Шығармашылық - нәтижесі жаңа материалдық және рухани құндылық тудыру болып табылатын іс-әрекет.
Шығармашылық қасиет (креативность) - ойлау қабілетінің ерекше жасампаздығы, өнерпаздық, өнертапқыштық.
І Ізгіліктеу (гуманизация)- шығармашылық еңбектің, танымның және қарымқатынастың субъекті ретінде жеке тұлғаның дамуына бағытталған әлеуметтік - оқыту процесі.
Іскерлік ойын - әртүрлі жағдайларда, берілген немесе қатысушылардың өздері бекіткен ережелер бойынша басқаратын шешімдер қабылдауының еліктеушілік әдісі (имитация).
Э Эгоцентризм - адамның басқаның позициясын ұстай алмауы, бүкіл зейінін өзінің мақсаттары, уайымдары және сыртқы әсерлерге жауап бере алмауына аударуы. Эйдетизм - бұрын қабылданған заттар мен сахналық көріністердің бейнесін сақтау және жаңғырту қабілеті.
Экспансия- баланың түсініктерін сөйлемдермен, фразалармен астарлау арқылы, оның бекуін үлкен адамдардың қолдауы.
Эксперимент - эксперимент жасаушының сыналушының психикалық іс-әрекетін анықтайтын шарттарды мақсатты түрде туғызып және өзгертетін психологиялық зерттеулердің негізгі әдістерінің бірі.
Эмоциялар - адамға әсер етуші құбылыстар мен ситуациялардың маңызын уайымдау формасында көрінетін психикалық көріністер. Эмоциялар адамның айналадағы дүниеге қарым-қатынасынан, талап-тілектерінің қанағаттандырылуы мен қанағаттандырылмауы туралы уайымдарынан көрінеді.
Эмпатия - басқа адамдардың психикалық жағдайын түсіне білу.
Эмпирикалық - тәжірибеге негізделген.
Эпилепсия - (грекше epilepsia –ұстау, алу, тұту)-қояншық, талма, ұстамалы ауру.
Эпизодтарды тіркеу - нақты, бір оқиғаларды қысқаша сипаттау.
Бұл эпизодтарға баланың айтқан сөздерінен келтірілген дәйек сөздер және оның жүріс-тұрысында кездесетін ерекшеліктердің сипаттамалары кіреді. Эрудиция – қандай да білім саласындағы терең де, алуан түрлі таным.
Этиология (гректің aitia - себеп, logos – оқу деген сөзінен алынған) – аурудың патологиялық жағдайларын зерттеумен айналысатын ғылым.
З.Ү.Адильшинова, А.М.Сугуралиева
ИНКЛЮЗИВТІ ОҚЫТУ (дәрістер жинағы)
Тапсырыс № 571
Таралымы 20 дана
Қ. Жұбанов атындағы Ақтөбе өңірлік мемлекеттік университетінің
«Жұбанов университеті» баспасы (Ақтөбе қ., Ә.Молдағұлова даңғылы, 34)