Педагогикалық техника - ұстаздардың шәкірттерінің белсенділігін ынталандыру мақсатында қолданатын әртүрлі шеберліктері мен ықпалды әдіс - тәсілдері.
Педагогикалық шығармашылық - нысаны бала болып саналатын қазіргі заманғы педагогикалық процесстің міндетті түрдегі шарты.
Перцептикалық іс-әрекет - объектіні зерттеуге саналы түрде бағытталған ісәрекет.
Портфолио- оқушының жеткен жетістіктерімен ілгерілеуін көрсететін, оның белгілі бір уақыт ішіндегі жасаған жұмыстарын жинақтауға негізделген оқушыны бағалау әдісі. Портфолионың нақтылығы-мұғалімнің тәжірибесі мен мамандық дәрежесіне байланысты.
Постнатальдық өмір- баланың туғаннан кейінгі өмірі.
Принциптер - қандай да бір теория, ілім, ғылымның негізгі, бастапқы ахуалы. Проприоцепторлар - біздің денеміздің барлық жерінде бар және бұлшық еттердің тонусын, тепе-теңдігін, координациясын, қозу және эмоциялық ахуалын реттейтін рецепторлар.
Профессиограмма- оқытушының жеке кәсіби қасиеттеріне, дүние тану, жалпы мәдени, психологиялық-педагогикалық және арнайы білімдерінің көлемі мен құрамына қойылатын ғылыми-негізделген талап-тілектер, сондай-ақ педагогикалық шеберлігі мен дағдыларының тізімі.
Психикалық даму - онтогенез бойында баланың психикасындағы санды және сапалы түрде болатын өзгерістер процесі: баланың әлеуметтік-тарихи істәжірибені меңгеру процесі.
Психикалық депривация - субъектіге негізгі психикалық мүмкіндіктерді жүзеге асырудағы жасалатын жағдай немесе психикалық күй.
Психикалық кемістік - адамның психикасы дамуының және жұмыс істеуінің уақытша немесе тұрақты кемістігі, соның ішінде: сенсорлық бұзылыстардың салдары; сөйлеу бұзылыстары; эмоция-еркі жағынан бұзылыстары; ми зақымдануының салдары; ақыл-ой дамуының бұзылыстары, соның ішінде ақыл-ой жағынан кенжелеп қалу; психикалық дамуының тежелуі және осыған байланысты оқып-үйренудегі өзіндік қиындықтар.