Сұрақтар мен тапсырмалар Жалпы инклюзивті білім беру?
Еліміздегі инклюзивті білім беру деңгейі?
Дені сау балалармен мүмкіндігі шектеулі балаларды бірігіп оқыту мәселесі?
Пайдаланған әдебиеттер: Ж.Жанділдаева. Инклюзивті білім беру мазмұны. // Қазақстан мектебі, 2011, №7, 60-61 б.
Дзюбаева Т.В., Бердалина А.У., Хафизова К.М. Особенности обучения вклассах ЗПР. // Психология в школе 2010, №5(29) 34-37 б.
Закон РК «О социальной и медико-педагогической коррекционной поддержке детей с ограниченными возможностями» 11 июля 2002 года //www.zakon.kz
9-дәріс. Қазақстан Республикасында инклюзивті оқытудың жүзеге асу жағдайы Жоспар: Мүгедек балаларға қашықтықтан білім беруді ұйымдастыру
Кемістігі бар балалар үшін нысандар
Мүгедек балаларға қашықтықтан білім беру
Дәріс тезисі: Білім беру және оқу-әдістемелік қамтамасыз ету жағдайлары жасалынбаған, бұл жағдайлардың жасалынбауы жалған интеграцияға, одан кейін оқушылардың мектептерден іріктелуіне және дезадаптацияға әкеледі.
Дамуында психикалық және дене кемістіктері бар балаларды ерте жастан анықтау және оларды түзете-дамыта оқыту жүйесі нашар қызмет атқаруда.
Мүмкіндігі шектеулі балаларға арналған жалпы білім беру мекемелеріне шынайы қол жеткізу қамтамасыз етілмеген.
Жалпы білім беретін мектепке дейін және мектеп мекемелерінде әлеуметтік, медициналық және психологиялық-педагогикалық көмек көрсету (қолдау) жоқ.
Бұл топтағы балаларға педагогтар білікті көмек көрсетуге қабілеттері жоқ, ce6e6i, ЖОО-ның дайындығы арнайы педагогика және арнайы психология саласындағы білімді толық қамтамасыз етпейді.
Мүмкіндігі шектеулі балалар жалпы білім беретін мекемелерде көмекші және компенсаторлық техникалық құралдармен қамтамасыз етілмейді.
Мүмкіндігі шектеулі балаларды жалпы білім беру үрдісіне енгізу баяу және бақылаусыз етуде.
Мүмкіндігі шектеулі балаларды жалпы білім беру үрдісіне енгізуге арналған ic-шаралар:
Мүмкіндігі шектеулі балаларды ерте жастан анықтауды ұйымдастыру және оларға түзете- педагогикалық көмек көрсету.
Жалпы мектепке дейін және мектепте оқыту жағдайында мүмкіндігі шектеулі балалар нормативті-құқықтық және оқу-әдістемелік құралдармен қамтамасыз ету.
Жалпы білім беру мекемелерінде, ОО-нда, ППТК, логопедиялық пункттерде оқитын мүмкіндігі шектеулі балаларға әлеуметтік және психологиялық-педагогикалық қолдауды ұйымдастыру.
Мүмкіндігі шектеулі балаларды жалпы білім беру үрдісіне енгізуге арналған ic-шаралар:
Жалпы білім беру мекемелерінде оқитын балаларды көмекші және компенсаторлық құралдармен қамтамасыз ету.
Білім беру жүйесінің барлық керекті қызығушылықтары бар құрылымдармен (денсаулық сақтау, әлеуметтік қорғау, әділет, қаржы мекемелері және т.с.с.), қоғамдық мекемелермен, НПО және ата-аналармен өзара әрекеттесуін қамтамасыз ету.
Инклюзивті оқытудың ғылыми-теориялық негіздерін құрастыру, ғылыми зерттеу жұмыстарын жүргізу.
Арнайы қажеттіліктері бар балаларды жалпы білім беру үрдісіне енгізуді қамтамасыз ететін МБСО жүзеге асыру.
Қазіргі уакытта Республикада мүмкіндігі шектеулі тұлғаларды ерте жастан медициналық, білім беру және әлеуметтік қолдау жүйесін қамтамасыз ететін инфрақұрылым құру, баскару және қаржыландыру, кадрмен және материалдық-техникалық кұралдармен қамтамасыз ету керек. Осындай көпқұрылымды жүйесінің құрылуы және қызмет атқаруы инклюзивті оқытудың үрдістерін дамытуға мүмкіндік береді.
Инклюзивті оқытудың болжамдары мен стратегиялық мақсаттары отандастық білім беру жүйесімен осы мәселе өте жоғарғы деңгейде шешілген мемлекет өкілдерімен үнемі кең өзара әрекеттесу үрдісінде шешіліп, жетістіктерге жету керек.
Стратегияның құрылуына тек осы жолы ғана — аймақтың тәжірибе мен жергілікті білім беру жағдайларының ескерілуімен инклюзивті оқытудың ұлттық білім беру моделін құрастыруға мүмкіндік береді.
Арнайы жағдайда оқыту мен тәрбиелеу — физикалық және психикалық бұзылысына қарамастан, бала мектепке дейін және мектепте білім ала алатын білім беру жағдайы туралы Ресейде (Н.Н.Малофеев, В.Г.Петрова. Г.Ф.Кумарина, С.Г.Шевченко және т.б.) ғалымдар айтып кеткен.
Дамуында ауытқуы бар балаларға арналған біздің елімізде мектептер мен мектепке дейін мекемелер бар. Онда осы балалардың ақыл — ойы және физикалық дамуын қамтамасыз ететін білім беру жағдайы құрылған. Бұл жағдайға әр баланың жеке ерекшелігін ескеріп жеке ықпал ету болып табылады. Оған мыналар жатады:
Арнайы білім беру бағдарламаларын, әдістерді және оқытуға қажетті техникалық құралдарды қолдану;
Арнайы дайындаған педагогтар, психологтар, дефектологтар және басқа мамандардың жұмыстары;
Оқытуды кажетті медициналық және профилактикалық, емдеу
шараларымен қатар жүргізу;
Белгілі әлеуметтік жағдайдың болуы;
Арнайы білім беру мекемелерінің материалды — техникалық базасын құру және оларды ғылыми —әдістемелік қамтамасыз ету.
Қазіргі уакытта арнайы білім беру мекемелері әр түрлі қызмет атқаруда. Балалар мұкият тексеруден кейін ҚР білім және ғылым министрлігі бекіткен арнайы оқыту бағдарламасымен білім алатын мектепке дейін мекемелер мен арнайы мектептерден басқа, мемлекеттік емес мекемелер, оналту орталықтары, дамыту орталықтары, аралас топтар және т.б. ашылып жасалуда. Мұндай мекемелерде кемістіктің түрлері мен жас ерекшеліктері әртурлі балалар болады. Оларды бірдей бағдарламамен оқыту мүмкін емес, сондыктан, әр баланы жеке психологиялық — педагогикалық оқыту мүмкіндігі артады.
Арнайы психология мен педагогика ғылымдарының ұғымдарына «анықтау», «түзету», «компенсация», «бейімдеу» жатады. Психологиялық, педагогикалық және дефектологиялық әдебиеттерде арнайы педагогиканың ұғымына тереңірек Ресейде (Т.А.Власова, В.А.Лапшин, М.С.Певзнер, Б.П.Пузанов, Н.М.Назарова, С.Г.Шевченко және т.б.), өз елімізде (Ж.И.Намазбаева, А.Сулейменова, Қ.Қ.Өмірбекова, К.Б.Бектаева және т.б.) анықтамалар берген.
Түзету (коррекция) (лат.correctio-түзету) — балалар мен жасөспірімдердің психофизикалық дамуының ауытқуын алдын-алу немесе бағытталған арнайы және жалпы психологиялық, педагогикалық шаралар жүйесін ұйымдастыру.
Түзету мынадай болуы мүмкін:
өз бетімен педагогикалық құбылыс;
кемістіктерді біртіндеп түзетуге немесе бұзылыстың алдын алуға (сөйлеуді түзету; жеке дыбыстардың айтылуын түзету; көру, есту қабілетін түзету) бағытталған арнайы әрекет.
Сондай — ақ, түзету оқу-тәрбиелік процестің бөлігін құрауы да мүмкін және баланың жеке тұлғасының қалыптасуын өзгертуге бағытталған психологиялық, педагогикалық құбылыс та болуы мүмкін.
Түзету дамуында ауытқуы бар балалардың барлық категориясын қамтиды және әртүрлі саланың мамандары: дәрігер, мұғалім, психолог, педагогдефектолог, логопедтің бірлесе отырып жұмыс icтeyi арқылы жүзеге асады.
Компенсация (орнын толтыру) (лат.compensatio-орнын толтыру, теңестіру) - ағзаның бұзылғаны немесе дамып жетілмеген психофизиологиялык функцияның қайта құрылуы, немесе орнын алмастырудың көп аспектілі, күрделі npoцeci болып табылады.
Компенсация процессі кезінде баланың ағзасында жаңа динамикалық жүйенің қалыптасуы, оның жаңа шартты байланыстардың бұзылған немесе әлсіреген функциясының қайта құрылуы (көру анализаторы зақымдалғанда есту және сезім мүшелерінің мүмкіндігі күшейеді; сөйлеу мүмкіндігінің жеткіліксіз дамуында кинестикалық анализаторлардың ролі өседі) журеді.
Мүлде жойылған функцияны компенсациялауда арнайы техникалық құралдар маңызды орын алады. Мысалы, дыбыстық сигналдарды жарыққа айналдыратын арнайы құрылғылардың көмегімен естімейтін балалардың сөйлеу тілін қабылдауын жеңілдетуге болады, ал керісінше айналдыратын құрылғы көрмейтіндерге жарықты қабылдап, кәдімгі кітаптарды қолдануына болады.