Дәрістер жиынтығын құрастырған терапия пәнінің оқытушылары: Қалиева Гульмира Омарбековна Каримова Гульзара Айтбековна Рецензия: Дәрістер жиынтығы «Емдеу ісі»



бет49/106
Дата24.12.2023
өлшемі311,53 Kb.
#198880
1   ...   45   46   47   48   49   50   51   52   ...   106
Байланысты:
лекции по терапии

Асқорыту жүйесінің аурулары.
Гастрит
Гастрит – бұл асқазанның кілегейлі қабатының қабынып, зақымдануы және секреция мен перистальтикасының қабаттаса бұзылуы.
Жедел және созылмалы түрге бөлінеді.
Жедел гастрит- өте кең тараған ауру, асқазанның кілегейлі қабатының жедел түрде қабынуы.
Этиологиясы: нашар қорытылатын, шайналатын және сапасы төмен тағамдар,
тамақтың әсерінен дамыған токсикоинфекциялар, неше түрлі уланулар, сілтілер, қышқылдар.
Клиникасы: асқазанға қоздырушы түскеннен кейін 2-3 сағат аралығында қабыну процесі дами бастайды, ал клиникалық белгілері 4-12 сағат арлығында басталады.
Негізгі белгілері:
жедел диспепсиялар; тәбеттің болмауы, аузында жағымсыз дәм, жүрек айну, құсу аурудың басында қорытылмаған тағамдармен, кейін өтпен. Құсық болмаса сұйық, өткір иісті нәжіс, метеоризм, іш аймағында ұстама тәріздес ауырсынулар. Эпигастрий аймағында қысу, ауырсыну, керіп тұрғандай сезім. Кейде науқас қалтырап, дене температурасы көтерілуі мүмкін. Өте ауыр жағдайда қан қысымы төмендеп, тамыр соғысы нашарлап, тері қабаттары бозарады.
Тексергенде: науқас бозғылт, пульсі жиілеген, тілі кір тұтықпен қапталған, аузынан жағымсыз иіс, эпигастрийда ауырсыну, іші өткен кезде тоқ ішектің бойында да ауырсыну.
Гастроскопияда; кілегейлі қабығында қан кернеуі, кілегейлі қабықтың жалақтанып қызаруы және қанталағаны - эрозиялар.
Рентгенологиялық зерттеуде - кілігейлі қабаттың рельефі өзгермеген.
Емі: Ұланғаннан 12 сағат аспаса асқазанды жуу физ. ерітіндісімен немесе 0,5% натрий гидрокорбонат ертіндісімен.
Науқас төсек тәртібін сақтайды. Эпигастрий аймағына жылытқыш қояды. Алғашқы 1-2 күнде тек сұйықтық ішкізу. 2-3 күннен бастап №1 диета тағандайылады. Оны біртіндеп ауыстырып 2-ші аптаның аяғында қалыпты емдәмге көшеді.
Науқас сусызданғанда - 0,9% изотоникалық натрий хлориді ертіндісі немесе 5% глюкозаны к/т еңгізу.


Созылмалы гастрит - асқазанның кілегейлі қабатының созылмалы қабынуы және оның дистрофиялық өзгерістері. Секрециясы төмендеген немесе мүлдем жоқ, секрециясы жоғарлаған немесе сақталған екі түрге бөлінеді.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   45   46   47   48   49   50   51   52   ...   106




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет