Дәрістер жиынтығын құрастырған терапия пәнінің оқытушылары: Қалиева Гульмира Омарбековна Каримова Гульзара Айтбековна Рецензия: Дәрістер жиынтығы «Емдеу ісі»



бет66/106
Дата24.12.2023
өлшемі311,53 Kb.
#198880
1   ...   62   63   64   65   66   67   68   69   ...   106
Байланысты:
лекции по терапии

Холецистит
Холецистит - бұл өтқабы қабырғасының зақымдануына , моторикасының бұзылысына әкелетін және өт тастарының түзілуіне септігін тигізетін өтқабының бейспецификалық қабыну ауруы. Әйелдерде 3-4 есе жиі кездеседі.
Этиологиясы: бактериялық инфекция, әсіресе ішек таяқшасы, лямблиялар.
Бейімдеуші фактор: семіздік, сирек тамақ қабылдау әсіресе ертеңгісін тамақ қабылдамау, жүктілік, гиподинамия. Аурудың қозуы көп мөлшерде майлы қуырған тағам, алкоголь қабылдағанда болады.
Клиникасы. Майлы қуырған тамақ ішкеннен кейін 1-3сағат өткеннен кейін оң жақ қабырға астында сыздағандай керіп түрғандай ауырсыну басталады. Біртіндеп күшейіп оң жақ иыққа, бұғанаға, жауырынға иррадиация береді. Диспепсиялық бұзылыстар болады: ауамен кекіру, ащы дәм сезіну, жүрек айну, тәбеттің төмендеуі. Ауырсыну кезінде көңіл күйі нашарлайды, мінездің ұстамсыздығы пайда болады, басы ауырады. Ауру рецедив ремиссия түрінде өтеді, аурудың ағымы қауіпсіз диета сақтап сақтанса рецидив болмайды.Жұмысқа деген қабілеті төмендейді.
Тексергенде. Пальпацияда: оң қабырға астында өт қабының проекциясында ауырсыну анықталады. Температура 370-37,50 – тен жоғары, қанда ЭТЖ жоғары, лейкоцитоз. Дуоденальді зондтауда - Б порциясында көп мөлшерде шырыш, эпителиальді клеткалар, лейкоциттер анықталады.Холецистографияда өт қабының түрі өзгереді, кейде тас анықталады.
Асқынулар: гепатит, панкреатит және өт тас ауруы дамуы мүмкін.
Емі. Диетотерапия: №5 емдәм. Өршу кезінде қуырған, өткір майлы тағамдар берілмейді.Тағамдарды суға пісіріп немесе буға бұқтырып дайындайды. Липотроптық заттарға бай тағамдарды( сүзбе, ірімшік, балық, бұршақ дәндіктері) ұсынған жөн.
Дәрмектік ем.
1. Кең спекторлі антибиотиктер: эритромицин, олететрин левомицетин, фуразолидон 1-2 апта уақытта
2.Спазмолитиктер: но-шпа, папаверин, баралгин, спазган, церукал
3.Өт айдайтын препараттар: аллахол, холензим, фламин
Ауырсыну басылғаннан кейін физиотерапиялық процедуралар. Ремиссия кезінде санаторлы курортты ем.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   62   63   64   65   66   67   68   69   ...   106




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет