1.6 Арнайы станциялар
1.6.1 Қайта жүктеу станциялары
Ауыстырып тиеу станцияларын жолтабандары әр түрлі теміржол желілерінің түйісінде орнатады. Біздің елімізде жолтабандары кең 1520 мм теміржол желілерінен басқа жолтабандары 1000 мм және 750 мм темір жолдар да бар. Бұл жүктерді бір вагондардан екіншіге ауыстырып тиеу және бір жолтабан тіркемелерін жолаушылар вагондарының басқа тіркемесіне ауыстыру қажеттігін тудырады (жолтабандары 1520 және 1435 мм теміржолдар түйісінде).
Ақтарма жүктерді қайта жүктеу үшін жоғары жолдарды, эстакадаларды, вагон аударғыштарды пайдаланады. Доңғалақ жүктері мен өзі жүретін машиналар үшін қайта жүктеу платформалары. Ыдыс жүктері үшін – жабық қоймалар. Қажетті жағдайларда құймалы жүктерді қайта жүктеу үшін құрылғыларды жабдықтайды және т.б.
Жекеленген және ыдыстағы жүктерді қайта тиеу үшін жабық және ашық биік платформаларды қолданады. Көлемі шағын болса, бүйірлік платформаларды қолданады, онда табаны 1520 мм және тар 1000 мм немесе 1435 еуропалық табандар кезекпен беріледі. Платформамен қатар табаны 1520 және 1435 мм болатын төрт тінді және табаны 1520 және 1000 (750) мм үш тінді біріккен жол. Қайта жүктеудің айтарлықтай көлемі кезінде аралас платформалар орнатады. Бұл жағдайда платформаның екі жағынан табаны әр түрлі жол салынады және вагондар бір мезгілде беріле алады, бұл вагоннан вагонға қайта тиеу жүргізуге мүмкіндік береді. Платформалар ені механикаландыруды ескергенде 3 бастап 10 м дейін.
Бағалы жүктер ішкі жолдар енгізілген жабық қоймаларға қайта жүктеледі. Тез бұзылатын жүктер ғимарат ішінде ауа температурасы мен ылғалдылығын реттейтін жабдығы бар жабық қоймаларда сақталады.
Салмағы ауыр және контейнер жүктерін көпірлік крандармен, темір жолда жүретін жебелі крандармен және консольдерінің астына табаны әр түрлі жолдар төселетін екі консольді төрт тағанды крандармен қайта жүктейді.
Астықты жүктерді ең алдымен таспалы конвейерлердің көмегімен төмен алаңдарға қайта жүктейді, сонымен қатар шанақты эстакада қолданады. Көмір мен руданы қайта жүктеу үшін грайферлері бар темір жолда жүретін крандар, жоғары жолдар, шанақты және шанақсыз эстакалар қолдануға болады.
Импорттық жүктерді қайта тиеуге арналған сыртқы қайта жүктеу станцияларында кедендік операцияларды, контейнерлерді, контрейлерді басқа елге жіберу операцияларын жүргізуді қамтамасыз ететін құрылғылар, сонымен қатар ауыстырып отырғызбайтын (доңғалақ жұптарды ауыстыру бекеттері) жолаушылар қозғалысын қамтамасыз ететін бекеттер болуы тиіс. Жұмыс сипаты мен көлемдеріне қарай қайта жүктеу станцияларын парктар мен қайта жүктеу құрылғыларын параллель, біртіндеп немесе аралас орналастыру арқылы орнатады.
Қайта жүктеу станциясында қабылдап-жөнелту паркі, сұрыптау паркі қарастырылады, локомотивтер мен вагондардың жөндеу құрылғыларына арналған жабдықтау құралдарын орналастыруға болады. Жолаушылар вагондары үшін техникалық парктер, жөндеу-жабдықтау депосы, вагон жуу машинасы және тіркемелерді қайта қою бекеттері болуы мүмкін.
Достарыңызбен бөлісу: |