Дәрістер жиынтығын құрастырған терапия пәнінің оқытушылары: Қалиева Гульмира Омарбековна Каримова Гульзара Айтбековна Рецензия: Дәрістер жиынтығы «Емдеу ісі»



бет69/106
Дата24.12.2023
өлшемі311,53 Kb.
#198880
1   ...   65   66   67   68   69   70   71   72   ...   106
Байланысты:
лекции по терапии

Жедел гломерулонефрит – стрептококтық инфекцияға тәуелді дамитын, шумақтардың басым зақымдануымен жүретін бүйректің инфекциялық-аллергиялық ауруы.
Этиологиясы. Жедел гломерулонефрит дамуының басты себебі: А топты 12 типті b-гемолиздеуші стрептококк. Мұрын-көмей инфекциясынан (фарингиттен, тонизиллиттен ж/е т.б.), стрептодермиядан 10-12 күн өткеннен кейін дамиды. Айтылған мерзімде антиденелер түзіліп үлгереді.
Клиникалық көрінісі. Жедел гломерулонефрит әдетте, стрептококтық инфекциядан 7-20 күннен кейін пайда болады. Дерттің негізгі белгілері - ісіну, ентікпе, бас ауру, олигоанурия, гематурия, протеинурия, белдің екі жағы бірдей қысып ауырсынуы, артериялық қысымның биіктеуі.
Науқастың өзі ерте байқайтын белгісі-ісіну. Ісінуден бұрын шөл, әлсіздік, олигурия пайда болады. Артериялық қысым 160/100 мм сын. б.б. шамасында болады.
Жедел гломерулонефриттің алғашқы 2-3 күнінде олигурия, тіпті анурия болуы мүмкін, дизуриялық бұзылыстар /үрпінің ашуы, дәретке жиі отыру/, зәрдің түсі өзгереді, қызғылт, жас еттің шайындысына ұқсайды.
Емі. Науқастарды міндетті түрде ауруханаға жатқызады. Ісіну мен гипертензия әбден жойылғанға дейін науқасты төсек тәртібінде ұстайды /2-4 апта/. Жылы төсекте жатқанның өзі бүйректің қанайналымын жақсартады, сондықтан диурез көбейіп, ісіну мен гипертония тез қайтады.
Диетотерапия . Тамақтануға қойылатын талаптар- су мен ас тұзын шектеу,
алғашқы 2-3 күндерде тұзсыз 7а емдәм ұсынылады. Ісіну қайтып, артериялық қысым қалпына келген соң, ас тұзын біртіндеп көбейтіп, 4-6 г тәуліктік мөлшерге жеткізеді. Содан кейін 6-12 ай бойы ас тұзын шамалы шектетеді /8-10 г тәулігіне/.
Дәрмектік ем. Егер созылмалы инфекцияның көздері болса, онда антибактериялық емді қолданады: пенициллин 500 000 - 4 сағат сайын, 10-14 күн, немесе эритромицин.
Глюкокортикоидтар: егер 2-3 аптадан кейін ісіну мен гипертензия қайтпаса преднизолон 1мг/кг.
Аниткоагулянттық ем: гепарин 5-10 мың . әр 4-6 сағат сайын, бұл ем аяқталғаннан кейін антиагреганттарға көшеді: курантил, ацетилсалицил қышқылы, трентал 2-3 ай бойы.
Ісіну синдромында: диуретиктер - гипотиазид немесе фуросемид.
Артериялық қысым 160- 170 мм сын. бағ. дейін биіктеуінде арнайы ем жүргізілмейді, тұзсыз диета және сұйықтықты шектеу 10-14 күннен кейін артериялық қысымды қалпына келтіреді. Егерде гипертензия бұл шараларға берілмесе, онда гипотензиялық дәрмектер беріледі (нифедипин 0,02г күніне 3 рет).
Алдын алу. Жедел гломерулонефритпен ауырған науқастар ылғал суықтан, аса қыздырынудан,ауыр дене қызметінен, ұзак уақыт аяқта тұрудан, бүйрекке әсер ететін дәрмектерді қолданудан сақтануы тиіс және оларға вакцинация жасалмайды. Жедел гломерулонефритпен ауырғаннан әйелдерге екі жыл өтпей бала көтеруге болмайды. Науқастар екі жылға диспансерлік тіркеуге алынады. Емнен кейін зәрін бір айда 10 күн сайын, бір жылда айына бір рет тексереді.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   65   66   67   68   69   70   71   72   ...   106




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет