Өт шығару жолдарының аурулары бар науқастардың күтімі
Пациенттің проблемалары
|
Науқасты күтүде мейірбикенің ісі
|
1.Оң қабырға астында ауырсыну.
2.Аузында ашты дәм, жүрек айну.
3.Диета бұзғаннан кейін аурудың өршуі.
4.Тағайындаған емдәмді жіне тамақтану тәртібін сақтау қажеттілігі.
5.Тас анықталғанда - операциялық емнің қажеттілігі.
|
1.Әңгімелесу жүргізу;
А) тамақтану тәртібін және емдәмді сақтау туралы,
Б) өтқабында тас анықталғанда - операциялық емнің қажеттілігі туралы.
3.Емдәмді сақтауын бақылау.
4.Науқасқа туыстарының әкелетін тамақтарын бақылау.
5.Өт шаншуы ұстамасы дамығанда науқасқа жедел көмек көрсету.
6.Науқасты зерттеулерге дайындау(УДЗ, холецистография, ұлтабарды зондтау ).
|
Бақылау сурақтары.
Созылмалы холециститке анықтама беріңіз.
Созылмалы холециститтің негізгі себептері.
Созылмалы холециститтің симптомдары.
Созылмалы холециститтің емдеу принциптері.
Өт тас ауруы дегеніміз не?
Өт тас ауруының себептері.
Өт тас ауруының симптомдары.
Өт тас ауруының емі.
Өт шығару жолдары ауруларының диагностикасы.
Ұлтабарды зондтау, науқасты зерттеуге дайындау.
Холецистография, науқасты зерттеуге дайындау,зерттеудің маңызы.
Өт шығару жолдары ауруларының алдын алуы.
Бүйрек және зәр бөлу жүйенің аурулары.
Гломерулонефрит
Гломерулонефрит- шумақтардың басым зақымдануымен жүретін бүйректің диффузды қос жақты иммундық қабыну ауруы.
Гломерулонефриттің біріншілік- бүйректің өзіндік ауруы болып табылатын және екіншілік түрін айырады - басқа бір дерттің синдромдарының бірі болады. Ауру көбіне жасы 2-ден асқан балаларда және 40-қа жетпеген ересек адамдарда пайда болады. Еркектердің бұл ауруға шалдығуы 1,5-2 есе жиі. Ауруға шалдыққандаржұмысқа жарамдылығын жойып, мүгедектікке ұшырайды. Бүйректің созылмалы шамасыздығына және содан болатын өлімнің ең жиі себебі.
Достарыңызбен бөлісу: |