Дәрістер жинағы Ақтөбе, 2017


"Көрсетуге арналған портфолио" (демонстрационное портфолио)



бет34/45
Дата06.02.2023
өлшемі174,29 Kb.
#167664
1   ...   30   31   32   33   34   35   36   37   ...   45
Байланысты:
open-file

"Көрсетуге арналған портфолио" (демонстрационное портфолио) - оқушылардың жетістіктері мен табысын көрсететін, жұмыстарын сақтайтын папка, Оған "жалпы портфолиодан " алынған ең жақсы деген жеке жұмыстары, баланың өзінің жетістіктері туралы ойлары, бұл жұмыстарды таңдап алу негіздемесі кіреді.
Кіріктірілген курс - бірнеше пәндерді бір пәнге біріктіріп оқытатын курс. Кіріктірілгеноқу жоспары - бірнеше тақырыптык, саланы қамтитын, нақты бір топқа арналып жоспарланған сабақтар тізімі.
Кинестетика (гректің. kinema- қозғалыс, aisthesis-сезу деген мағынаны береді) дененің барлық органдарының қозғалысы мен сезуін бас миына жеткізетін және оларды талдайтын анализатор.
Күрделі кемістік - екі немесе одан да көп дене және психикалық кемістігінің ұштасуы.
Қ
Қалыптастыру - ішкі, сыртқы, табиғи және әлеуметтік, объективтік және субъективтік факторлардың жиынтықтығының әсер етуімен болатын жеке адамның немесе оның жеке қасиеттерінің дамуындағы өзгерістер.
Қарым-қатынас - ортақ рухани немесе материалдық нәтижеге жету және байланысты жақсарту мақсатындағы күш-жігерді біріктіру және үйлестіруге бағытталған адамдардың өзара әрекеті.
Қарым-қатынас шеберлігі - жеке немесе топтағы барлық балалармен, олардың ата-аналарымен, жұмыстағы әріптестермен, мекеменің әкімшілігімен лайықты қарым-қатынас құру кезінде көрінетін шеберлік.
Қатар әңгіме - бала бірнәрсемен шұғылданып жатқанда, үлкен адамның оны баяндап тұруы. Қатар әңгіме- баланың тілін дамытып, нақты бір істі немесе ортаны сипаттауы үшін сөздер таңдап алуына, оны дыбыстай алуына көмектеседі. Қатар ойын - балалардың бір-бірімен қатар ойнауы немесе басқа балалардың ойынына қатыспай оларды сырттай бақылауы.
Қатер тобындағы балалар - ерте қолға алынбағандықтан әлеуметтік және медициналық-педагогикалық түзеу арқылы қолдау көрсетілмегендіктен, дене және психикалық дамуында кенжелеп қалу ықтималдығы жоғары болатын үш жасқа дейінгі балалар.
Керек жарақтар - ойын кезінде балалар қолданатын материалдар мен заттар (бас киімдер, драмалық ойындарға арналған костюмдер, ойыншық жол белгілері, құммен, сумен ойнауға қажет қалақшалар мен шелектер, суқұйғыштар, әртүрлі кубиктер және т.б. заттар).


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   30   31   32   33   34   35   36   37   ...   45




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет