1.5 Жүк станциялары
Жүктерді тасымалдау процесі жүк тасымалы үшін ашық станцияларда басталады және аяқталады. Негізгі қызметі жүк және коммерциялық қызмет болып табылатын станциялар негізгі болып табылады, жүк станциялары деп аталады. Жүк станциялары әртүрлі көлік түрлерінің және табандары әртүрлі теміржол көлігінің түйісетін бекеттері болып табылады, кәсіпорындардың кіреберіс жолдарына вагондарды және жүктерді берумен байланысты операцияларды орындайды.
Жүк станциялары жұмысының негізгі тағайындауы мен сипатына байланысты болады:
- арнайы емес станциялар. Мұндай станциялар жүктің барлық түрлерін, ыдыстағы жүктер, жекелеген жүктер, контейнерде тасымалданатын, аспа жүктер және басқа жүктерді қайта өңдеуге арналған. Бұл станциялар қалаларда жүк жұмысының елеулі көлемі кезінде салынады және қалаларға, өнеркәсіптік кәсіпорындарға, ұйымдарға қызмет көрсетуге арналған;
- арнайыландырылған станциялар жүктердің жекелеген түрлерін қайта өңдеуге арналған. Арнайыландырылған станциялар ірі көлемдегі жекелеген жүктерді тиеу үшін өндіру орындарында (тиеу) немесе ірі қалаларда, өнеркәсіптік орталықтарда орналасады.
Жүк станциялары жүк операцияларын жүргізу жеріне байланысты бөлінеді:
- жалпы тағайындаудағы жүк станциялары, онда жүк операциялары «Қазақстан Темір Жолы» АҚ тиесілі жүк аудандарында немесе жүк бекеттерінде орындалады;
- кірме жолдарға қызмет көрсететін жүк станциялары. Мұндай станциялар, негізінен, станцияда жүк аудандары болмайды, барлық жүк ауданы кірме жолдарда орындалады.
Жүк станциялары жұмыстың сипаты бойынша тиеу, түсіру, тиеу-түсіру түрінде болады. Тиеу станциялары үшін бос вагондардың жаппай түсуі сипатты болып табылады, оларды тиеуге дайындау және жүк тиелген күйде жөнелту; осы станцияларда түсіру шағын көлемде жүзеге асырылады.
1.5.1 Жалпы тағайындаудағы жүк станциялары
Жүк станциялары келесі техникалық операцияларды орындайды:
- поездарды қабылдау – сұрыптау станциясынан немесе бағыттар торабына іргелес жатқан маршруттардан беру;
- техникалық және коммерциялық тексеру;
-тиеу-түсіру орындары бойынша вагондарды тарату, таңдау; түсіру шебі бойынша вагондарды беру мен орналастыру;
- тиеу-түсіру жерінен вагондарды жинау;
- сұрыптау бекетіне тоқтату;
Жүк станцияларындағы коммерциялық операциялар жөнелтушілерден жүктерді қабылдаудан, алушыларға жүктерді беруден, құжаттарды ресімдеуден, жүктерді тиеу, түсіру мен сақтаудан, контейнерлерді қайта өңдеуден, жүктерді өлшеу мен сұрыптаудан тұрады.
Барлық көрсетілген операцияларды орындау үшін жүк станциялары: - поездарды қабылдау және жөнелту үшін қабылдау-жөнелту жолдарын;
- бекеттер бойынша вагондарды таңдауға арналған сұрыптау және тартымдық жолдар;
- поездардың берілісін құрастыру мен тарату үшін сұрыптау құрылғылары;
- жүк бекеттеріне беруді күтіп тұрған вагондарға арналған көрме парктері.
Жүк станциясында құрылғыларды орналастыруға және жолдың дамуына қойылатын талаптар:
- станция бойымен локомотив пен вагондарды жылжыту ағыны;
- вагондарды құрастыру, тарату мен таңдау бойынша барлық операциялар бір сұрыптау құрылғысы бойынша мүмкіндігінше шоғырланған болуы тиіс;
- автомобиль көлігінің минимум жүрісі;
- станция аумағы орналасқан жерді үнемдеу және инженерлік коммуникацияларды барынша аз созу.
Жүк станциялары жүк жөнелтушілермен және алушылармен байланысу үшін байланыс құралдарымен, стрелкаларды және сигналдарды электрлік орталықтану құрылғыларымен, жүк станцияларын автоматтандырылған басқару жүйесімен (АСУГС), станция объектілері және негізгі жүк жөнелтуші-жүк алушылар арасында ақпарат алмасу мен автоматты жазу құрылғыларымен жабдықталған болуы тиіс. Жүк станцияларында техникалық ғимаратта негізгі маневрлі ауданнан жақын орналасқан станциялық технологиялық центр (СТЦ) болуы тиіс. Жүк станцияларында қажет болса локомотивтерді және ПТО вагондарды жабдықтау құрылғылары орналасуы мүмкін.
Жүк станцияларындағы жүк операциялары жүк шаруашылығының қажетті құрылғыларымен және тиісті жол дамуымен жүк аудандарында орындалады (тиеу-түсіру және көрме парктері).
Достарыңызбен бөлісу: |