Бауыр циррозы
Бауыр циррозы- бауыр паренхимасы мен стромасының дистрофиялық және некроздық зақымдануынан бауырда түйінді регенерация және дәнекер ұлпасының жайылма өрбуін тудыратын бауырдың созылмалы және ауруы. Сонымен қатар бауыр паренхимасы мен оның тамыр жүйесінің құрылысы өзгеріп, портальді гипертензия дамиды. Бауыр ұлпасының дәнекер ұлпамен алмасуы бауыр функцияларының бұзылуына себеп болады.
Этиологиясы: 1. Созылмалы вирусты гепатит.
2. Алиментарлы фактор(маскүнемдік, ақуыз және витаминдер жетіспеуі).
3. Токсико-аллергиялық фактор (иммундық өзгерістер, жоғары сезімталдық).
4. Бауыр ішілік және бауырдан тыс өт жолдарының аурулары.
5. Гепатотропты әсер ететін улар мен дәрмектер.
6. Конституциялық-генетикалық фактор.
Клиникасы. Цирроздың негізгі белгісі – бауырдың тығыздығы, қаттылығы және бетінің бұдырлығы, көкбауырда ұлғаяды консистенциясы тығыз, шеті жұмыр келеді.
Басты белгілері: оң жақ қабырға астының ауырсынуы немесе салмақ сезіну, диспепсиялық шағымдар, жүдеу, қызу көтерілу, сарғаю, өнеш веналарынан қан кету және терінің қышуы.
Аурудың белсенді фазасында ғана метеоризм, жүрек айнуы, іштің өтуі, эпигастрий аймағында жайылма ауырсыну байқалады.
Декомпенсация фазасында спленомегалия, асцит, «медуза басы» қосылады.
Тексергенде: терісінің түсі сұрғыл тартқан, не сарғыш, еріндері мен тілдерінің ұшы қызарған, тілі қызыл, жылтыр, аяқтары жіңішкеріп, іші шектен тыс өскен, терінің қышынуы, ксантомалар, тері пигментациясы, тырнақтардың ағаруы, саусақ ұштарының дабыл таяқшалары тәрізденуі, бет, жауырын, иық белдемесінің терісіндегі және ауыз, мұрын кілегей қабықтарындағы тамыр жұлдызшалары, қызыл бауыр алақандар, кіндік аймағының көк тамырлары «медуза басындай» ісінген, остеопороз, қанағыштық, ерлерде гинекомастия. Пальпацияда бауыр тығыз, қатты, тақтайдай болады, ауырсыну бермейді, шеті үшкір, қабырға доғасынан 2-5 см төмен түсіп тұрады. Іш қуысында асцит болады.
Зертханалық тексерулер: қанда – анемия, лейкопения, тромбоцитопения, ЭТЖ көбеюі. Биохимиялық анализде билирубин көбейген, альбумин азайып, гамма- глобулин көбейеді. Несепте уробилин мөлшері өте көп болады.
Аспапты зерттеулер: бауырды радиоизотопты зерттеу, бауырдың пункционды биопсиясы қолданылады. УДЗ –зерттеуде: бауырымен көк бауыры ұлғайған, эндоскопиялық зерттеуде - өнешпен асқазанның көк тамырлары варикозды кенейген.
Достарыңызбен бөлісу: |