Дәрістер жинағы Ақтөбе, 2017



бет38/45
Дата06.02.2023
өлшемі174,29 Kb.
#167664
1   ...   34   35   36   37   38   39   40   41   ...   45
Байланысты:
open-file
сор и соч 4кл Алихан Аскарович, Скачать готовую базу данных access Сотрудники, 1452744584383
Ой-пікір - бір нәрсені құптау немесе теріске шығарудан тұратын және объектілер, белгілер, қасиеттер арасындағы байланысты бейнелейтін логика түрі.
Оқу жоспары - қажетті материалдар мен сабақтарды көрсете отырып, балаларды оқыту үшін жоспарланған тақырыптар тізімі.
Оқушының өзін-өзі бағалауы - оқушыларға өзінің жетістігін бағалауға, оқуының соңғы нәтижесіне жауапкершілікпен қарауына мүмкіндік туғызатын аутентикалық бағалаудың маңызды бөлігі.
Оқыту- белгілі бір білім, шеберлік, дағды, іс-әрекет, жүріс- тұрыс әдеттері жиынтығын игеруге бағытталып, арнайы ұйымдастырылған ұстаз бен тәрбиеленушілердің арасындағы өзара әрекет процесі.
Оқыту әдісі - дидактикалық міндеттерге жетуге бағытталған өзара байланысқан ұстаз бен оқушы балалардың жұмыс тәсілдерінің жүйесі.
Оқытуды жекешелендіру (индивидуализациялау) - оқушылардың жеке бастарының ерекшеліктерін есепке ала отырып, оқу процесін ұйымдастыру, ол әр оқушының барлық мүмкіндігін жүзеге асыру үшін тиімді жағдай туғызады. Оқытудың балаға бағдарланған әдіс-тәсілдері - педагогикалық процесстің баланың жеке қасиеттерін дамытуға бағдарлануы.
Оқыту принциптері - оқытудың негізінде жатқан және оның жан- жағын: мазмұны, әдіс-тәсілдері, ұйымдастырудың түрі мен құралдарын анықтайтын объективтік заңдылықтар, бастапқы ахуалдар.
Окытуды саралау (бөліп қарау, дифференциация) - оқушылардың икемін, қызығушылығын, қабілетін ескере отырып, оқу жұмысын ұйымдастыру түрі. Оқыту технологиясы - қойылған дидактикалық мақсаттарға жетуді қамтамасыз ететін, оқытудың түрлері, әдістері, құралдарының жүйесінен тұратын, оқу бағдарламасында ескерілген, оқытудың мағынасын жүзеге асыру жолы.
Олигофренопедагогика - дамуы артта қалған балаларға арналған педагогика саласы.
Отбасылар кеңесі комитеті - жоспарлауға және бағдарламаны жүзеге асыруға байланысты ұсыныстар беру үшін, оқу орнының қызметкерлерімен арнайы кездесулер өткізіп тұратын, әр топтың ата-аналарының ішінен сайланған атааналар комитеті.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   34   35   36   37   38   39   40   41   ...   45




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет