Дәрістер жиынтығын құрастырған терапия пәнінің оқытушылары: Қалиева Гульмира Омарбековна Каримова Гульзара Айтбековна Рецензия: Дәрістер жиынтығы «Емдеу ісі»



бет57/106
Дата24.12.2023
өлшемі311,53 Kb.
#198880
1   ...   53   54   55   56   57   58   59   60   ...   106
Байланысты:
лекции по терапии

Бақылау сурақтары

    1. Асқазан рагінің негізгі симптомдарын атаңыз.

    2. Созылмалы гастритпен немесе асқазан ойық жарасымен ауыратын науқастарда қай белгілер асқазан рагінің дамуын білдіреді.

    3. Асқазан рагі емінің негізгі принциптері.

    4. Асқазан рагінің негізгі алдын алу шаралары.



Созылмалы энтерит
Созылмалы энтерит – жіңішке ішектің кілегей қабатының қабынуынан, дистрофиялық, атрофиялық өзгерістерінен жіңішке ішекте ас қорытылуының, сіңірілуінің бұзылысына алып келетін полиэтиологиялық ауру.
Этиологиясы. Созылмалы энтерит – полиэтиологиялық ауру;
1. Инфекциялар (сальмонеллез, дизентерия, иерсиниоз, энтеровирустық инфекция), паразиттік инвазия (лямблиоз, ішек құрттары).
2. Улық ықпалдар – дәрмектер, ішімдік.
3. Алиментарлық ықпалдар (белоктық, витаминдердің тапшылығы, үнемі құрғақ тамақ ішу, тамақты тоя ішу).
4. Тағамдық аллергия (көбінесе сүтке, шоколадқа, жұмыртқаға, балыққа, әсіресе теңіз балықтарының етіне).
5. Асқорыту жолдарының функциялық бұзылыстары.
Клиникалық көрінісі.
Мальдегистия синдромы; ас қорытылуына қажетті ферменттердің жетіспеуінен химустың (тамақтың) ішек бойында тез өтуі.
Ішектік диспепсия; іш тәулігіне 6-8 рет өтіп, нәжісі 1-1,5 л. болады. Дәреті қоймалжын немесе сүйық . Сүт ішсе – іші қорылдап, түйіліп ауыра бастайды және өтеді. Іштің ауыруы ішектің түйілуінен, газбен керілуінен немесе шажырқай түйіндердің қабынуынан болады. Метеоризмге байланысты ауырсыну тамақтанғаннан 1 -3 сағаттан кейін білінеді, кешке жақын күшейеді, дефекациядан немесе жел шығарғаннан басылады.
Мальабсорбция синдромы. Ішектің сіңіру процесстері бұзылғандықтан дене салмағы төмендейді, астенизацияның, полигиповитаминоздың көріністері пайда болады - тілдің ашып ауыруы, сілекейдің ағуы, глоссит, дерматит, деменция, терінің құрғақтығы, түлегіштігі, жұқаруы, тырнақтардың жолақтанып қалыңдауы, шаштың түсуі анықталады.
Гипокальциемия белгілері – саусақтың, тіл үшының, мұрын, ауыз үшбұрышының жансыздануы, ұю сезімдері, сүйектердің сырқырап ауыруы.
Тексергенде:
1. Копрологиялық зерттеуде - сары, сүйық, сілтілі реакциялы нәжіс, полифекалия, креаторея.
2.Дисбактериозды анықтау үшін нәжістің микробтық құрамы зерттеледі: қалыпты флора азаяды, ал ішек таяқшалары, протей, стафилококк, гемолиздеуші стрептококк көбейеді.
Емі. Емдәммен емдеу. Өршу кезінде N4, диарея азайып ремиссия болғанға дейін N4б, Ал ремиссия кезінде N4в емдәм беріледі.
Антибактериялық – тетрациклин, левомецитин, эритромицин, фурозалидон.
Пробиотиктер: аэробтық флорада– колибактерин, анаэробтық флорада – бифидумбактерин, аралас флорада – бификол, бифиформ
Антидиареялық дәрмектер: Реасек, имодиум іш өткен сайын 1 капсуладан.
Ферменттік дәрмектер: панкреатин, фестал, полизим, дигестал, хилак форте .
Спазмолитиктер: но- шпа, дюпасталин
Метаболизмдік бұзылыстарды жоюға: ретаболил, неробол, поливитаминдер.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   53   54   55   56   57   58   59   60   ...   106




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет