"Көрсетуге арналған портфолио" (демонстрационное портфолио) - оқушылардың жетістіктері мен табысын көрсететін, жұмыстарын сақтайтын папка, Оған "жалпы портфолиодан " алынған ең жақсы деген жеке жұмыстары, баланың өзінің жетістіктері туралы ойлары, бұл жұмыстарды таңдап алу негіздемесі кіреді.
Кіріктірілген курс - бірнеше пәндерді бір пәнге біріктіріп оқытатын курс. Кіріктірілгеноқу жоспары- бірнеше тақырыптык, саланы қамтитын, нақты бір топқа арналып жоспарланған сабақтар тізімі.
Кинестетика (гректің. kinema- қозғалыс, aisthesis-сезу деген мағынаны береді) дененің барлық органдарының қозғалысы мен сезуін бас миына жеткізетін және оларды талдайтын анализатор.
Күрделі кемістік- екі немесе одан да көп дене және психикалық кемістігінің ұштасуы.
Қ Қалыптастыру - ішкі, сыртқы, табиғи және әлеуметтік, объективтік және субъективтік факторлардың жиынтықтығының әсер етуімен болатын жеке адамның немесе оның жеке қасиеттерінің дамуындағы өзгерістер.
Қарым-қатынас - ортақ рухани немесе материалдық нәтижеге жету және байланысты жақсарту мақсатындағы күш-жігерді біріктіру және үйлестіруге бағытталған адамдардың өзара әрекеті.
Қарым-қатынас шеберлігі - жеке немесе топтағы барлық балалармен, олардың ата-аналарымен, жұмыстағы әріптестермен, мекеменің әкімшілігімен лайықты қарым-қатынас құру кезінде көрінетін шеберлік.
Қатар әңгіме - бала бірнәрсемен шұғылданып жатқанда, үлкен адамның оны баяндап тұруы. Қатар әңгіме- баланың тілін дамытып, нақты бір істі немесе ортаны сипаттауы үшін сөздер таңдап алуына, оны дыбыстай алуына көмектеседі. Қатар ойын - балалардың бір-бірімен қатар ойнауы немесе басқа балалардың ойынына қатыспай оларды сырттай бақылауы.
Қатер тобындағы балалар - ерте қолға алынбағандықтан әлеуметтік және медициналық-педагогикалық түзеу арқылы қолдау көрсетілмегендіктен, дене және психикалық дамуында кенжелеп қалу ықтималдығы жоғары болатын үш жасқа дейінгі балалар.
Керек жарақтар - ойын кезінде балалар қолданатын материалдар мен заттар (бас киімдер, драмалық ойындарға арналған костюмдер, ойыншық жол белгілері, құммен, сумен ойнауға қажет қалақшалар мен шелектер, суқұйғыштар, әртүрлі кубиктер және т.б. заттар).