Микроцефалия - туа пайда болған мидың салмағының кішкене болуымен сипатталатын ми дамуының бұзылысы.
Миелинизация - бұл процесстің барысында миелин (май заттары) импульстарды беру және нейрондар арасындағы байланысты іске асыру жылдамдығын күшейте отырып, аксондарды изолятор секілді бүркейді.
Мониторинг - (ағылшын тілінде mопііогіпд - бақылау, байқау, қадағалау) Мониторингтің мақсаты - бағдарлама барысындағы ауытқуларды уақытында байқап, түзету шараларын қабылдау.
Мүдде - адамның айналадағы дүние мен заттарға танымдық бағыты, бір нәрсені түсіндіру, ұғындыру - сезімдік бояулармен сипатталады.
Н Нерв жүйесі - адамдар мен жануарлар организмінің қоршаған ортамен байланысын анықтаушы орган. Нерв жүйесі организмнің барлық функцияларын реттеп, басқарып отырады. Нерв жүйесінің құрылымдық және функционалдық элементін құрайтын өсінділері нейрон болып табылады. Адамның нерв жүйесі орталық және перифериялық нерв жүйесі болып бөлінеді. Одан басқа вегетативтік нерв жүйесіне бөлінеді.
Негативизм(латын тілінен алынған negatio – жағымсыздық таныту) – қойылған талаптарға қарсылық білдіру арқылы объективтік негіздемелерден тыс қалу. Нуклеарлық жанұя - күйеуі, әйелі және балаларынан, ары кеткенде, 3-4 адамнан тұратын шағын жанұя.
Нұсқаулық жиналыс - шеттен шақырылған маманның көмегімен және атааналардың немесе мұғалімдердің қалауы бойынша таңдалып алынған белгілі бір тақырыпты талқылау немесе семинар түрінде өткізілетін жиналыс.
О Озық білім - Джон Дьюи ендірген термин. Ол білім беруді өмірге дайындық деп емес, өмірдің өзі деп қараған.
Онтогенез, онтогенездік жетіспеушіліктер (гректің genesis - өту, даму деген сөзін береді) – адамның дүниеге келген уақытынан бастап өмірден өткенге дейінгі организмнің дамуы.
Ойлау - объектілер арасындағы жинақталған, орташаландырылған қарым - қатынастарды, байланыстарды, елеулі қасиеттерді бейнелеу процесі. Ойлау қабілеті тілмен міндетті түрде байланысты. Ойлау қабілетінің көмегімен елеулі жаңалықтар ашылады. Ол сезімдік танымнан іс жүзіндегі әрекеттерде басталып, оның шегінен шығып кетеді.