Дәрістер жинағы kkkzhN 307 «Көлік құрылыстары мен құрылғыларын жобалау негіздері» пәні 5В090100 – «Көлікті пайдалану және жүк қозғалысы мен тасымалдауды ұйымдастыру» мамандығы 6B11301 – «Көлікті пайдалану және жүк қозғалысы мен тасымалдауды


Станциялық жолдардың сыныпталуы. Станциялық жолдар мен бұрмалы бағыттамалардың нөмірленуі



бет22/27
Дата31.03.2023
өлшемі3,3 Mb.
#173459
түріБілім беру бағдарламасы
1   ...   19   20   21   22   23   24   25   26   27
Байланысты:
ДӘРІСТЕР 2

2.11 Станциялық жолдардың сыныпталуы. Станциялық жолдар мен бұрмалы бағыттамалардың нөмірленуі

Станциялардағы темір жолдар екі топқа бөлінеді: Станциялық және арнайы тағайындалудағы.


Станциялық жолдарға станцияның шекараларындағы – бас, қабылдап-жөнелту, сұрыптау, тартым, жүріс, тиеп-түсіру, қою, деполық (локомотив және вагон шаруашылығы), біріктіру жолдары және өзге де жолдар жатады.
Басты станциялық жолдар аралықтар жолдарының жалғасы болып табылады. Қабылдап-жөнелту жолдары пойыздарды қабылдауға, тұрақтауға және жөнелтуге арналған. Сұрыптау жолдары вагондарды сұрыптау, жинақтау және пойыздарды қалыптастыру жоспарының тағайындаулары бойынша қалыптастыру үшін қолданылады. Тартым жолдарының тағайындалуы вагондар топтары мен тұтас құрамдарды ауыстыру бойынша айлалық жұмыс, сондай-ақ вагондармен сұрыптау жұмысы болып табылады. Тиеп-түсіру жолдары тиеп-түсіру процесінде вагондардың тұруына, ал қою жолдары – тиеуді және түсіруді күтіп вагондардың тұруына немесе құрамдарға қосу үшін жинауға арналған.
Ірі станцияларда біртекті операцияларды орындауға арналған жолдар парктер деп аталатын топтарға біріктіріледі. Қабылдау, жөнелту, сұрыптау, жылжымалы құрамның тұрақтануы, вагондар мен локомотивтерді жабдықтау және т.б. парктері бар.
Арнайы тағайындалымдағы жолдарға кәсіпорындардың, карьерлердің және т.б. кірме жолдары, сақтандырғыш және ұстап қалатын тұйықтар жатады.
Сақтандырғыш тұйықтар жылжымалы құрамның пойыздардың жүру маршруттарына шығуының алдын алуға, ал ұстап қалатын тұйықтар – пойыз станциясының алдында тоқтауға немесе ұзақ түсіру бойынша қозғалыс кезінде басқаруын жоғалтқан пойыздың бір бөлігіне арналған. Сақтандырғыш тұйықтардың пайдалы ұзындығы, әдетте, 50 м-ден кем емес, ал ұстап қалушылар – есеппен белгіленеді.
Станциялардағы басты жолдар рим цифрларымен нөмірленеді (I, II, III, IV): тақ бағытта – тақ санмен, жұп бағыт бойынша – жұп санмен.
Қабылдап-жөнелту жолдары бас жолдардың нөмірінен кейінгі нөмірден бастап араб цифрларымен нөмірленеді, бұл ретте тақ пойыздарды қабылдауға арналған жолдар тақ сандармен нөмірленеді (3, 5, 7, 9), ал жұп пойыздарды қабылдауға арналған жолдар, – жұп сандармен (4, 6, 8, 10). Жұп және тақ пойыздарды қабылдау үшін пайдаланылатын қабылдап-жөнелту жолдарының саны аз станцияларда қабылдап-жөнелту жолдары жолаушылар ғимаратынан бастап дала жағына қарай басты жолдардың нөмірлерінен кейін реттік нөмірлермен нөмірленеді (3, 4, 5, 6, 7). Қозғалыс бағыттары бойынша жолдарды немесе пойыздарды қабылдау және жөнелту үшін бөлінген жекелеген парктердегі жолдарды мамандандыру кезінде жолдарды нөмірлеу оларға тақ немесе жұп пойыздарды қабылдауға байланысты жүзеге асырылады. Бұл ретте әрбір паркте әріптік белгі болуға тиіс (ЖҚЖП – жұп қабылдап-жөнелту паркі, ТҚЖП – тақ қабылдап-жөнелту паркі, С – сұрыптау паркі, СЖ – сұрыптап-жөнелту паркі).
Дөңестік сұрыптау станцияларының сұрыптау парктерінің жолдары екі араб цифрымен нөмірленеді, олардың біріншісі - шоғыр нөмірі, ал екіншісі - шоғындағы жол нөмірі.
Парктердің құрамына кірмейтін қалған станциялық жолдар да парк жолдарының соңғы нөмірінен кейінгі келесі нөмірден бастап араб цифрларымен рет-ретімен нөмірленеді.
Жолаушылар ғимараты жоқ сұрыптау және жүк станцияларында жолдар бас жолдардан бастап, солдан оңға қарай көлденең бағытта (километр есебі бағытына бағдарланғанда) нөмірленеді.
Бұрмалы бағыттамалар станциялардың немесе парктердің кіру бұрмалы бағыттамаларынан бастап тақ пойыздардың келу жағынан реттік тақ нөмірлермен, жұп пойыздардың келу жағынан – реттік жұп нөмірлермен нөмірленеді.
Үлкен жол дамуы бар станциялардағы бұрмалы бағыттамалар жұмыс сипаты бойынша біртекті жеке парктер немесе жолдар топтары бойынша нөмірленеді. Жекелеген парктер немесе жолдар топтары бойынша бұрмалы бағыттамаларды нөмірлеу кезінде әрбір паркке бұрмалы бағыттамалардың жүздеген нөмірлері беріледі (мысалы, А паркіне – 100 бастап 199 дейінгі нөмірлер және т.б.).
Бір бағыттама көшеде жатқан бұрмалы бағыттамалардың, сондай-ақ қосарланған бұрмалы бағыттамалардың (съездердің) үздіксіз нөмірленуі болуы тиіс (мысалы, 5, 7; 9, 11).
Парктердің құрамына кірмейтін жолдардағы бұрмалы бағыттамалар1-ден 99-ға дейінгі реттік нөмірлермен нөмірленеді.
Тақ жағын жұп жағынан бөлетін шекара ретінде қабылданады:
– шағын жол дамуы бар жекелеген пункттерде - жолаушылар ғимаратының осі;
– жолаушылар ғимаратының орталық орналасуы жағдайында үлкен жол дамуы бар станцияларда - осы ғимараттың осі; ғимарат орталықта орналаспаған жағдайда - жолдың дамуына қатысты орталықта орнатылатын станцияның көлденең осі;
– жеке парктер немесе жолдардың біртекті топтары бойынша нөмірлеу кезінде - осы парктердің немесе жолдар топтарының ортасы.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   19   20   21   22   23   24   25   26   27




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет