Дәрістер жиынтығын құрастырған терапия пәнінің оқытушылары: Қалиева Гульмира Омарбековна Каримова Гульзара Айтбековна Рецензия: Дәрістер жиынтығы «Емдеу ісі»



бет103/106
Дата24.12.2023
өлшемі311,53 Kb.
#198880
1   ...   98   99   100   101   102   103   104   105   106
Байланысты:
лекции по терапии

Диагностикасы. Қанда лейкопения, тромбоцитопения, анемия, LE жасушалар, С-реактивті белок.
Анкилоздаушы спондилоартрит (Бехтерев ауруы) – омыртқа бағанасының буындарын басым зақымдап, анкилозына алып келетін буындардың жүйелі созылмалы қабыну ауруы (грек. ankylos – қисық, иілген, spondilos - омыртқа).
Бейімдеуші ықпалдар. Тұқым қуалауға бейімділік.
Клиникасы. Ауру көбіне жас шақта басталады және ер кісілерде 3 есе жиі пайда болады. Ауру біртіндеп баяу басталады. Сегізкөз-бел аймағының ауырсынуы мен сіресуі пайда болады. Денені біраз қимылдатып жеңіл жаттығулардан уақытша басылады. Процесс біртіндеп төменнен жоғары кеуде, мойын омыртқаларына тарайды. Зақымданған буындар ауырады, қозғалысы шектеледі. 10-15% науқастарда шеттік аяқтың ірі және орта буындары зақымданады. Науқастың денесін иіп-жазуға немесе буруға шамасы келмейді, мәселен басын бурса - бүкіл денесімен бурылады. Жүре бара тыныс шамасыздығы, созылмалы өкпетекті жүрек, аорта қақпағының шамасыздығы, миокардит, перикардит және бүйрек зақымданады.
Объективті.Дене қалпы еңкейіп «садақа сураушыға» ұқсайды және жүріс те өзгереді. Кеуденің тыныстық экскурсиясы шектеледі, арқаның тік бұлшықеттері атрофияланады.
Диагностикасы. Қанда жоғарлаған ЭТЖ, рентгенде омыртқа буындарының анкилозы.

Жүйелі склеродермия – терінің, ішкі ағзалардың дәнекер ұлпасының және ұсақ тамырларының жүйелі ауруы.( латын. scleros –қатты, dermos - тері )
Сирек кездесетін ауру, 30-50 жас аралығындағы әйелдерде кездеседі.
Клиникасы. Басты белгісі – терінің өзгерісі 3 сатыда өтеді: ісіну, индурация, атрофия.
Ісіну сатысында - терісі ісініп, май жаққандай жылтырайды, қыртыстары жойылып, тегістеледі.
Индурация сатысында – тері аса тығыздалады, қыртыстары мен әжімдері жойылады. Мимикалық қимылдар жойылып, беті «бет пердесіне» тәрізденеді.
Атрофия сатысында – тері жұқарады,тарылып тартылады және онда ерекше жылтырақ пайда болады. Науқастың денесі бетінен бастап тұтас солып, кішірейіп, тартылып қалады. Сонымен қатар ішкі ағзалар зақымданады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   98   99   100   101   102   103   104   105   106




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет