Дәрістер жиынтығын құрастырған терапия пәнінің оқытушылары: Қалиева Гульмира Омарбековна Каримова Гульзара Айтбековна Рецензия: Дәрістер жиынтығы «Емдеу ісі»



бет55/106
Дата24.12.2023
өлшемі311,53 Kb.
#198880
1   ...   51   52   53   54   55   56   57   58   ...   106
Байланысты:
лекции по терапии

Асқазан обыры.


Асқазан обыры -асқазанның қатерлі ісігі.Қатерлі ісіктер ішінде екінші орын алады.
Қатерлі ісіктердің пайда болу қауіпі 40-45 жастан асқан адамдарда өсуде.Әйелдерге қарағанда,асқазан қатерлі ісігі ер адамдарда 4 есе жиірек дамиды.
Этиология. Себептері толық анықталмаған.
Бейімдеуші ықпалдар: Химиялық фактор (шамадан тыс құырылған,ұзақ сақталғантағамдар,бірнеше рет пайдаланылған майларда кездесетін канцерогендер,тұздалған тағам түрлері);
Тәндік немесе асқазанның бұзылу факторы (әбден шайналмаған,құрғақ,қақталған,ащы,өте ыстық тағамдарды пайдалану);
Инфекциялық фактор (хеликобактер пилори бактериясын жұқтыру);
Темекі шегу және алкоголь ішімдіктерін салынып ішу.
Клиникасы: Ең маңызды мәселе-асқазан рагінің диагнозын ерте қою.Аурудың үш кезеңін анықтайды:1)алғашқы; 2)аурудың клиникалық белгілерінің айқын көрінуі; 3)терминальды.
Алғашқы кезеңде усақ белгілер синдромы дамиды:себепсіз әлсіздік, шаршағыштық,тәбеттің төмендеуі не болмауы, ет, балық тағамдарынан жиіркену,асқазан дискомфорты-кекіру, эпигастрийда ауырлық сезім,асқазанның толып туру сезімі, психикалық депрессия, апатия, бөтенсіну.
Аурудың клиникалық белгілерінің айқын көрінуі кезеңі келесі белгілермен сипатталады: эпигастрий аймағында сыздаған, сорып тұрғандай ауырсыну сезімі, анорексия, булемия, жүдеу, жүрек айну, құсу, ұзақ уақыт қалтырау, созылмалы асқазаннан қан кетулер.Бұл белгілер көп науқастарда байқалады,бірақ латентті және ауырсынусыз түрлеріде кездеседі.
Терминальды кезеңде асқазанда,оң жақ қабырға астында (бауырда метастаз), арқада (ісіктің ұйқы безіне өсуі), кейде сүйекте өте күшті мазаны кетіретін ауырсынулар,тәбеттің толық болмауы және тамақтан жиркенуі, жүрек айну, өте күшті әлсіздік, тамақ ішкен сайын құсу, жүдеу, қалтырау, терісі құрғақ жер түстес, кейде асцит.
Пальпаторлы метастаздарды және үлкейген лимфа түйіндерін анықтау болады. Жүдеу біртіндеп кахексияға айналады. Пациент интоксикациямен жүрек-тамыр шамасыздығынан қайтыс болады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   51   52   53   54   55   56   57   58   ...   106




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет