Дәрістер жиынтығын құрастырған терапия пәнінің оқытушылары: Қалиева Гульмира Омарбековна Каримова Гульзара Айтбековна Рецензия: Дәрістер жиынтығы «Емдеу ісі»



бет67/106
Дата24.12.2023
өлшемі311,53 Kb.
#198880
1   ...   63   64   65   66   67   68   69   70   ...   106
Байланысты:
лекции по терапии

Өт тас ауруы
Өт тас ауруы - өт қабында кейде өзектерінде тастардың байлануы. Ауру көбінесе орта жасты және жасы ұлғайған әйелдерде кездеседі.
Бейімдеуші фактор: семіздік, гиподинамия, сирек тамақ қабылдау, жиі жүктілік, созылмалы холецистит
Клиникасы - шағымдары холецистит ауруына ұқсайды, бірақ шаншу ұстамаларын береді. Оны бауыр шаншуы немесе өт шаншуы дейді. Майлы қуырылған тамақтан кейін басталады. Ауырсыну біртіндеп басталып, күшейе береді, сонымен қатар жүрек айну, лоқсу, құсу қосылады. Ауырсыну оң жақ иыққа, жауырынға, бұғанаға беріледі. Ауырсынудың күштілігі соншалықты күшті, сондықтан наркотикалық анальгетиктермен басылады. Өт шаншуы әр түрлі аяқталады. Тас жылжып ұлтабарға өтіп кетуі мүмкін немесе өт қабына қайта оралуы. Егерде тас жалпы өт өзегінде тұрып қалса онда оны бітеп механикалық сарғаю дамиды: нәжісі ағарып, зәрі қоңырланады, қанда билирубин көбееді.
Тексергенде.Ұстама кезінде ЭТЖ жоғарлайды, лейкоцитоз.
Іштің пальпациясында өтқабының тітіркену белгілері анықталады.
Холецистографияда және УДЗ - да: өт қабында конкремент көлеңкелері.
Емі. Хирургиялық ем қолдану немесе лазер саулелерімен ыдырату. Одди сфинктерін кеңейтуге одестон береді. Өт шаншу ұстамасын наркотикалық аналгетиктермен бірге атропин басады. Қабыну процесі қосылса антибиотиктер тағайындайды.
Алдын алу
1. Диетаны және тамақтану тәртібін сақтау.
2. Өте майлы тамақ қабылдамау.
3. Қимыл қозғалыс белсенділігі.
4. Созылмалы инфекция ошақтарын жою


Өт шығару жолдарының дискинезиясы
Өт шығару жолдарының дискинезиясы – өт қабымен Одди сфинктерінің ретсіз, мезгілсіз, толық емес немесе тым артық жиырылуы.
Этиологиясы. Орталық және вегетативті жүйке жүйесінің бұзылыстары, эндокринді аурулар, аллергоздар, аппендицит, созылмалы аднексит, гепатит және т.б.
Клиникасы. Гиперкинетикалық (гипертониялық) және гипокинетикалық (гипотониялық) түрлерін ажыратады.
Гиперкинетикалық түрде тәулігіне бір неше рет оң қабырға астында оң иыққа, қолға және жауырынға берілетін шаншу түрінде ауырсыну ұстамалары пайда болады. Ауырсынулар қысқа уақытты және дене қызуы көтерілмейді. Жиі нейровегетативті синдром байқалады; терлегіштік, тахикардия, гипотензия, әлсіздік, бас ауру, ашуланшақтық, жүрек тұсында ауырсыну.
Гипокинетикалық түрде үнемі оң қабырға астында сыздаған, тұйық ауырсынулар, тәбеттің төмендеуі, кекіру, жүрек айну, ауызда ашты дәм, іштің кебуі, іш қатпасы, өт қабының проекциясында аздап ауырсыну. Екі түріндеде ауырсынулардың психикалық – эмоциональды күйзелістермен байланысы бар және қан анализінде өзгерістер байқалмайды.
Емі. Емді невротикалық өзгерістерді жоюдан бастайды.
Гиперкинетикалық түрінде: седативті дәрмектер – элениум, седуксен, Бехтерев микстурасы, Морозов тұнбасы;
холиноспазмолитиктер - атропин, метацин, но-шпа, папаверин;
холеретиктер – хологон, урохолесан, холензим, урсофальк;
жылытқыш процедуралар – батпақтар, озокерит аппликациялары, диатермия, индуктотермия; аз минералданған сулар.
Гипокинетикалық түрінде: тонус көтеретін - женьшень, элеутерококк, пантокрин;
холецистокинетиктер - магний сульфаты, сорбит, ксилит, питуитрин;
көп минералданған сулар, тюбаждар.
Алдын алу
1. Невротикалық өзгерістерді емдеу.
2. Конфликтті жағдайларды болдырмау.
3. Қимыл қозғалыс белсенділігі.
4. Таза ауада серуендеу
5. Ұйқысын қандыру
6. Күніне 4 рет бір уақытта тамақтану.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   63   64   65   66   67   68   69   70   ...   106




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет