Дәрістер жинағы Ақтөбе, 2017



бет36/45
Дата06.02.2023
өлшемі174,29 Kb.
#167664
1   ...   32   33   34   35   36   37   38   39   ...   45
Байланысты:
open-file

Логикалық ойлау - түсініктердің арасында байланыс орнату арқылы мәселені шешуге қол жеткізудегі ойлау қабілеті.
Логопедия - тілдің кемістігі және одан арылу жолдары туралы ғылым.
М
Магниттік жаңғырық (резонанс) арқылы бейнелер алу - магниттік жаңғырық арқылы бейнелер алуды қолдану, адам денесіне магниттік өріспен әсер ету жолдары арқылы және оның негізінде алынған мағлұматтар бойынша қуатын өлшеу - адамның денесінің кез келген ішкі бөлімдерінің, миды қоса алғанда, толық бейнесін жасауға мүмкіндік береді.
Мақсаткерлік - белгіленген мақсатқа жете білу қабілеті.
Манипуляция - қасиеті мен сипатына қарамастан қолдың заттармен байланысқан жай қимылдары.
Мәселе (проблема) - шешілуге дайын, шешілмеген міндет немесе сұрақ. Менингит (meninges – ми қабықшалары, гректің «асқынбалы процесс» деген сөзін береді) – бұл бас миының немесе жұлын миының асқынбалы жағдайға ұшырауы. Мутизм (латынның mutus – мылқау деген мағынасын береді) – белсенді сөйлеуден бас тарту. Мутизмнің тотальды түрі (толықтай және әруақыттағы үнсіздік). Көп жағдайларда мұндай болжамдар жағымды жағдайда өтеді.
Мектепке дайындық - мектептегі жүйелі және ұйымдасқан түрдегі оқуға көшуін қамтамасыз ететін мектеп жасына дейінгі ересек баланың морфофизиологиялық және психологиялық ерекшеліктерінің жиынтығы.
Мектепке дейінгі жастағы баланың жаңа ішкі ұстанымы (позиция) - жаңа, қоғамда маңызы зор мәселелер іспеттес іліммен байланысты мектепке дейінгі жастың соңғы жылдарында пайда болатын жаңа мұқтаждар мен қажеттіліктер жүйесі.
Мектепке психологиялық дайындық- мектепте ойдағыдай оқуды қамтамасыз ететін психологиялық қасиеттердің кешені. Оған интеллектуалдық (ойлау, қабылдай білу, еске сақтау сияқты танымдық қасиеттердің белгілі бір даму деңгейі); жеке тұлға ретіндегі (сана-сезім, күш-жігер мен жүріс-тұрыс); коммуникативтік (қарым-қатынас жасай білу дағдыларының белгілі бір даму деңгейі, үлкендермен және құрбыларымен қарым-қатынас орната білу) дайындық сияқты компоненттері кіреді.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   32   33   34   35   36   37   38   39   ...   45




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет