Дәрістер жинағы kkkzhN 307 «Көлік құрылыстары мен құрылғыларын жобалау негіздері» пәні 5В090100 – «Көлікті пайдалану және жүк қозғалысы мен тасымалдауды ұйымдастыру» мамандығы 6B11301 – «Көлікті пайдалану және жүк қозғалысы мен тасымалдауды


Станциялық жолдардың толық, пайдалы және құрылыстық ұзындығы туралы түсінік



бет18/27
Дата31.03.2023
өлшемі3,3 Mb.
#173459
түріБілім беру бағдарламасы
1   ...   14   15   16   17   18   19   20   21   ...   27
Байланысты:
ДӘРІСТЕР 2

2.7 Станциялық жолдардың толық, пайдалы және құрылыстық ұзындығы туралы түсінік

Станцияларды жобалау кезінде жолдардың толық, пайдалы және құрылыс ұзындығын ажыратады.


Өтпелі жолдың толық ұзындығы оған апаратын шеткі бұрмалы бағыттамалардың үшкілдері арасындағы қашықтық, ал тұйық жол – үшкілден тірекке дейінгі арақашықтық деп аталады.
Пайдалы - бұл жолдың толық ұзындығының бөлігі, оның шегінде көрші жолдарда қозғалыс қауіпсіздігін бұзбай жылжымалы құрамды орнатуға болады. Шекті қадамалар, шығу, маршруттық немесе айлалық бағдаршамдар, оқшаулағыш жіктер, бұрмалы бағыттамалардың үшкілдері және тұйық жолдардың тіреулері пайдалы ұзындықтың шекаралары болуы мүмкін. Жолдардың толық және пайдалы ұзындығын анықтаудың негізгі сұлбалары 2.1-кестеде келтірілген. Пайдалы ұзындықтарды практикалық анықтау үшін бұрмалы бағыттамалардың центрінен шектік қадамаларға, сигналдарға және оқшаулағыш жіктерге дейінгі арақашықтықты білу қажет. Жолдың пайдалы ұзындығы станцияларды жобалаудағы маңызды параметрлердің бірі болып табылады. Темір жолдарда 850, 1050, 1250, 1700 және 2100 м жолдардың стандартты пайдалы ұзындығы белгіленген.
Өнеркәсіптік және жүк станцияларының станциялық жолдарының пайдалы ұзындығы көрсетілген ұзындықтан аз, бірақ беріліс ұзындығынан кем болмауы мүмкін. Жолаушылар пойыздары үшін қабылдап-жөнелту және тұру жолдарының пайдалы ұзындығы перспективада ұлғаю мүмкіндігін ескере отырып, осы пойыздар құрамының ұзындығына сәйкес келуі тиіс.
Жолдың құрылыс ұзындығы осы жолда орналасқан бұрмалы бағыттамалардың жалпы ұзындығын шегергендегі толық ұзындықтың бөлігі деп аталады:


, (2.24)
мұндағы –1/9 және 1/11 маркалы бұрмалы бағыттамалардың саны;
– 1/9 және 1/11 маркалы бұрмалы бағыттамалардың ұзындығы;
– жолдың толық ұзындығы.
Құрылыс ұзындығы станциялық жолдарды салу үшін рельстер мен шпалдарға қажеттілікті анықтау кезінде қажет.

Кесте 2.1


Жолдардың толық және пайдалы ұзындығын анықтауға арналған негізгі сұлбалар



Қарастырылатын жағдайлар

Сұлбалар

Жол ұзындығы

толық

пайдалы

1-ші
Өтпе жолдары:

а) шығу сигналдары жоқ болған жағдайда;


б) шығу сигналдары бар болған жағдайда






Бұрма үшкілдерінің арасында
Сондай

Шекті қадамалар арасында
Шекті қадама және шығу сигналының арасында

2-ші
Тұйық жолдар:

а) қарсы бағытты бағыттама


б) бағыттас бағыттама










Тіреуден бастап бұрма үшкілдерінің басына дейін




Сондай

Тіреуден бастап бұрма үшкілдерінің басына дейін


Тіреуден бастап шекті қадамаға дейін



3-ші
Өтпелі және тұйық жолдар





1, 2-ші жағдайларды қараңыз

№ 1 жол үшін оқшауланған жіктер (ОЖ) арасында, басқалары үшін 1, 2-жағдайларды қар.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   14   15   16   17   18   19   20   21   ...   27




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет