьютерлік желілерді аппараттық және бағдарламалық үйлесімділікті қамтамасыз ету үшін хаттама деп аталатын арнаулы стандартты бағдарламалар қызмет етеді.
Қазіргі уақытта 20-дан аса ауқымды (глобальды) желілер (CompuServe, America On Line, MS Network және басқалар) бар, бірақ солардың ең танымалысы – Интернет желісі.
Интернет – бір-бірімен байланыс каналдары және бірегей қабылдау, мәліметтерді беру стандарттары арқылы өзара байланысқан компьютерлер мен компьютерлер желілерінің жиынтығы. Ол деген жер шарын қамтып жатқан ауқымды бүкіләлемдік ақпарат жүйесі болып отыр.
Бүгінде осы ақпараттық кеңістікте 120 млн. аса пайдаланушылар қосылған. Олардың әрбірі одан өзіне қажеттісін тауып, оған қажетті дегенді бере алады. Соның нәтижесінде Интернет ақпарат ресурстарымен үздіксіз толығып отырады.
Интернет 1969 жылы АҚШ-та осы елдің қорғаныс министрлігінің тапсырысы бойынша жасалған ARPANET желісінен пайда болды. ARPANET оқу орындарын, әскерлер мен әскери мердігерлерді біріктіретін желі еді. Ол о баста зертеушілердің ақпарат алмасуына көмек ретінде, сондай-ақ ядролық шабуыл кезінде қалай байланыс жасау керектігін зерттеу үшін жасалған. ARPANET алғашқыда ғалымдарға тек жүйеге енуге және қашықтағы компьютерге бағдарлама енгізуге мүмкіндік берді. Ұзамай бұған файлдарды, электронды поштаны және жөнелту тізімін беру мүмкіндіктері қосылды. Мұндағы мақсат бір мәселемен айналысып жүрген зерттеушілердің ақпарат алмасуларына мүмкіндік ашу болатын. Бірақ ARPANET-тің өсуіне орай және басқа желілер де дамып, оларды бір-бірімен жалғастыру қажеттігі туындады. Осылай бір-бірімен жалғасқан желілерден тұратын Интернет дүниеге келді.
Қазіргі кезде Интернеттің ең негізгі қызметтеріне электрондық пошта қызметімен мамандықтары бір немесе ортақ мәселемен айналысатын топтардың немесе зерттеушілердің бір-бірімен жылдам мәлімет алмасуы жатады.
Интернет күннен-күнге қуатты екпін алып, оған көптеген компаниялар мен фирмалар және қарапайым тұтынушылар үздіксіз қосылуда. Компаниялар мен олардың жабдықтаушылары және тұтынушылары арасындағы байланыс дәнекері рөлін атқаратын осы интернет желісі болып табылады. Қазіргі кезде мекемелер және әрбір жеке отбасы үшін атқарылатын алыстан оқыту жүйелері, алыстан кеңес беру, емдеу жұмыстары тәрізді мәліметті, сөзді, бейнені, қозғалысты қашықтан жылдам жеткізу жұмыстары осы интернет арқылы жүзеге асырылады.