Дәрістер жиынтығын құрастырған терапия пәнінің оқытушылары: Қалиева Гульмира Омарбековна Каримова Гульзара Айтбековна Рецензия: Дәрістер жиынтығы «Емдеу ісі»



бет75/106
Дата24.12.2023
өлшемі311,53 Kb.
#198880
1   ...   71   72   73   74   75   76   77   78   ...   106
Байланысты:
лекции по терапии

Бейімдеуші факторлар.
Бактериурия – шат аймағының, әсіресе үрпі маңының микробтық ластануы.
Уродинамиканың бұзылыстарына әкелетін аурулар: несеп тас ауруы, ісіктер, ұзақ төсек тәртібі.
Әйелдер несеп жолдарының жыныстық ерекшеліктері: уретраның қысқалығы және кеңдігі.
Жүктілік және гормондық контрацепциялық заттарды қолдану.
Қантты диабет.
Жедел және созылмалы инфекциялар, созылмалы инфекция ошақтары, салқын тию.


Жедел пиелонефрит.
Клиникалық көрінісі жалпы және жергілікті белгілерден құралады.
Жалпы белгілерге жатады: өте жоғары гектикалық түрдегі қалтырау, шылқылдап терлеу, бас ауру, бұлшық еттерінде және буындарында ауырсыну, жүрек айну, құсу.
Жергілікті белгілерге жатады: бел аймағының бұлшық еттері қатайып белінің ауырсынуы, оң (+) -Пастернацкий симптомы, дизуриялық бұзылыстар - жиі көп мөлшерде кіші дәретке отыру.
Пиелонефрит диагнозын қоюға несепте лейкоцитурияны және бактериурияны анықтау өте маңызды
Аспапты зерттеулерден - ультра дыбыспен зерттеу, рентгенографиялық әдіс кең қолданылады, қажеттілік болса – экскреторлы урография.


Созылмалы пиелонефрит
Созылмалы пиелонефрит көбіне жедел пиелонефриттің салдарынан дамиды. Науқастың көбі дерттің белгілерін аңғармай жүре береді. Сурастыру кезінде белдің оқта-текте ауыруы, кейде қызудың субфебрильді деңгейге көтерілуі, дизуриялық бұзылыстар анықталады. Сонымен қатар астенияның белгілері – шаршағыштық, әлсіздік, жұмыс қабілетінің томендеуі. Кейде науқас дәрігердің алдына алғаш рет артериялық гипертензия, анемия, бүйрек шамасыздығы дамығанда келеді.
Процестің өршу кезінде созылмалы пиелонефриттің белгілері жедел пиелонефриттің белгілеріне уқсайды, дененің қызуы биіктемейді немесе субфебрильді деңгейге көтеріледі, бірақ көбіне артериальді қысымның көтерілуімен қатар болады. Ауру рецидив – ремиссия түрінде өтеді, бірде өршіп, бірде басылып. Науқастардың көбі бел аймағының мұздауына, белдің үнемі сыздауына шағымданады, сондықтан олар белін қымтап орап жүруге тырысады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   71   72   73   74   75   76   77   78   ...   106




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет