Дәрістер жинағы kkkzhN 307 «Көлік құрылыстары мен құрылғыларын жобалау негіздері» пәні 5В090100 – «Көлікті пайдалану және жүк қозғалысы мен тасымалдауды ұйымдастыру» мамандығы 6B11301 – «Көлікті пайдалану және жүк қозғалысы мен тасымалдауды


Жекелеген пунктілердегі жер жабыны және жолдың жоғарғы құрылысы



бет21/27
Дата31.03.2023
өлшемі3,3 Mb.
#173459
түріБілім беру бағдарламасы
1   ...   17   18   19   20   21   22   23   24   ...   27
Байланысты:
ДӘРІСТЕР 2

2.10 Жекелеген пунктілердегі жер жабыны және жолдың жоғарғы құрылысы

Станциялардағы жер төсемі жергілікті жердің топографиялық түсірілімі, басты жолдардың бойлық профилі, құрылыс ауданының метеорологиялық ерекшеліктерін ескере отырып инженерлік-геологиялық ізденістер негізінде олардың жоспарларын әзірлеумен бір мезгілде жобаланады. Станция жер төсемін жобалаудың негізі СТНЦ-01-95 талаптарына сәйкес іздестіру материалдарының деректері бойынша әзірленетін көлденең профильдерді жобалау болып табылады.


Станциялардағы жер төсемінің ені жобаланатын жол дамуымен белгіленеді. Шеткі станциялық жолдардың осьтерінен жер төсемінің жиегіне дейінгі қашықтық желінің категориясына байланысты қабылданады: жартасты, ірі-кесек және құмды құрғатқыш топырақтар кезінде – 3,10 бастап 3,30 м дейін, ал басқа топырақтар кезінде – 3,55 бастап 3,80 м дейін.
Қарлы басқындарынан қорғау үшін станцияларды үйінділерде жобалау ұсынылады. Жартас және жай топырақтардан биіктігі 6 м дейінгі үйінділер еңістерінің тіктігі 1:1,5 қабылданады. Үйінділердің биіктігі 6-дан 12 м-ге дейін болғанда биіктігі 6 м жоғарғы бөлігінде еңіс 1:1,5, ал төменгі бөлігінде - 1:1,75 болады. Жартасты топырақтардағы ойықтардың еңістерінің тіктігі 1:0,2-ден 1:1,5-ке дейін, ал ірі-кесекті, құмды және сазды топырақтарда - 1:1,5 құрайды.
Жобалау кезінде барлық жекелеген пункттерде жер үсті суларының сенімді бұрылуы қамтамасыз етілуі тиіс. Бұл жер төсемі мен балласттың бетіне су бұру құрылыстарына қарай көлденең еңіс беру арқылы жүзеге асырылады. Көлбеу мөлшері және бір беткейдегі жолдардың рұқсат етілген саны жер төсемі топырағының тұқымына, балласт түріне және климаттық аймаққа байланысты. Көлденең еңіс қабылданады: 0 – жақсы құрғатылатын топырақ кезінде, басқа жағдайларда – 10 ‰ және 20 ‰, ал бір беткейдегі жолдар саны – 8–10 дейін.
Станциядағы жолдардың санына байланысты жер төсемінің жоғарғы жағының көлденең сызбасы: бір беткейлі, екі беткейлі немесе ара тәріздес етіп жобаланады (2.23-сурет).
Бір беткейлі көлденең профильдер көбінесе құрғататын топырақтар және аралық жолаушылар платформасы болмаған кезде жолдар саны аз дара жолды желілердің разъездері мен аралық станцияларында қолданылады. Екі беткейлік көлденең профильдер қос жолды желілердің жекелеген пункттерінде және ірі станциялардың жеке орналасқан парктерінде жобаланады. Көлденең еңістер басты жолдардың аралығынан орналасады. Ара тәрізді көлденең профиль, әдетте, сұрыптау парктерінде көптеген жолдары бар алаңның едәуір енінде қолданылады. Бұл ретте төменгі белгілері бар жол аралықтарында науаның түбі бойынша кемінде 2 ‰ еңістері бар және жер төсемінен тыс көлденең шығулары бар жабық бойлық су бұрғыш науалар салынады. Бұдан басқа, станция алқымындағы орталықтандырылған бұрмалы бағыттамалардан және жолаушылар платформаларынан су бұрғыштар жобаланады.
Су бұрғыш жыралар станция үйіндіге орналасқан кезде таулы жағынан, ал кюветтер – ойықтың екі жағынан орнатылады. Түбі бойынша арықтар мен кюветтердің ені тиісінше – 0,6 және 0,4 м, ал тереңдігі – 0,6-дан 1,5 м-ге дейін. 1,5 м-ге жақын тереңдікке жеткен кезде климаттық жағдайларға және су жинау ауданына байланысты 0,75; 1,0; 1,5; және 2,0 м тесікпен көлденең су өткізу құбырларын қарастыру қажет.

а – бір беткейлі, бір жолды жекелеген пункттерде; б – екі беткейліекі жолды желіледің жекелеген пункттерінде; в – ара тәрізді, ірі Станцияларда және жолдар саны үлкен парктерде

2.23 - сурет - Станциялардағы жер төсемі мен балласт қабатының көлденең профильдері




Станциялық жолдардың жоғарғы құрылысының қуаты желі категориясына байланысты қабылданады. Станциялардағы басты жолдарды аралықтағыдай типті рельстермен төсеген жөн; қабылдап-жөнелту жолдарын - бас жолдарға төселетіндерден бір типке төмен рельстермен немесе сол типтегі ескіге жарамды рельстермен.
Сұрыптау, тартым, тиеп-түсіру, деполық және басқа да станциялық жолдарда Р50-ден төмен емес типті ескі жарамды рельстерді, ал вагондардың тежеу аймағының шегінде сұрыптау парктерінің дөңестік алқымында Р65-тен төмен емес рельстерді төсеген жөн.
Басты жолдардың 1 км-дегі шпалдар саны аралықтардың басты жолдарындағыдай болуы тиіс:

  • жолдың түзу учаскелерінде және радиусы 1200 м – ден асатын қисықтарда - 2000 шп./ км жүрдек, ерекше жүктелген және I категориялы желілерде; 1840 шп./км II, III, IV категориялы желілерде;

  • радиусы 1200 м-ден аз қисықтарда - 2000 шп./км ерекше жүктелген, I, II категориялы желілерде; 1840 шп./км III және IV категориялы желілерде.

Қабылдап-жөнелту жолдарында, сұрыптау дөңестерінде және сұрыптау парктерінде 1840 шп./км ұсынылады, ал басқа жолдарда – 1600 шп./км.
Станциялардың басты жолдарындағы балласт түрі мен балласт қабатының қалыңдығы аралықтағыдай қарастырылады. Қабылдап-жөнелту және басқа да станциялық жолдарда асбест, қиыршықтас, қиыршықтас-құм және құм балластарынан жасалған бір қабатты балласты призма ұсынылады.
Басты жол осінен балласт призмасының еңісіне дейінгі қашықтық аралықтағы сияқты 1,73-тен 1,93 м-ге дейін қабылданады; ал қабылдап-жөнелту жолдарында – 1,55 м. Қабылдап-жөнелту жолдарындағы балласттың қалыңдығы бас жолдардағы балласттың түріне, жер төсемі топырағының түріне және желі санатына қарай жартасты топырақтардан жасалған жер төсемінде 25 см мөлшерінде және сазды топырақтардан жасалған жер төсемінде 30 см мөлшерінде қабылданады. Станциялық жолдардағы балласт қабатының бетін ағаш шпалдардың жоғарғы төсегінен 3 см төмен және темірбетон шпалдардың ортаңғы бөлігінің үстімен бір деңгейде жобалау керек.
Ені 6,5 м дейінгі станциялық жолдардың аралықтарын балластпен толтыру керек; ені үлкен болған кезде балласт қабатын жоларалық кеңістіктен суды бұруды қамтамасыз ете отырып, бөлек жобалауға рұқсат етіледі.
140-200 км/сағ жылдамдықпен жолаушылар пойыздарын өткізу көзделген станциялардың бас жолдарындағы бұрмалы бағыттамалары 1/11 маркалы Р65 үлгісінде төселуі тиіс; бүйірлік жол бойынша жолаушылар пойыздарын қабылдау және жөнелту үшін – 1/11–1/9; бүйірлік жол бойынша жүк пойыздарын қабылдап-жөнелту үшін – 1/9 және симметриялық – 1/6; біріктіру және өзге де станциялық жолдарда – 1/9 және симметриялық – 1/6. 1/18 және 1/22 маркалы бұрмалы бағыттамаларды пойыздарды тоқтаусыз өткізу үшін, басты жолдар тармақталғанда және жол тораптарында орналастыру ұсынылады.
Басты және қабылдап-жөнелту жолдарындағы және дөңес маңы мен дөңес асты алқымдарындағы, сондай-ақ электрлік орталықтандырумен жабдықталған бұрмалы бағыттамалар мен бағыттамалы көшелерді су бұруды қамтамасыз ете отырып, шағылтасты немесе асбесті балластқа салу ұсынылады.
Жапсарлас бұрмалы бағыттамалардың арасында ұзындығы кемінде 12,5 м, ал қиын жағдайларда – 6,25 м тік вставкаларды қарастыру қажет; бас жолдарда 140 км/сағ артық қозғалыс жылдамдығы кезінде осы вставкалардың ұзындығы тиісінше 25,0 және 12,5 м болуы тиіс.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   17   18   19   20   21   22   23   24   ...   27




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет