«Павлодар вагон жөндеу депосы» өндірістік филиалының техникалық базасы
4
1.1
Кәсіпорын жұмысының бағыты
7
1.2
Цехтың жұмысын ұйымдастыру және тағайындау
10
1.3
Дифестоскопия кезінде қолданылатын жабдықтар
11
1.4
Дефектоскопиядан кейін жөндеуді ұйымдастыру
14
1.5
Доңғалақ жұптарын сынауға арналған жабдық
15
1.6
Жөндеу жұмыстарын орындау кезіндегі қауіпсіздік техникасы
18
Қорытынды
21
Пайданылған әдебиеттер тізімі
22
Kipicпe Вагондар өздерінің арналуына байланысты жүк және жолаушы болып екіге бөлінеді. Ұзаққа қатынайтын вагондар жолаушыларды 600 км-ден жоғары қашықтыққа тасымалдайды. Жолаушыларды қысқа қашықтықтарға тасымалдауда облысаралық қатынастағы вагондар пайдаланылады, олар орындықтармен жабдықталынады. Қала сырты қатынасындағы вагондар жолаушыларды қысқа қашықтықтарға тасымалдайды. Вагон-ресторандар жолаушыларға қатынау барысында тамақтануға мүмкіндік береді. Почталық, багаждық және почта-багаждық вагондар почталық жөнелтпелер мен багаждарды жолаушы жылдамдығымен тасымалдауға арналған. Арнайы жолаушы вагондарына келесі вагондар жатады: қызметтік, санитарлық, лаборатория-вагондары, клуб-вагондары ж.т.б. Жүктерді жабық вагондарда, жартылай вагондарда, платформаларда, цистерналарда, изотермиялық вагондарда тасымалдайды, және тасымалдаудың ерекше жағдайларын талап ететін жүктерді тасымалдау үшін арнайыландырылған вагондар. Бұл топқа ауырсалмақты және үлкен көлемді жүктерге арналған транспортерлар, автомашиналарға, цементке, малдарды, қалпына келтіру және өрт сөндіру поездарының вагондары және т.б. Вагондардың арналуына тәуелсіз, оларда келесі негізгі элементтер болады: қозғалмалы бөлік, рама, кузов, автоілініс және автотежегіш жабдықтары. Арбашасысыз вагондардың жылжымалы бөлімі екі донғалақ жұбына, төрт тербелмелі және тайғанау подшипникті буксаларға, серппелер және рессорларға, тежегіш бөлшектеріне және жылжымалы бөлшектерді өзара байланыстыратын және рамамен кузовты байланыстыратын бөлшектерге ие.