Дәрістер жинағы Ақтөбе, 2017


Инкюзивті білім беру пәні бойынша глоссарий



бет22/45
Дата06.02.2023
өлшемі174,29 Kb.
#167664
1   ...   18   19   20   21   22   23   24   25   ...   45
Байланысты:
open-file

Инкюзивті білім беру пәні бойынша глоссарий


А
Абстракциялау - затты, құбылысты немесе әлдебір процессті зерттеуде, зерттеушінің қандай да бір белгілерден басқа, процесстің осы орайдағы өзіне қызықты тұстары мен белгілеріне баса назар аударуы.
Автономиялық жүйе - орталық жүйке жүйесінің қызметі мен организмінің физиологиялық ең төменгі деңгейдегі регуляциясына жауап беретін симпатикалық (қозу) және парасимпатикалық (тежелу) жүйелерден тұратын жүйе.
Автономиялық тіл - "ішкі" тіл, яғни баланың дамуындағы тіл меңгерудің өтпелі кезеңі.
Адамгершілік - адамға саналы түрде ең жоғарғы құндылық деп қарайтын жеке адамның қасиеті, адамгершілік және психологиялық қасиеттерінің жиынтығы. Адаптация - жеке тұлғаның әлеуметтік ортаның жағдайына қарай бейімделуі және одан туатын нәтиже; ыңғайлану, икемделу.
Адаптациялық реакция - белгілі бір мақсаты бар және осы мақсатқа жетуге бағытталған сезімдік түйсік реакциясы.
Адекваттық (барабар) - берілген жағдайға сәйкес, лайықты.
Аксон - басқа нейрондарға белгі (сигнал) беретін нейронның бір бөлігі.
Акалькулия – бас миының сол жақ жарты шарындағы қарақұс аумағының ошақтық қабынуы немесе дамымауы нәтижесінде пайда болатын есептеу, санау қабілеттерінің бұзылуы.
Актуализациялау - білімнің, дағдының, сезімнің жабық, латенттік түрден ашық түрге, әрекетке ауысуы.
Акцент жасау (акцентирование) таныс бір бейненің бөлшектерін, қасиеттерін, белгілерін және сапасын айрықша көрсетуден тұратын қиял операциясы және одан туатын бейне.
Американдық Ұлттық мектепке дейінгі тәрбие Ассоциациясы - бала тәрбиесі мәселесімен шұғылданатын ірі кәсіби ұйым.
Амблиопия (грекше amblius-төмендеу, әлсіреу+ops, opos-көз) - көру қабілетінің төмендеуі.
Аменция (латынша amenta-нақұрыстық, алаңғасарлық) - нақұрыстық, алаңғасарлық, ақылсыздық.
Анамнез (гректің anamnesis – еске түсіру деген сөзінен алынған) – жеке реабилитациялық бағдарламалар арқылы емдеу жолдарын белгілеу немесе диагноз қою мақсатындағы аурудың өтуі, қоршаған ортасы туралы толық мәліметтердің жинақталған бірлігі.
Анализатор (гректің analysis – бөлшектеу деген сөзінен алынған) – организмнің ішкі және сыртқы ортасынан берілетін тітіркендіргіштерді талдау мен жинақтауды, қабылдауды жүзеге асыратын күрделі анатомиялық-физиологиялық жүйе.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   18   19   20   21   22   23   24   25   ...   45




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет