Дәрістер жинағы kkkzhN 307 «Көлік құрылыстары мен құрылғыларын жобалау негіздері» пәні 5В090100 – «Көлікті пайдалану және жүк қозғалысы мен тасымалдауды ұйымдастыру» мамандығы 6B11301 – «Көлікті пайдалану және жүк қозғалысы мен тасымалдауды



бет23/27
Дата31.03.2023
өлшемі3,3 Mb.
#173459
түріБілім беру бағдарламасы
1   ...   19   20   21   22   23   24   25   26   27
Байланысты:
ДӘРІСТЕР 2

3 АРАЛЫҚ СТАНЦИЯЛАР


3.1 Аралық станциялардың негізгі ережелері мен схемалары

Аралық станциялар – бөлім бекеттерінің кеңірек таралған түрі. Оларда келесі операциялар орындалады:


- жүк және жолаушылар поездарын өткізу;
- аялдамасы бар поездарды қабылдау және жөнелту;
- жолаушыларды отырғызу және түсіру;
- жүк құжаттарын ресімдей отырып жүктерді тиеу, түсіру және сақтау;
- багажды қабылдау, беру және сақтау;
- құрама поездар вагондарын тіркеу және ағыту, ал кейбір жағдайларда жөнелту маршруттарын қалыптастыру;
- поезд жолдары вагондарын әкелу және әкету;
- ақтарма жүктердің айтарлықтай көлемі кезінде вагондарды өлшеу.
Барлық осы операцияларды қауіпсіз және уақытылы орындау үшін аралық станцияда құрылғылардың келесі кешені болады:
- басты жолдардан басқа, қабылдау-жөнелту, тиеу-түсіру, маневрлік жұмыстар үшін тартымдық жолдар, жете беріс жолдар түйіскен жағдайда сақтандырғыш тұйықтар мен басқа жолдар енетін жол дамуы;
- платформалары мен басқа да жолаушылар құрылғылары бар жолаушылар ғимараттары;
- қойма ғимараттары, тиеу-түсіру алаңдары мен механизмдері;
- нұсқама орындар, байланыс құрылғылары және СЦБ, электрмен жабдықтау, жарықтандыру және сумен қамту.
Қолданыстағы желілерде аралық станциялар 15-20 км қашықтықта орналасады. Жаңа станциялар 4-60 км қашықтықта орналасады. Қабылдап-жөнелту жолдары мен жүк құрылғыларының орналасуына байланысты аралық сатнцияларды үш: қабылдап-жөнелту жолдары бойлық, жартылай бойлық және көлденең орналасқан негізгі типке бөледі.
Қосымша түрде станциялар басты және қабылдап-жөнелту жолдарының саны, жүк құрылғыларының орналасуы мен дамуына, жете беріс жолдардың түйісуінің болуы бойынша бөлінеді.


3.2 Аралық станциялардағы жолдар саны


Басты жолдардың саны поездар қозғалысы бойынша байланыс тәсіліне байланысты бір жолды немесе екі жолды теміржол желісінің қолма-қол өткізу қабілетімен теміржол учаскесінің қажетті өткізу қабілетін (қажетті резервті ескере отырып) салыстырумен айқындалады.
Қажетті өткізу қабілетін келесідей анықтауға болады
, (3.1)

мұнда – параллельді кереген кезіндегі поездар қозғалысының (жұп) өлшемі;


r - өткізу қабілетін толтырудың рациональды деңгейі 0,8 қабылданады.
Параллель кестедегі поездар жұпындағы қозғалыстың келтірілген өлшемдері қозғалыстың берілген мөлшерлерінің негізінде белгіленеді:


, (3.2)


мұндағы – сәйкесінше жүк,жолаушы және құрама поездар жұбының саны;
– бір жолаушылар және бір құрама поездар тиісінше кестеден қанша жүк поездары алынып тасталатынын көрсететін алып тастау коэффициенттері (есептеулер үшін қабылдауға болады және ).
Алынған қажетті өткізу қабілеті аралықтың өткізу қабілетімен салыстырылады. Автобұғаттауда тәулігіне поездар саны 42 жұптан кем, ал жартылай автобұғаттауда 30 жұптан кем болғанда станцияда бір басты жол қабылданады; автобұғаттауда тәулігіне 42 – ден жоғары 144 жұп поезд және жартылай автобұғаттауда тәулігіне 30-дан жоғары 72 жұп поезд-екі басты жол.
Аралық станциялардағы қабылдау-жөнелту жолдарының саны қажетті өткізу қабілетіне байланысты да белгіленеді:
- дара жолды желілерде: параллель кестедегі поездардың 24 жұбы және одан кем болғанда – бас жолдан басқа 2 жол;
- өткізу қабілеті 24 жұптан асатын қос жолды желілерде-2-ден 3 жолға дейін.
Торап алдындағы станцияларда, сондай-ақ жүк жұмысы шоғырланған немесе жөнелту маршруттары қалыптастырылатын станцияларда қабылдау-жөнелту жолдарының санын жоғарыда көрсетілген саннан артық ұлғайту ұсынылады.
Станциядағы жолдардың жалпы саны:


, (3.3)

мұндағы – басты жолдар саны;


– қабылдап жөнелту жолдарының саны;
– қосымша қабылдап жөнелту жолдарының саны.
Аралық станцияларда маневрлік жұмыстарды жүргізу үшін құрамның ұзындығының жартысына тең пайдалы ұзындықтағы тарту жолы көзделеді.
Тиеу-түсіру операциялары жүк ауласында және кірме жолдарда жүргізіледі, олар үшін тиеу-түсіру және көрме жолдары салынады.
Станцияда поездар қозғалысының қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін сақтандырғыш және ұстап қалатын тұйықтар, түсіргіш және күзет бағыттамалары, башмак тастағыштар орнатылады.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   19   20   21   22   23   24   25   26   27




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет