Дәрістер жинағы Ақтөбе, 2017



бет43/45
Дата06.02.2023
өлшемі174,29 Kb.
#167664
1   ...   37   38   39   40   41   42   43   44   45
Байланысты:
open-file
сор и соч 4кл Алихан Аскарович, Скачать готовую базу данных access Сотрудники, 1452744584383
Тәрбиешінің ассистенті - тәрбиешінің серіктесі (партнеры), ондай адамның болуы балалардың жеке мұқтаждығын толығымен қанағаттандыруға және шағын топтардағы жұмыстарды ұйымдастыруға, балаларға белсенділік орталықтарын таңдауға көмек көрсетуді жүзеге асыруға мүмкіндік тудырады.
Тәсіл - іс-әрекет сипаты, бір нәрсені жүзеге асырудың жолы.
Тексеру парақтары - балаларды бақылаудың қарапайым және тиімді жолдары. Олар баланы бақылауға жататын және оның жетістігін қадағалау үшін қажетті жүріс-тұрыс аспектілерін нақтылайды.
Тектілік, тұқымқуалаушылық - адамның физикалық, биологиялық қасиеттері, оның организмінің нәсілдік ерекшеліктері. Терісінің, көзінің, шашының түрі, дене бітімі, ойлау қабілеті мен жүйке жүйесінің ерекшеліктері.
Теңеу - объектілерді олардың ұқсастықтары мен айырмашылықтарын белгілеу мақсатында салыстырудан тұратын ой операциясы.
"Тепе- теңдіктің бұзылуы" - баланың эмоциялық тұрғыдан толып кетуі, сондықтан болып жатқан жағдайды түсінбеуін көрсету үшін үлкен адамға жіберетін белгісі.
Тифлопедагогика - соқырлар мен нашар көретіндер педагогикасы.
Толықтырма - "Тәй-тәй" бағдарламасының сабақтарына қатысты толықтырма деп келесілерді атайды: сабаққа жаңа материалдарды кіргізу; материалдарға өзгерістер енгізу, материалдарды қолданудың жаңа мүмкіндіктерін туғызу.
Трансформация - өзгерістер мен басқа түрге айналулар.
Триангуляция - үнемі қатысушылар туралы жиналған мағлұматтардың әртүрін біріктіру тәсілі арқылы ғылыми нәтижелерді бекіту немесе растау үшін қолданылатын әдістерге жатады және қолданбалы зерттеу жұмыстарында пайдаланылады.
Тұжырымдама (концепция) - кез келген бір құбылысты түсінудің белгілі бір тәсілі, негізгі көзқарас, ниет.
Тұлға - жеке адамды әлеуметтік жағдайларға кірісу жағынан суреттейтін әлеуметтік маңызы бар сипаттардың тұрақты жүйесі.
Түзету - ақыл-ойы және дене дамуында кемістігі бар тұлғаның ақауын түзету, емдеу, азайтуға мүмкін болса жоюға бағытталған педагогикалық шаралар немесе құралдар жүйесі.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   37   38   39   40   41   42   43   44   45




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет